Модульдік Үзілусіз Қоректендіру Жүйесін сатып алу

Модульдік Үзілусіз Қоректендіру Жүйесін сатып алу

25.10.2013

Қосымша №4. Критерийлер

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нурбанк» АҚ Бас Банкіне арналған Модульдік үздіксіз қуат жүйесін сатып алу бойынша ашық тендер өткізілетінін жариялайды және жабдықты жеткізуге әлеуетті жеткізушілерді 2013 жылдың 7 қарашасында сағат 9:30-да «Нурбанк» АҚ ғимаратында, мекен-жайы: Алматы қ., Абылай хан д-лы 51/53, 5-қабат, үлкен конференц залында өтетін тендерге қатысуға шақырады.
Тендерге қатысу өтінімдері конверттерге салынып, Алматы қ., Абылай хан д-лы 51/53 мекен-жайындағы «Нурбанк» АҚ ұсынылуы тиіс.
Тендерге Қосымша № 4-те көрсетілген критерийлерге сай келетін әлеуетті қызмет көрсетушілер жіберіледі.

Тендер түрі: ашық;

Сауда-саттықтың басталуы: 2013 ж. 7 қараша, сағ. 09:30, мекен-жайы: Абылай хан д-лы 51–53, 5 қабат, үлкен конференц залы;

Сауда-саттықтың аяқталуы: 2013 ж. 7 қараша, сағ. 12:00;

Ұсыныстарды жинақтау мерзімі: 2013 ж. 6 қараша, сағ. 12:00 дейін, мекен-жайы: Абылай хан д-лы 51–53.

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттері ұсынылуы қажет:

1 пакет: Заңды құжаттар

1) осы хаттың №2 қосымшасына сәйкес тендерге қатысу өтінімі, қазақ/орыс тілдерінде;

2) құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаның тіркеу/қайта тіркеу куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері, (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік);

3) мемлекет лицензиялайтын қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа), (егер алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер лицензияланатын болса);

4) жабдықтаушының өкілі болып табылатын уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) Тендерге қатысуға уәкілетті тұлғаларға жабдықтаушыдан берілген сенімхат;

2 пакет: Қаржылық құжаттар

1) «Нурбанк» АҚ-та заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (ақшаны жылыстауға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы шаралар шеңберіндегі ішкі бақылау ережелеріне сәйкес респондент заңды тұлғаларының толтырылған сауалнамалары;

2) өтініш берушінің банк реквизиттерін, банк алдындағы мерзімі өткен қарыз жоқтығын растайтын қызмет көрсететін банктен алынған анықтаманың түпнұсқасы;

3) заңды тұлғалардың жылдық қаржылық есептілігінің көшірмелері, заңды тұлға мөрімен куәландырылған, жеке кәсіпкерлер үшін салықтық декларациялар, мөр болған жағдайда куәландырылған;

4) тіркелген жеріндегі салық комитетінен берешектің жоқтығы туралы жабдықтаушыдан алынған анықтаманың түпнұсқасы;

5) жеткізушімен бұрыннан байланысты болған заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері, серіктестік тәжірибесінің уақтылылығы, міндеттерді толық орындау және басқалары (болған жағдайда);

6) материалдық-техникалық базаның бар-жоғы жөнінде мәліметтер;

7) баға ұсыныстары;

8) өтініш берушінің ЭТП-да тіркелгені туралы ақпарат (болған жағдайда);

9) Тендер өткізілгенге дейінгі 2 (екі) жыл бойынша корпоративтік табыс салығының декларацияларының көшірмелері. Егер салық есебінде соңғы екі жыл үшін шығындар бар болса, қатысушы сатып алынатын тауарлар/қызметтер бойынша ұсынылған тауар/қызмет бағасының негіздемесін көрсетуі керек (халықаралық бизнес операциясының нысаны болып табылатын сатып алулар).

3 пакет: Басқа құжаттар

1) техникалық сипаттамалар, жеткізу мерзімі, кепілдік қызмет көрсету шарттары.

Қосымша ақпарат пен анықтамаларды Коломиец Алексей Федоровичтен 2-599-710 ішкі 5626, akolomiyets@nurbank.kz.