Құрметті ханымдар мен мырзалар,
«Нурбанк» АҚ 2014 жылғы 18 желтоқсаннан бастап келесі екі лотқа әлеуетті жеткізушіні таңдау бойынша ашық тендер өткізілетінін хабарлайды.
Лот №1. Төлем терминалдары және олардың техникалық қызмет көрсету
Лот №2. Төлем терминалдарына арналған бағдарламалық қамтамасыз ету және оның сервистік қызмет көрсетуі
Тендер нысаны төлем терминалдарын жеткізу келісімшартына ең жақсы ұсыныс жасау болып табылады.
Тендер түрі: ашық
Сауда басталуы: 18.12.2014 ж. сағат 14:30, мекен-жайы: Абылай хан даңғылы 51-53, 5 қабат, үлкен конференц зал
Сауда аяқталуы: 18.12.2014 ж. сағат 18:00
Ұсыныстарды жинау мерзімі: 17.12.2014 ж. 12:00, мекен-жайы: Абылай хан даңғылы 51-53
Нарықтағы жұмыс өтілі: кемінде 5 жыл
Сервистік орталықтардың болуы: міндетті
Сертификатталған мамандардың болуы: міндетті
Жеткізу шарттары: DDP
Алдын ала төлем шарттары: 50%-дан аспауға тиіс
Жеткізу/орнату мерзімі: 45 күнтізбелік күннен аспауға тиіс
Кепілдік мерзімі: кемінде 12 ай
Тендерге келесі талаптарға сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілер жіберіледі:
- кәсіби біліктілік пен жұмыс тәжірибесіне ие болу, жеткізу шартына сәйкес міндеттемелерін орындауға қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарымен қамтылған
- төлем қабілеттілігі бар, жойылуға ұшырамаған, оның мүлкіне тыйым салынбаған, оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатылмаған
- ұсынылған төлем терминалдары өндіруші зауытта сынақтан өткен және қойылатын техникалық талаптарға сәйкес
- жеткізілген бағдарламалық қамтуға бағдарлама лицензиясының құны кіреді
- барлық қажетті бағдарламалық компоненттерді қосқанда, бағдарламалық қамтамасыз ету лицензиялауы тиіс
- жеткізуші елінің заңнамасына сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану құқығын растайтын құжаттарды ұсынады
- сатып алынған төлем терминалдарын ең жақсы төлем шарттары бойынша жеткiзедi
- сатып алынатын төлем терминалдарын орнатылатын жерге қосымша төлемсіз DDP жеткізу шарттарымен ең қысқа мерзімде жеткізеді
- банк қызметкерлерін төлем терминалдарымен жұмыс бойынша тегін оқытады
- өндіруші сертификатын және жабдықтарды жеткізу және кепілдік ету құқығы туралы өндіруші өкілетті хатын ұсынады
- өндіріс жабдығынан қауіпсіздік жөнінде упольномоченные хаттары мен сертификаттары бар
- қатысушы компания қызметкерлерінің төлем терминалдары бойынша оқытылған/қатысу сертификаттарын ұсынады
- төлем терминалдарына кепілдік қызмет көрсетуді (тегін негізде) кемінде 1 жыл мерзімде қамтамасыз етеді
- бағдарламалық қамтамасыз етудегі қателерді (тегін негізде) түзетуді 1 жыл мерзімде қамтамасыз етеді
- пост-гарантиялық қызмет көрсетудің ең жақсы шарттарын ұсыну
- Алматы қаласы және төлем терминалдары жеткізілетін аймақтарда кепілдік қызмет көрсету бойынша сервис орталығы немесе сервистік серіктесі бар (атауы, мекен-жайы, байланыс ақпаратын көрсетулері қажет)
- Қазақстан Республикасының шегіндегі ірі табысты жобалар бойынша ұсыныстар ұсынуға
- сервис қызмет көрсету бойынша бес жылға арналған жеңілдік жүйесін, баға саясатын
- техникалық қызмет көрсету бойынша бес жылға арналған жеңілдік жүйесін, баға саясатын
- потенциальді жеткізуші өз тендерлік ұсынысын дайындауға және тапсыруға байланысты барлық шығындарды өтейді, ал Банк пен тендер комиссиясы бұл шығындар үшін жауап бермейді немесе міндеттелмейді
Техникалық сипаттама және бағдарламалық өнімдердің сипаттамасы 1-қосымшада және 2-қосымшада көрсетілген.
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылуы қажет:
Құқықтық құжаттама:
- тендерге қатысу өтінімінің белгіленген нұсқамен бірге, Тендерге қатысу өтінімі қаз/орыс тілдерінде (3-қосымша);
- құрылтайшы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері, заңды тұлғаның тіркелген/қайта тіркелгені туралы куәлік немесе жеке кәсіпкерді тіркеу куәлігі (Жарғы, ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлік);
- мемлекет лицензиялаған қызметтердің бірі бойынша лицензия көшірмелері (тексеру үшін түпнұсқалары) (сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтердің қызметі лицензиялануы қажет болған жағдайда);
- конкурсант өкілінің құқықтарын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- жабдықтаушының өкілінің тендерге қатысуына сенімхат.
Қаржылық құжаттама:
- баға ұсыныстары;
- заңды тұлғаның, жеке кәсіпкердің, жекелеген тұлғалардың сауалнамалары, табыстарды заңсыз жолмен легализациялау (жуып шаю) және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету мақсатында ішкі бақылау Ережелері бойынша (4 және 5-қосымшалар);
- қызмет көрсететін банктен түпнұсқа анықтама, ол конкурсанттың банк алдында мерзімі өтіп кеткен берешегінің жоқтығын, қаржылай қаражаттарды басқаруда шектелмегендігін растайды;
- заңды тұлғалар үшін 2013 жылғы қаржылық есеп беру көшірмелері, заңды тұлғаның мөрімен расталған, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларациялары, мөрі болған жағдайда расталған
- конкурсанттың тіркелген жеріндегі Салық комитетінің салықтарды төлеу бойынша берешегінің жоқтығы туралы түпнұсқалық анықтама;
- бұрын конкурсантпен шарт жасасқан заңды тұлғалардың / жеке кәсіпкерліктердің ұсыныстар мен пікірлерінің көшірмелері, олар өнімдерінің орындалған уақыты мен толықтығы кіреді (қолда болған жағдайдаі);
- материалды-техникалық базаның болуы туралы ақпарат (қолда болған жағдайда);
- Тендер өткізілгенге дейінгі 2 жылдың корпоративтік табыс салығы бойынша декларация көшірмелері. Соңғы екі жылға дейінгі салықтық есепте шығындар болған жағдайда, қатысушы ұсынылған тауар / қызметтің бағасының дәйектемесін ұсынады (халықаралық іскерлік операция нысанына айналатын тауарлар / жұмыстар / қызметтер сатып алу кезінде).
«Нурбанк» АҚ Банкінің тендер комиссиясы әлеуетті қызмет жеткізушілеріне немесе тендерлік өтінімдерді қарап бағалауға ресми қатыспаушы тұлғасына тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру жөніндегі ақпаратты ашпауға құқылы.
«Нурбанк» АҚ Тендерге қатысушыларға арнаулы жазбаша хабарландыру арқылы тендерді тоқтатуға немесе кейінге қалдыруға құқылы.
Потенциалды қатысушы өз ұсынысын өткізіп алған соңғы күнге дейін өзгертуге немесе кері алуға тыс.
Ұсынылатын ұсыныстарға қойылатын талаптар:
Ұсыныстар құрамында мыналар болу қажет:
- Ұсынылып отырған жүйенің сипаттамасы;
- Серверлік ландшафттың толық сипаттамасы;
- Резервтік серверлерге көшу тәртібі;
- Лицензиялау схемасының сипаттамасы;
- Жүйені орнықтыру және сүйемелдеу бойынша баға ұсынысы;
- Резидент еместер үшін – салық салудың нюанстары мен салықтардың төлеу көзін көрсету
- Бағдарламалық өнімнің бастапқы кодын тапсыру ұсынысын;
- Банктың инфрақұрылымдық талаптары сипаттамасы және сандық көрсеткіштер негізінде паркоматикалық қуаттылықтардың қажеттілігін есептеу әдісі (транзакциялар саны, пайдаланушылар саны және т.б.);
- Жобаны іске асырудың хронологиялық жоспары және жобаға кірісе алу дайындығы туралы ақпарат;
- Бес жылға қызмет көрсету және техникалық жұмылдыру бойынша баға саясаты
- Ұқсас жобалардың сілтемелері және жобаның негізгі тәжірибесі туралы қысқаша сипаттамасы
- Жеткізуші және оның ресми өкілінің байланыс ақпараттары.
Байқау жеңімпазы анықтау критерийі:
Жеңімпазды анықтау кезінде баға, жеткізу мерзімі, техникалық сипаттама, әлеуетті жеткізушілерге қойылатын талаптардың сәйкестігі қарастырылады.
Қорытындылар «Нурбанк» АҚ-ның бекітілген қағидаларына сәйкес жасалады.
Конверттер ашылуына потенциалды жеткізушілердің өкілдері қатыса алады.•
Қажеттілікке қарай, потенциалды қатысушы тендерлік құжаттардың анықтамасын Линник Аннадан сұрастыруға құқылы, тел.: 8 (727) 259-97-10 (ішкі тел. 4618) ALinnik@nurbank.kz.
Ашық тендердің өткізілуіне сілтеме жасаған ұсыныстар уәкілетті тұлғалардан тек электрондық пошта арқылы қабылданады, кез келген таралған MS форматында (сканерленген құжаттар - rar файлдарында, өз коммерциялық ұсынысын Excel форматында).