Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нұрбанк» АҚ тендерлік комиссиясының шешіміне сәйкес, 2014 жылғы 5 маусымда АО «Нұрбанк» ғимаратында 10:00 сағатта өткізілген серверлік жабдықты сатып алуға арналған ашық тендерді (ЛОТ № 1 — Intel процессорлары негізіндегі сервер жабдығы, ЛОТ № 2 — Hitachi дискілер полкаларымен, ЛОТ № 3 — VMware бағдарламалық жасақтаманың лицензияларын) нәтижесіз деп санап, әлеуетті жеткізушілерді 2014 жылғы 16 маусымда 18:00 сағатта АО «Нұрбанк» ғимаратында қайталанатын тендерге қатысуға шақырады, мекенжайы: Абылай хан даңғылы 51-53, 5 қабат, 500 конференц зал.
Тендердің түрі: ашық
Тендер басталуы: 16-06-2014 18:00, мекенжайы: Абылай хан даңғылы 51-53, 5 қабат, үлкен конференц зал;
Тендер аяқталуы: 16-06-2014 20:00;
Ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 15-06-2014 12:00, мекенжайы: Абылай хан даңғылы 51-53;
Тендерге № 4 қосымшада қойылған талаптарға сай әлеуетті жеткізушілер қатыса алады.
Техникалық сипаттамалар мен бағдарламалық өнімдердің сипаттамасы № 1 қосымшада көрсетілген.
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттерін ұсыну қажет:
1-пакет: Заңгерлік құжаттар
1) қазақ/орыс тілдерінде көрcетілген нысан бойынша тендерге қатысу жөніндегі өтініш, осы хатқа № 2 қосымшаға сәйкес;
2) құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік) нотариалды расталған көшірмелері;
3) ұсынылған өнімдер/қызметтер бойынша лицензиялануға жататын болған жағдайда мемлекеттің лицензиялауына жататын қызметті жүргізуге лицензияның көшірмелері (түпнұсқасы тексеру үшін);
4) жеткізушінің өкілінің — уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі;
5) Тендерге қатысуға уәкілетті тұлғаға жеткізушіден сенімхат;
2-пакет: Қаржылық құжаттар
1) баға ұсыныстары;
2) заңды тұлғаларға арналған ішкі бақылау ережелері негізінде кірістерді заңдастыруға (аударуға) қарсы іс-қимыл деңгейі мақсатында толтырылған анкеталар;
3) қызмет көрсетуші банк беретін үміткердің банктік деректемелерін, банкте мерзімі өткен қарыздары жоқтығын растайтын анықтаманың түпнұсқасы;
4) заңды тұлғаларға арналынған бір жылға арналған қаржылық есептіліктің көшірмелері, заңды тұлғаның мөрімен расталған, жеке кәсіпкерлерге арналынған салық декларациялары, мөрмен расталған (болған жағдайда);
5) жеткізушінің тіркелген орны бойынша Салық комитетінен алынған салықтарды төлеу бойынша қарыздардың жоқтығын көрсете алатын анықтаманың түпнұсқасы;
6) жеткізушімен бұрынғы уақыттағы жұмыс істеген заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлерден ұсыныстар мен пікірлердің көшірмелері, ынтымақтастықтың тәжірибесін сипаттайтын қанағаттану оценки мен сипаттамалары (болған жағдайда);
7) материалдық-техникалық базаның бар екендігі туралы мәліметтер;
8) үміткердің ЭСА-ға тіркелгендігі туралы мәліметтер (болған жағдайда);
9) корпоративтік табыс салығы бойынша тендер алдында өткізілген 2 (екі) жылға арналған декларациялардың көшірмелері. Егер салық есебі бойынша алдын екі жылда шығындар болса, қатысушы ұсынылған тауарлар/қызметтің бағасын негіздей алатын құжаттарды беруге тиіс (халықаралық іскерлік операциялардың бірі болып табылатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша сатып алулар үшін).
3-пакет: Өзге құжаттар
1) техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, мерзімдер.
2) өндіруші компаниялардан рұқсат беру құжатының болуы қажет болатын әлеуетті жеткізушілер үшін:
Қазақстан Республикасы аумағында.
3) жабдықтың кепілді қызмет көрсетуіне Алматы қаласында немесе серверлік жабдықтарды жеткізу жасалатын аймақтардағы сервистік орталықтың немесе қызмет көрсету серіктесінің болуы дәлелдейтін құжаттар. (атауын, мекенжайын, байланыс деректерін көрсетумен ақпарат беру).
4) жабдықтардың белгілі бір өндіруші дүниежүзілік компаниялардың сериялық өндіріс желісінен ұсынылатыны көрсететін құжат. Тапсырмамен келісілген барлық компоненттер жинаққа кіреді.
5) жабдықтар VMware компаниясынан сертификатталған болуға тиесілі.
6) потенциалды жеткізушінің серверлік және желілік жабдық нарығында кемінде 2 жыл қызмет ететіндігін растайтын құжаттар.
7) Қазақстан аумағындағы ірі табысты жобалар бойынша ұсыныстар беруге (болған жағдайда).
8) Жеткізу біржолғы және тапсырыс берушінің мекенжайы бойынша толық көлемде орындалуы тиіс.
9) Потенциалды Жеткізуші өзінің тендерлік өтінішін дайындау және ұсыну бойынша барлық шығындарды көтере отырып, Банк пен тендерлік комиссия тендердің сипаты мен нәтижелеріне қарамастан осы шығындар үшін жауап бермейді және міндеттелмейді.
Банк Тендерлік комиссиясы өз тарапынан тендерлік өтініштерді қарастыру, бағалау және салыстыруға қатыспайтын қызмет көрсетушілерге және кез келген басқа тұлғаға осыған қатысты ақпаратты жария етпеуге құқықты.
«Нұрбанк» АҚ тендердің күшін жоюға не кейінге қалдыруға, потенциалды жеткізушілерді жазбаша түрде хабардар етуге және жаңа өтінген мерзімді көрсетумен қайталауға құқылы.
Потенциалды жеткізуші тендерлік өтініштерді тапсырудың соңғы мерзіміне дейін өзінің өтінішін өзгерте немесе кері қайтарып ала алады.
Тендерге қатысу оны растау үшін қызмет көрсететін жеткізушінің қызмет көрсетушісінің қатысуымен немесе қатыспауы арқылы өткізіледі, егер уәкілетті жеке өзі тендерге қатысса.
Байланыс тұлғалары:
Жумадельдинов Алмас Арыстанович
Тел.+7 (727) 2 502 998 AZhumadeldinov@nurbank.kz
Мухамеджанов Бауржан Кайрушевич
Тел.+7 (727) 2599710 ішкі 5501 BMukhamejanov@nurbank.kz.