Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нұрбанк» АҚ Бас Банкіне Дизель Генератор Қондырғысын сатып алу үшін ашық тендер жариялайды және жабдықты жеткізуге тендерге қатысу үшін әлеуетті жеткізушілерді шақырады, өткізілетін күні 06.11.2014 жылы 14:30 сағатта «Нұрбанк» АҚ ғимаратында, мекен-жайы: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 51/53, 5-қабат, үлкен конференц-зал.
Тендерге қатысуға өтінімдер, конверттерге салынып, «Нұрбанк» АҚ-на келесі мекенжай бойынша ұсынылады: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 51/53.
Тендерге осы хаттың № 4 Қосымшасында көрсетілген критерийлерге жауап беретін әлеуетті қызмет жеткізушілер жіберіледі.
Техникалық тапсырма және спецификация № 1 Қосымшада көрсетілген.
Тендер түрі: ашық:
Тендер басталуы: 06.11.2014 ж. 14:30 сағ., мекен-жайы: Абылай хан даңғылы, 51–53, 5-қабат, үлкен конференц-зал;
Ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 05.11.2014 ж. 12:00 сағ., мекен-жайы: Абылай хан даңғылы, 51–53
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар топтамасын ұсыну қажет:
1 топтама: Заңды құжаттама
1) тендерге қатысуға өтінім белгіленген үлгі бойынша № 2 Қосымшаға сәйкес;
2) құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаның тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша есепке алу туралы куәлік);
3) мемлекетпен лицензияланған қызметтің лицензиясының көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқа) (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер лицензиялауға жататын болса);
4) жеткізушінің өкілі — уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) тендерге қатысуға арналған жеткізушінің уәкілетті тұлғаға сенімхаты;
2 топтама: Қаржылық құжаттама
1) Заңды тұлғаның табысты заңдастыруға (ақшаны жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл ішкі бақылау Ережелеріне сәйкес толтырылған сауалнамалары;
2) талапкердің банк реквизиттерін растайтын, банктен қарыздық берешегінің жоқтығын көрсететін қызмет көрсетуші банктен анықтаманың түпнұсқасы;
3) заңды тұлғалардың бір жылға арналған қаржылық есептілігінің көшірмелері, заңды тұлғаның мөрімен расталған, жеке кәсіпкерлер үшін салықтық декларациялар, мөрмен расталған (бар болса);
4) салықтарды төлеу бойынша берешегінің жоқтығын көрсететін жеткізушінің тіркелген орны бойынша Салық комитетінің түпнұсқасының анықтамасы;
5) бұрын жеткізушімен ынтымақтастықта болған заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері, ынтымақтастық тәжірибесін, оның ішінде міндеттемелерді орындаудың уақытылығы мен толықтығын бағалайтын және сипаттайтын баға беруі (бар болса);
6) материалдық-техникалық базасының болу туралы мәліметтер;
7) баға ұсыныстары;
8) талапкердің ЭТС-де тіркелгендігі туралы мәліметтердің болуы (бар болса);
9) корпоративтік табыс салығы бойынша алдыңғы екі жылға арналған декларациялардың көшірмелері. Егер өткен екі жылда салық есебінде шығындар болса, қатысушы ұсынылатын тауар/қызмет бағасын негізге алу қажет (кейінірек халықаралық іскерлік операцияның пәні болатын тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алу кезінде).
3 топтама: Қосымша құжаттама
1) техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, кепілдік қызмет көрсету мерзімдері.
2) Алматы қаласында жеткізілетін жабдыққа кепілдік қызмет көрсету үшін сервистік орталықтың немесе сервистік серіктестің барын растау (атауы, мекенжайы, байланыс деректері көрсетілген ақпарат беру).
3) әлеуетті жеткізуші жабдықты өндіруші компаниядан сату және қызмет көрсету құқығын растайтын авторизациялық құжаттарды ұсынуы тиіс.
4) өндірушідан кем дегенде 2 сертификатталған маманның бар екенін растайтын құжаттар беру.
5) жеткізушінің қоймасында дизельді генератор қондырғысы бөлшектерінің болуын растау.
6) әлеуетті жеткізушінің нарықта кемінде 5 жыл жұмыс істегендігін растау.
Қосымша ақпарат пен ақпаратты Смирнов Владимир Владимировичтен ала аласыз тел. 2 599 710 ішкі. 5537.