Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нурбанк» АҚ IBM компаниясы өндірген серверлік жабдықтарды (IBM Power 750 сервері, 8233-E8B моделі) жаңғырту жиынтығын сатып алу бойынша ашық тендер өткізеді, оны монтаждау мен орнату қызметтерін ұсынып, әлеуетті жеткізушілерді 2014 жылдың 13 ақпанында, сағат 16:00-де «Нурбанк» АҚ ғимаратында, Абылай хан даңғылы 51-53, 5-қабат, 500-конференц зал мекенжайы бойынша тендерге қатысуға шақырады.
Тендерге қатысу өтінімдері конверттеліп, «Нурбанк» АҚ мекенжайы: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 51/53 бойынша ұсынылады.
Тендерге осы хатқа № 4 Қосымшада көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін әлеуетті қызмет жеткізушілер жіберіледі.
Тендер түрі: ашық;
Сауда басталуы: 13-02-2014 17:00-де, мекенжай: Абылай хан даңғылы 51–53, 5 қабат, үлкен конференц зал;
Сауда аяқталуы: 13-02-2014 19:00;
Ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 12-02-2014 12:00, мекенжай: Алматы қ., Абылай хан даңғылы 51–53.
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттерін ұсыну қажет:
1 пакет: Құқықтық құжаттама
1) тендерге қатысуға өтінім белгіленген нысан бойынша, осы хатқа № 2 Қосымшада қазақ немесе орыс тілдерінде;
2) құрылтай құжаттарының нотариалдық куәландырылған көшірмелері, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу куәліктері (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша есептік тіркеуге қою куәлігі);
3) мемлекеттік лицензиялауға жататын қызмет (тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алу қызметі) жүргізуге лицензия көшірмелері (түпнұсқа сәйкестендіру үшін);
4) уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын нотариалдық куәландырылған құжат көшірмесі – жеткізуші өкілі;
5) Тендерге қатысуға уәкілетті тұлғаға берілген жеткізушінің сенімхаты;
2 пакет: Қаржылық құжаттама
1) кірістерді заңсыз жолмен легализациялауға (ақшаны жууға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру мақсатындағы ішкі бақылау ережелеріне сәйкес заңды тұлғаның толтырылған анкеталары;
2) қызмет көрсетуші банктен талапкердің банк реквизиттерін куәландыратын, талапкердің банкте өтелмеген қарызы жоқтығы туралы анықтама түпнұсқасы;
3) заңды тұлғаларға арналған қаржылық есептіліктің, жеке кәсіпкерлерге арналған салық декларацияларының мөрімен расталған көшірмелері (бар болса);
4) жеткізушінің тіркелген жері бойынша Салық комитетінен салықтар бойынша қарызы жоқтығы туралы анықтама түпнұсқасы;
5) жеткізушімен бұрын жұмыс істеген заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері, қызметті орындау уақыты, толықтығы мен басқа да сипаттамаларын қамтитын бағалаулар (бар болса);
6) материалдық-техникалық базасының бар-жоқтығы туралы мәліметтер;
7) баға ұсыныстары;
8) әлеуетті тұтынушының ЭСЖ-ға тіркелуі жөнінде ақпарат (бар болса);
9) Тендер өткізілгенге дейінгі 2 (екі) жылдың корпоративтік табыс салығы декларацияларының көшірмелері. Егер алдыңғы екі жылда салық есебінде шығындар болса, қатысушы ұсынылған тауар/қызмет бағасын негіздеуі қажет (кейін халықаралық бизнес операциясы болып табылатын тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алулар үшін).
3 пакет: Басқа құжаттама
1) техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, мерзімдері.
Қосымша ақпарат және анықтамалар:
Жумадельдинов Алмас Арыстанович
Тел.+7 (727) 2 502 998 AZhumadeldinov@nurbank.kz
Свинцов Николай Леонидович
Тел.+7 (727) 2599710 ішкі 5501 NSvintsov@nurbank.kz.