Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нурбанк» АҚ Oracle бағдарламалық жасақтамасының стандартты техникалық қолдауын ұзарту және Oracle Database Enterprise Edition өнімінің лицензиясын сатып алу қызметтерін жеткізушіні таңдау бойынша ашық тендер өткізілетіні туралы хабарлайды:
және әлеуетті жеткізушілерді 2015 жылғы 30 сәуірде 14:30 сағатта «Нурбанк» АҚ ғимаратында, Абая даңғылы 10В, «Галерея» бөлмесінде орын алатын тендерге қатысуға шақырады.
Тендер түрі: ашық:
Тендердің басталуы: 30-04-2015 14:30, мекенжайы: Абая даңғылы 10В, «Галерея» бөлмесі;
Ұсыныстар қабылдау мерзімі: 29-04-2015 17:00, мекенжайы: Абая даңғылы 10В, кеңсе;
Тендерге жарияланған өлшемдерге сай келетін әлеуетті жеткізушілер жіберіледі:
Техникалық сипаттама келтірілген:
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар топтамаларын ұсыну қажет:
1 топтама: Заңды құжаттар
1) Бұл хаттың №2 Қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы тендерге қатысуға өтінім, қазақ/орыс тілдерінде;
2)ғынотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының көшірмелері, заңды тұлғаның тіркеу/қайта тіркеу куәлігі (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша есепке алу туралы куәлік);
3) мемлекеттің лицензияланатын қызмет түрлері бойынша лицензия көшірмелері (тексеру үшін түпнұсқа) (егер тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алуда қызмет лицензиялауға жатса);
4) жеткізушінің өкілі - уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың натариалды куәландырылған көшірмесі;
5) уәкілетті тұлғаға тендерге қатысуға жеткізушінің сенімхаты;
2 топтама: Қаржылық құжаттар
1) баға ұсыныстары;
2) кірістерді (ақшаны жуу) заңдастыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау ережелеріне сәйкес толтырылған заңды тұлға сауалнамасы, «Нурбанк» АҚ терроризмді қаржыландыру шаралары;
3) өтініш берушінің банк алдындағы қарызының жоқтығын растайтын қызмет көрсететін банктің деректемелерін растайтын анықтама түпнұсқасы;
4) заңды тұлғалардың бір жылға қаржылық есеп берулерінің көшірмелері, заңды тұлғаның мөрімен расталған, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларациялары, мөрмен расталған, егер ол болса;
5) салықтарды төлеу бойынша қарызының жоқтығы туралы жеткізушінің тіркеу орнындағы Салық комитетінен анықтама түпнұсқасы;
6) бұрын жеткізушімен ынтымақтастықта болған заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің, тәжірибесін бағалау мен сипаттайтын ұсыныстар мен пікірлердің көшірмелері, оның ішінде уақытында орындау, міндеттердің толыққтылығы және т.б. (болған жағдайда);
7) материалдық-техникалық база туралы мәліметтер;
8) өтініш берушінің ЭТП-да тіркелуі туралы ақпараттың бар болуы (болған жағдайда);
9) Тендер өткізілгенге дейінгі 2 (екі) жылға корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Алдыңғы екі жылға салық есебінде шығындар болған жағдайда қатысушы ұсынылған тауарлар/қызметтердің бағасын дәлелдеу қажет (сатып алу жұмыстар/қызметтер, олар кейіннен халықаралық іскерлік операцияның нысаны болып табылады).
3 топтама: Басқа құжаттар
1) Лот №1 қызметтерінің тізімі, тәртібі және мерзімдері; техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, Лот №2 мерзімдері.
2) әлеуетті жеткізуші Лот №1 және Лот №2 үшін Oracle компаниясы алдындағы қарызының жоқтығы туралы серіктестің хатын ұсыну қажет.
3) әлеуетті жеткізушілерде өндіруші компаниялардың авторизациялық құжаты бар болуы:
4) Лот №1 Oracle өнімдері бойынша сертификатталған мамандардың санын растайтын мәліметтер (мамандардың сертификаттарының көшірмелері);
5) Лот №1 үшін осындай қызметтерді 5 жылдан кем емес, Лот №2 үшін 2 жыл бойы нарықта ұқсас қызметтерді көрсету туралы әлеуетті жеткізушінің жұмыс мерзімін растайтын құжаттар
6) Лот №2 үшін жеткізу тапсырыс берушінің мекенжайында біржолата және толық көлемде жүргізілуі тиіс.
Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындау және беру кезінде барлық шығындарды өзіне алады, ал Банк және тендерлік комиссия тендер жүргізу сипатына қарамастан, осы шығындар үшін жауап бермейді және міндеттемелерді мойнына алмайды.
Өз тарапымыздан тендерлік комиссия Банктің өтінімдерді қарастыратын, бағалайтын және салыстыратын бөлімдеріне қатыспаған кез келген тұлғаға және қызметтерді жеткізушілерге тендерлік өтінімдерді талқылауға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты жарияламауға құқылы екенін айта кеткіміз келеді.
«Нурбанк» АҚ тендерді жазбаша түрде ұсынған өтінімдерді жіберген әлеуетті жеткізушілерге тендердің күшін жою немесе күшін жойған жағдайдағы жаңа мерзім туралы хабарлағанға дейін өткізілуін кейінге қалдыру туралы хабарламай, оны өткізуге құқылы.
Әлеуетті жеткізуші өз өтінімін тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Тендер қатысады немесе егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспаса, қызмет көрсету жеткізушісінің уәкілетті тұлғасы қатыспаса.
Байланыс тұлғалары:
Заңды және қаржылық құжаттар бойынша топтамаларды қалыптастыру мәселелері бойынша Адамбаева Диана Бекдайыровна
Тел. 2599 710 iшкі. 4624 DAdambaeva@nurbank.kz
Техникалық тапсырма бойынша басқа құжаттама бойынша топтаманы қалыптастыру мәселелері бойынша Жумадельдинов Алмас Арыстанович
Тел. +7 (727) 2 502 998 AZhumadeldinov@nurbank.kz