Қызмет көрсетушіні таңдау бойынша ашық тендер

Қызмет көрсетушіні таңдау бойынша ашық тендер

19.05.2015

Қосымша №4 Таңдау критерийлері

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нурбанк» АҚ Oracle бағдарламалық қамтамасыз етуінің стандартты техникалық қолдауын ұзарту және Oracle Database Enterprise Edition өнімінің лицензиясын сатып алу бойынша қызмет жеткізушісін таңдау үшін ашық тендер өткізетінін жариялайды:

  • Лот №1. Oracle бағдарламалық қамтамасыз етудің стандартты техникалық қолдауын ұзарту.
  • Лот №2. Oracle Database Enterprise Edition лицензиялары.

және ықтимал жеткізушілерді 2015 жылғы 28 мамырда сағат 14:30 Абай даңғылы 10В, «Галерея» бөлмесі мекенжайында орналасқан «Нурбанк» АҚ ғимаратында өтетін тендерге қатысуға шақырады.

Тендер түрі: ашық:

Тендер басталуы: 28-05-2015 14:30 сағ., мекенжайы: Абай даңғылы 10В, «Галерея» бөлмесі;

Ұсыныстарды жинақтау: 27-05-2015 17:00 сағ., мекенжайы: Абай даңғылы 10В, канцелярия;

Тендерге қойылатын талаптарға сәйкес келетін ықтимал жеткізушілер ғана қатыса алады:

  • Лот №1 — №4 Қосымша_Лот№1 Іріктеу критерийлері.
  • Лот №2 — №4 Қосымша_Лот№2 Іріктеу критерийлері.

Техникалық спецификация келтірілген:

  • Лот№1 — №1 Қосымша_лот№1-Oracle б.қ. үшін тех. спец.
  • Лот№2 — №1 Қосымша_лот№2-Лиц. тех. спец.

Тендерге қатысу үшін келесі құжат пакеттерін тапсыру қажет:

1 пакет: Заңдық құжаттама

1) тендерге қатысу үшін белгіленген формада өтініш, көрсетілген қосымшаға сәйкес қазақ/орыс тілдерінде;

2) құрылтай құжаттардың, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу куәлігінің нотариалдық расталған көшірмелері (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша есепке қою куәлігі);

3) лицензияның көшірмелері (түпнұсқасы салыстыру үшін) мемлекет лицензиялауға жататын қызмет бойынша (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер лицензиялауға жатса);

4) жеткізушінің өкілі - уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5) Тендерге қатысуға арналған жеткізушімен берілген сенімхат;

2 пакет: Қаржылық құжаттама

1) баға ұсыныстары;

2) заңды тұлғаның ішкі бақылау ережелеріне сәйкес толықтырылатын сауалнамалары, заңсыз алынған табыстарды заңдастыруға қарсы күрес мақсатында және «Нурбанк» АҚ лаңкестікті қаржыландыруға қарсы;

3) банктік деректемелерді, үміткердің банк алдындағы мерзімі өткен қарызының жоқтығын растайтын қызмет көрсетуші банктен анықтаманың түпнұсқасы;

4) бір жылға арналған заңды тұлғалар үшін қаржылық есептердің көшірмелері, п.б. мөрімен расталған, егер ол болса, жеке кәсіпкерлердің салық декларацияларының мөрімен расталған;

5) салық төлемдер бойынша берешектің жоқтығын растайтын жеткізушінің тіркеу орнындағы салық комитетінің анықтамасының түпнұсқасы;

6) жеткізушімен бұрын ынтымақтастықта болған заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері, ынтымақтастық тәжірибесін бағалауды және мінездемесін қамтитын, соның ішінде уақытылығы, міндеттемелердің орындалу толықтығы;

7) материалдық-техникалық базаның бар болуы туралы деректер;

8) үміткердің ЭТП-де тіркелгені туралы деректердің бар болуы (олар болған кезде);

9) Тендер өткізілгенге дейінгі 2 (екі) жыл алдындағы корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Алдыңғы екі жылдағы салық есебіндегі залалдар болған кезде, қатысушыға ұсынылатын тауардың/қызметтің бағасын негіздеу қажет (кейін халықаралық бизнес операциясының мақсаты болып табылатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер сатып алулары болса).

3 пакет: Басқа құжаттама

1) Лот №1 қызметтері тізімі, реті және мерзімдері;

Лот №2 техникалық спецификациялар, жеткізу шарттары, мерзімдері.

2) әлеуетті жеткізуші Лот №1 мен Лот №2 үшін әріптестің «Oracle» компаниясының алдындағы қарыздардың жоқтығы туралы хатты ұсынуы қажет.

3) өндіріс компанияларынан авторизация құжаттарының болуы:

  • Лот №1 Oracle лицензиялық б.қ. стандартты техникалық қолдауды ұзарту қызметтері бойынша құқықты растайтын құжаттармен;
  • Лот №2 Қазақстан Республикасы аумағында Oracle лицензиялық бағдарламалық өнімдерін тарату құқығын растайтын құжаттармен;

4) Лот №1 Oracle өнімдер бойынша сертификатталған мамандар саны туралы ақпарат (мамандар сертификаттарының көшірмелері);

5) Лот №1 үшін кемінде 5 жыл, ал Лот №2 үшін кемінде 2 жыл ұқсас қызметтерді жүзеге асыру бойынша ұсынылатын жеткізушінің нарықта жұмыс істеу мерзімін растайтын құжаттар

6) Жеткізу Лот №2 үшін тапсырыс берушінің мекенжайы бойынша бір мезгілде және толық көлемде жүзеге асырылуы тиіс.

Ықтимал жеткізуші өз тендерлік өтінімін дайындау және ұсыну бойынша барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы бұл шығындар үшін жауап бермейді және міндеттенбейді, тәуелсіз тендердің жүргізілу сипаты және нәтижелері.

Өз тарапынан, Банк Тендер комиссиясы потенциалды қызмет жеткізушілерінің немесе тендерлік өтінімдердің қарауын, бағалауын және салыстыруын ресми қатыспайтын кез келген басқа тұлға қатысындағы ақпаратты ашпау құқығына ие болады.

«Нурбанк» АҚ тендерді жою немесе кейінге қалдыру құқығын сақтай алады, тендерлік өтінімдерді ұсынған ықтимал жеткізушілерді тендерді тоқтату немесе жаңа өткізу мерзімін көрсету туралы хабардар ете алады.

Ықтимал жеткізуші өзінің өтінімін тендерлік өтінімдерді соңғы ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуді немесе қайтарып алуды құқылы.

Тендер жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе осындай қатысуды қажет етпейтін болса, уәкілетті тұлға тендерге қатыспаған жағдайда жүргізіледі.

Байланыс тұлғалары:

Және заңдық және қаржылық құжаттама пакеттерін қалыптастыру бойынша сұрақтарды Дайана Бекдайырқызы Адамбаеваға хабарласыңыз

Тел. 2599 710, ішкі 4624DAdambaeva@nurbank.kz

Техникалық тапсырма бойынша басқа құжаттама пакетін қалыптастыру бойынша сұрақтарды Алмас Арыстанұлы Жумадельдиновке

Тел. +7 (727) 2 502 998AZhumadeldinov@nurbank.kz