Нұрбанк» АҚ филиалдары үшін кезек басқару жүйелерін сатып алу және монтаждау бойынша ашық тендер

Нұрбанк» АҚ филиалдары үшін кезек басқару жүйелерін сатып алу және монтаждау бойынша ашық тендер

20.06.2014

Қосымша №4. Заңды тұлғаның клиенттің сауалнамасы

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нурбанк» АҚ төмендегі қалалардағы филиалдарына кезек басқару жүйелерін сатып алу және жеткізу мен монтаждау қызметтері бойынша ашық тендер өткізілетінін жариялайды: Ақтау, Астана, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Орал, Шымкент.

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1. Осы хаттың қосымшасы 1 бойынша бекітілген нысандағы тендерге қатысуға өтінім, орыс/қазақ тілдерінде.

Тендерге қатысу өтінімі келесі критерийлерге сәйкес болуы тиіс:

1) келісімшарт/РИ жасау кезінде қажет негізгі шарттарды көрсетіңіз: тауар/жұмыс/қызмет атауы, тауар/жұмыс/қызметтің сапалық, техникалық сипаттамалары, бағасы, саны, тауарды жеткізу мерзімі/жұмыстарды орындау/қызметтерді көрсету шарттары және төлем шарттары;

2) өтінімнің түпнұсқасы денатурацияланбайтын сиямен басылған немесе жазылған болуы керек. Тендерлік өтінім үміткердің қолы қойылған және мөрі басылған (бар болса) әр беті нөмірленген, тігіліп жазылған түрінде келтіріледі және басқа тендерлік құжаттамадан бөлек конвертте мөрленуі мүмкін;

3) тендерлік өтінімдерді мемлекеттік немесе орыс тілдерінде дайындап және ұсынуға болады, тендерлік өтінімде көрінетін түзетулер болмауы тиіс.

2. Заңды тұлғаның тіркеу/қайта тіркеу куәлігі немесе жеке кәсіпкерді тіркеу куәлігін нотариалды куәландырылған көшірмелері;

3. Мемлекет лицензиялауға жататын әрекеттер бойынша лицензияның көшірмесі (сәйкестендіру үшін түпнұсқа);

4. Үміткердің банк деректемелерін растайтын, банкімен мерзімі өткен қарызы жоқ екендігін растайтын, ақшаны басқару бойынша шектеулер жоқ екендігін растайтын банктен анықтаманың түпнұсқасы;

5. 2013 жылғы заңды тұлғалар үшін қаржылық есептілік көшірмелері, заңды тұлғаның мөрімен расталған, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларациялары, мөрімен расталған, бар болған жағдайда;

6. Тіркелу орны бойынша Үміткердің салық комитетінен салық қарызының жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы;

7. Бұрын үміткермен ынтымақтастық жасаған заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлердің сипаттамаларын және ынтымақтастық тәжірибесі туралы пікірлерін, жауап берулерін қамтитын бағалау және тәжірибе сипаттамаларын қамтитын ұсыныстар және шолулар көшірмелерін ұсыну;

8. Материалдық-техникалық базаның бар болуы туралы мәліметтер (бар болса);

9. Үміткер өкілін – уәкілетті тұлғаны анықтайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

10. Үміткердің тендерге қатысу үшін уәкілетті тұлғаға берген сенімхат;

11. Баға ұсыныстары;

12. Тендер өткізуге дейінгі 2 (екі) жылға дейінгі корпоративтік табыс салығы декларацияларының көшірмелері. Екі жыл үшін салық есебінде шығындары болған жағдайда, қатысушы ұсынылған тауар/қызметтердің бағасын негіздеу қажет (кейіннен халықаралық іскерлік операцияның нысаны болып табылатын тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алу жөніндегі операциялар бойынша);

13. Қосымша 2-1, 3 бойынша бекітілген нысандағы заңды тұлға, жеке кәсіпкер анкеталарды толтыру;

14. Жеткізу шарттары, кепілдік қызмет көрсету мерзімдері, техникалық қызмет көрсету құны;

15. Құрылғылар/қызметтердің тапсырыс беруші талаптарына сәйкестігі туралы анкетаны толтыру;

16. Банк қызметкерлеріне арналған презентациялық материалдарды ұсыну және презентация өткізу (15-20 минут регламент).

Тендер түрі: ашық

Сауда-саттықтың басталу күні: 03-07-2014 14:30, Абылай хан даңғылы 51-53, 5-қабат, үлкен конференц-зал.

Сауда-саттықтың аяқталу күні: 03-07-2014 18:00

Ұсыныстарды жинау: 02-07-2014 18:00, дейін Абылай хан даңғылы 51-53

Нарықта жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл

Қызмет көрсету орталықтарының болуы: міндетті

Сертификатталған мамандардың болуы: міндетті емес

Жеткізу шарттары: DDP

Алдын ала төлем шарттары: 30%-тен аспауы керек

Жеткізу/монтаждау мерзімдері: келісімшарт жасалған күннен бастап 95 календарлық күннен аспауы керек

Кепілдік мерзімдері: кемінде 12 ай



Тендерге жеткізуші келесі шарттар орындалған жағдайда қабылданады:

1. жоғарыда аталған критерийлерге сай келу;

2. жеткізу орындары болып табылатын қалалардағы барлық орындарда кепілдік және сервис қызмет көрсету пункттері болуы;

3. сатып алынатын жабдық/монтаждау және баптау қызметтерін ең төмен бағада жеткізу;

5. сатып алынатын жабдық/монтаждау және баптау қызметтерін ең қысқа мерзімде жеткізу;

6. Банк филиалдарына жеткізу үшін қосымша ақы талап етпей, қажетті жабдықты жеткізу;

7. жабдық өндірушілерінен немесе дистрибьюторларынан авторизациялық хаттар мен сертификаттардың болуы.

Потенциалды жеткізушілердің өкілдері өтінімдерді ашу кезінде өкілеттіктерін растаған жағдайда қатыса алады.

Байланыс тұлғасы:

Гутова Ирина Владимировна

Тел. +7 (727) 2 599 710 ішкі. 5043, моб. +7 777 1 666 444, igutova@nurbank.kz

Жоғарыда келтірілген құжаттарды Гутова Ирина Владимировнаға жіберулеріңіз сұралады.