Көшіру-көбейту техникасына арналған шығыс материалдарын жеткізушіні таңдау бойынша тендер

Көшіру-көбейту техникасына арналған шығыс материалдарын жеткізушіні таңдау бойынша тендер

13.06.2014

Қосымша №6. СМЖ сауалнама

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

АҚ "Нурбанк" көшіру-көбейту техникасына арналған шығыс материалдарды жеткізушіні таңдау және көшіру-көбейту техникасын қызмет көрсету бойынша ашық тендер өткізу туралы жариялайды, және әлеуетті жеткізушілерді тендерге қатысуға шақырады, ол 2014 жылғы 26 маусымда сағат 14:30-да Алматы қ., Абылай хан даңғ. 51–53, 5 қабат, 500 каб. конференц-залында өтеді.

Тендер түрі: ашық.

Тендердің басталуы: 2014 жылғы 26 маусым сағат 14:30, мекенжайы: Абылай хан даңғ. 51–53, 5 қабат, үлкен конференц-зал;

Тендердің аяқталуы: 2014 жылғы 26 маусым сағат 17:00.

Ұсыныстарды жинау мерзімі: 2014 жылғы 24 маусым сағат 10:00, мекенжайы: Абылай хан даңғ. 51–53.

Тендерге Қосымша № 2-де көрсетілген өлшемдерге сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілер қатыса алады.

Техникалық сипаттамалар Қосымша № 1-де берілген.

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттерін ұсыну қажет:

1 пакет: Заңдық құжаттар

1) тендерге қатысуға өтінім бекітілген үлгіде, осы хатқа Қосымша № 2 бойынша қазақ/орыс тілдерінде;

2) құрылтай құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері, заңды тұлғаны (Жарғы, қосымша құн салығына тіркелу куәлігі) тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік;

3) мемлекеттің лицензиялаушы қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиялардың көшірмелері (тексеру үшін түпнұсқасы) (егер сатып алынған тауарлар/жұмыс/қызметтер лицензиялауға жататын болса);

4) жеткізушінің өкілі — уәкілетті тұлға куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) тендерге қатысу үшін уәкілетті тұлғаға жеткізушінің сенімхаты;

2 пакет: Қаржылық құжаттар

1) баға ұсыныстары;

2) АҚ "Нурбанк" заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (ақша жууға) қарсы іс-қимыл мақсатындағы ішкі бақылау ережелеріне сәйкес заңды тұлға анкеталарымен толтырылған;

3) талапкердің банктік деректемелерін, талапкерде банкіге кешіктірілген қарыздың жоқтығын растайтын қызмет көрсететін банктен анықтама түпнұсқасы;

4) заңды тұлғалардың жыл үшін қаржы есептері, мөрмен бекітілген, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларациялары, мөрмен бекітілген (бар болған жағдайда);

5) жеткізушінің салық төлемдеріне қарызы жоқтығын растайтын жеткізушінің тіркеу орны бойынша Салық комитетінен анықтаманың түпнұсқасы;

6) жеткізушімен бұрын қызметтескен заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсынымдары мен кері байланыстардың көшірмелері, мазмұны келісімдердің толықтығы мен мерзімділігі тәжірбиесін қамти отырып (бар болса);

7) материалдық-техникалық базаның бар болуы туралы мәліметтер;

8) ЭСҚ-да тіркеу туралы мәліметтердің бар болуы (бар болса);

9) тендер өткізу алдындағы 2 (екі) жылға корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Алдыңғы екі жылға салық есебінде шығындар болған жағдайда, қатысушыға ұсынылған тауар/қызмет бағасының негіздемесін ұсыну қажет (тауар, жұмыс, қызметтерді сатып алу болатын халықаралық бизнес операциясының нысаны болып табылатын сатып алуларға).

3 пакет: Өзге құжаттар

1) техникалық спецификациялар, жеткізу шарттары, мерзімдер. 

2) жеткізушілер үшін "Қосымша келісім шарттарына" шарттарын орындауға Келісім;

3) сервер және желілік жабдықтар бойынша нарықта кемінде 2 жылдан астам жұмыс істегенін растайтын құжаттар;

4) ұсыныстар бергенде Қазақстан Республикасының аумағында ірі табысты жобалар;

5) жеткізу шарттары;

6) Әлеуетті жеткізуші өз тендер өтінімін дайындау және ұсынуға байланысты барлық шығындарды өзі көтереді, ал Банк және тендер комиссиясы тендердің өткізу сипаты мен нәтижелеріне қарамастан бұл шығындарға жауап бермейді және міндетті емес.

Біздің тарапымыздан Тендер комиссиясы Банкісі қарастыруға, бағалау және тендерлік өтінімдерді салыстыру туралы ақпаратты жеткізушілерге немесе ресми түрде қарастыруға, бағалауға және салыстыруға қатыспайтын кез келген басқа тұлғаға жарияламауға құқығы бар екенін атап өтеміз.

АҚ "Нурбанк" тендерді өткізуді немесе кейінге қалдыруды тендер өтінімдерін ұсынған әлеуетті жеткізушілерге тендердің күшін жою немесе ауыстыру туралы жаңа күнді көрсете отырып, жазбаша хабарлама жіберу арқылы құқығына ие.

Әлеуетті жеткізуші көрсетілген мерзімге дейін тендерлік өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысуымен немесе онсыз, егер қатыспаса, өтіп жатыр.

Байланыс тұлғалары:

Алимбеков Алмас Қанатович
Тел.+7 (727) 250 00 00 ішкі. 5060 aalimbetov@nurbank.kz

Шыназбаев Дастан Алдабергенович
Тел.+7 (727) 250 00 00 ішкі. 4000 dshinazbayev@nurbank.kz

Мухамеджанов Бауржан Қайрушевич
Тел.+7 (727) 2599710 ішкі. 5501 BMukhamejanov@nurbank.kz.