Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нурбанк» АҚ WinCoreNixdorf банкоматтары үшін 124 (жүз жиырма төрт) дана ақша кассеталары мен 31 (отыз бір) дана дивертты кассеталар сатып алу бойынша ашық тендердің өткізілуін жариялайтынын хабарлайды және әлеуетті жеткізушілерді тендерге қатысуға шақырады, ол 2013 жылғы 7 қарашада сағат 11:00-те «Нурбанк» АҚ ғимаратында келесі мекен-жай бойынша өтеді: Абылай хан даңғылы 51-53, 5-қабат, кіші конференц зал.
Тендер түрі: ашық
Сауда-саттықтың басталуы: 07-11-2013 11:00, келесі мекен-жай бойынша: Абылай хан даңғылы 51–53, 5-қабат, кіші конференц зал.
Сауда-саттықтың аяқталуы: 07-11-2013 13:00.
Ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 06-11-2013 13:00, келесі мекен-жай бойынша: Абылай хан даңғылы 51–53
Жеткізушілерді таңдау критерийлері.
1. Тартымды баға ұсынысы.
2. Банкоматтарға арналған құрамдас бөліктерді жеткізу бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 1 жыл.
3. Тауарды жеткізу 2013 жылғы 20 желтоқсанға дейін DDP Алматы шарттары бойынша тапсырыс берушінің қоймасына дейін.
4. Тауарға алдын ала төлем 30%-дан аспайды;
5. Тауарға бір жылдан кем емес кепілдік қызмет көрсету.
6. Тауар ақша және дивертты кассеталарға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес келеді.
Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1 топтама: Заңды құжаттама
1) тендерге қатысуға өтініш, осы хатқа №2 қосымшада көрсетілген форма бойынша қазақ/орыс тілдерінде;
2) құрылтай құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігі (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есепке қою туралы куәлігі);
3) мемлекеттік лицензиялау талап етілетін қызметтер/тауарлар/жұмыстар үшін лицензия көшірмелері (түпнұсқаны растау үшін);
4) жеткізушінің өкілетті өкілі — тұлғаның жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) Тендерге қатысуға берілген жеткізушінің өкілетті тұлғасының сенімхаты;
2 топтама: Қаржылық құжаттама
1) «Нурбанк» АҚ-та заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жууға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру мақсатында енгізілген ішкі бақылау ережелеріне сәйкес заңды тұлғаның толтырылған анкеталары;
2) банк қызмет көрсететін қаржы мекемелерінен жолданған қатысушының банктік деректерін растау туралы түпнұсқа анықтама, қатысушының банк алдында мерзімі өткен қарызының жоқтығы туралы анықтама;
3) заңды тұлғалар үшін бір жылдық қаржылық есептілігінің көшірмелері, заңды тұлғаның мөрі бар, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларацияларының көшірмелері, мөр болған жағдайда;
4) жеткізушінің тіркелген жеріне сәйкес Салық комитетінен салықтар бойынша қарызының жоқтығы туралы түпнұсқа анықтама;
5) жеткізушімен бұрын келісімшартта болған заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері, оның тәжірибесін, міндеткерлерді уақытылы және толық орындауды және т.б. бағалауды қамтиды (бар болса);
6) материалдық-техникалық базаның баршағы туралы мәліметтер;
7) бағалық ұсыныстар;
8) ЭТП-де тіркеу туралы мәліметтердің болуы (бар болса);
9) корпоративтік табыс салығы бойынша алдыңғы екі жылға декларациялардың көшірмелері. Егер алдыңғы екі жылға арналған салық есебінде шығындар болса, қатысушы ұсынылған тауардың/қызметтің бағасын дәлелдейтін құжаттарды ұсыну қажет (халықаралық іскерлік операцияның нысанына айналатын тауарлар/жұмыстар/қызметтерді сатып алу жағдайында).
3 топтама: Қосымша құжаттама
1) техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, кепілдік қызмет көрсету мерзімдері.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы Кемалов Мақсат Иниятұлынан 2-599-710 іш. 5588, MKemalov@nurbank.kz. телефоны бойынша алуға болады.