Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нурбанк» АҚ Бас Банкі үшін Дизель Генератор Қондырғысын сатып алу бойынша ашық тендер өткізілетіндігін жариялайды және әлеуетті жеткізушілерді 2014 ж. 7 тамызда сағат 14:30 да «Нурбанк» АҚ ғимаратында, Алматы қ., Абылай хан даңғылы 51/53, 5 қабат, үлкен конференц-залда өтетін, жабдықты жеткізу бойынша тендерге қатысуға шақырады.
Тендерге қатысуға өтінімдер жапсырылған конверттерде, «Нурбанк» АҚ, Алматы қ., Абылай хан даңғылы 51-53-ке ұсынылады.
Тендерге тендердің осы хатқа № 4 Қосымшасында көрсетілген критерийлерге жауап беретін әлеуетті қызмет жеткізушілері рәсімделеді.
Тендер түрі: ашық:
Сауда-саттықтың басталуы: 2014 ж. 7 тамыз, сағ. 14:30-де, адрес: Абылай хан даңғылы 51-53, 5 қабат, үлкен конференц зал;
Сауда-саттықтың аяқталуы: 2014 ж. 7 тамыз, сағ. 18:00.;
Ұсыныстарды жинау мерзімі: 2014 ж. 6 тамыз, сағ. 12:00 дейін, адрес: Абылай хан даңғылы 51-53
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттерін ұсыну қажет:
1 пакет: Заңгерлік құжаттама
1) тендерге қатысу туралы өтініш белгіленген формада, осы хатқа №2 Қосымша сүйеніп;
2) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу куәлігі (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою куәлігі);
1. мемлекеттік лицензиялауға жататын іс-шараны жүргізу жөніндегі лицензияның (салыстыру үшін түпнұсқа) көшірмелері (сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер лицензиялауға жататын жағдайда);
4) өкілетті тұлғаның — жеткізуші өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) Тендерге қатысуға өкілетті тұлғаға жабдықтаушының сенімхаты;
2 пакет: Қаржылық құжаттама
1) «Нурбанк» АҚ-та заңсыз түрде алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл ішкі бақылау қағидаларына сәйкес заңды тұлғаның толтырылған анкеталары;
2) талапкердің банктік реквизиттерін растайтын, банк алдындағы мерзімі өткен қарызы жоқтығын растайтын қызмет көрсетуші банктен анықтама түпнұсқасы;
3) заңды тұлғалардың бір жылдық қаржылық есептік көшірмелері, заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, өзара кәсіпкерлер үшін салық декларациялары, бар болса мөрімен куәландырылған;
4) жеткізушінің салықтарды төлеу бойынша қарызы жоқтығы туралы тіркеу орны бойынша Салық комитетінің анықтамасы;
5) бұрын жеткізушімен серіктес болған заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің жазбаша пікірлері мен ұсыныстары, оның ішінде міндеттемелердің уақытылы орындалуы, толықтығы және басқа да маңызды факторларды қамтитын ескертулер (болған жағдайда);
6) материалдық-техникалық базаның болуы туралы ақпарат;
7) баға ұсыныстары;
8) Жалпы тендерлік алаңда тіркеу жөнінде мәліметтер (болған жағдайда);
9) Тендер өткізілгенге дейінгі 2 (екі) жыл ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Егер алдынғы екі жылдағы салық есебінде шығындар болса, қатысушы ұсынылып отырған тауар/қызметтің бағасын негіздеуін ұсынуы тиіс (кейін халықаралық бизнес операцияларының нысаны болып табылатын тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алу).
3 пакет: Өзге құжаттама
1) техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, кепілдік қызмет көрсету, мерзімдері.
Байланыс тұлғалары:
Коломиец Алексей Федорович, тел. 2 599 710 ішкі. 5626, 5565 akolomiyets@nurbank.kz
Смирнов Владимир Владимирович, тел. 2 599 710 ішкі. 5537 vsmirnov@nurbank.kz