Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нурбанк» АҚ филиалдық желісінің кассалық тораптарында бейнебақылау жүйелерінің жабдықтарын жеткізу және монтаждау бойынша ашық тендер өткізілетінін хабарлайды.
Лоттардың тізімі:
Лот 1 — бейнебақылау жүйелерінің жабдықтарын жеткізу және монтаждау (136 бейнекамера, 136 объектив, 25 бейнетіркеу құралдары, 50 қатты диск 2Tb).
Тендерге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) қосымша 1-ге сәйкес тендерге қатысуға өтінім, қазақ/орыс тілдеріндегі пішін бойынша келтірілген;
2) заңды тұлғаларға қарсы кірістерді заңдастыруға (ақшаны жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау ережелеріне сәйкес толтырылған анкеталар;
3) қайта тіркеу/тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі (Жарғы, қосылған құн салығына тіркеу туралы куәлік);
4) жеткізушінің бейнебақылау жүйелерінің жабдықтарын ҚР аумағында сату құқығын растайтын құжаттар;
5) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге және жобалауға мемлекеттік лицензиялардың көшірмесі;
6) банк қызметін көрсетуші банктен талапкердің банк реквизиттерін растайтын, просроченной міндеттемелері жоқ екенін растайтын анықтаманың түпнұсқасы;
7) заңды тұлғалардың бір жылдық қаржылық есептілігінің көшірмесін, заңды тұлғалардың мөрімен расталған, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларацияларын, мөрі болған жағдайда қолданылғандарын ұсыну;
8) жеткізушінің тіркеу орны бойынша Салық комитетінен салық төлемдері бойынша қарызының жоқтығын растайтын анықтаманың түпнұсқасы;
9) жеткізушімен бұрын жұмыс істеген заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсыныс хаттарының көшірмелерін, ынтымақтастықтың тәжірибесін сипаттайтын баға берулері бар құжаттар (бар болған жағдайда);
10) материалдық-техникалық базаның болуына қатысты мәліметтер (бар болған жағдайда);
11) жеткізушінің өкілін құжаттың нотариалды расталған көшірмесін беру — өкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
12) Тендерге өкілетті тұлғаға қатысу туралы жеткізушіден сенімхат;
13) баға ұсыныстары;
14) жеткізу, кепілді қызмет көрсету шарттары, мерзімдері.
Тендер түрі: ашық:
Сауда-саттықтың басталуы: 05-09-2013, сағ. 09:30, мекенжайы: Абылай хана даңғылы 51–53, 5-ші қабат, үлкен конференц-зал;
Сауда-саттықтың аяқталуы: 05-09-2013, сағ. 12:30;
Ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 04-09-2013, сағ. 12:30, мекенжайы: Абылай хана даңғылы 51–53;
Төлем шарттары: жабдықтың жалпы құнының 50%-нен аспайтын алдын ала төлем;
Жеткізу және монтаждау мерзімдері: шарт жасалған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
Жеткізуші тендерге рұқсат етілген, егер:
1. Ұсынылған жабдық қосымша 3-ке сәйкес техникалық сипаттамаларға жауап берсе;
2. Жеткізу және монтаждау шартына сәйкес міндеттемелерді орындауға қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстары бар;
3. Бұрын жасалған шарттар бойынша өткізбеген міндеттемелер үшін «Нурбанк» АҚ алдындағы талаптар жоқ;
4. Төлем жасау қабілеттілігі бар, таратуға жатпайды, оның мүлкіне тыйым салынбауы тиіс, ҚР заңнамасында қарастырылған тәртіппен оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатылмауы тиіс;
5. Орнатылған тәртіпте тіркелген заңды тұлға болып табылады;
6. Салықтарды және бюджетке басқа міндетті төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерін тендерге қатысу өтінімін беру сәтінде және сатып алу шартын жасасу сәтінде орындайды;
7. Бейнебақылау жүйелері жабдықтарын жеткізу және монтаждау нарығында кемінде 3 жылдық тәжірибесі бар;
8. ҚР-дағы барлық филиал қалаларында (қосымша 2-ге сәйкес 16 қала) монтаждау қызметтерін көрсету және жабдыққа кепілдік қызмет көрсету бойынша өкілдіктері (филиалдары) немесе қызмет көрсету серіктестері бар. Атауы, мекенжайы, байланыс деректері көрсетілген ақпарат ұсыну;
9. Болашақ жеткізуші тендерлік өтінімін дайындау және ұсынуға байланысты барлық шығындарды көтереді, ал «Нурбанк» АҚ бұл шығындарға қатысты жауапкершілік пен міндеттемелерді өзіне алмайды, тендер сипатына және нәтижелеріне қарамастан.
Қосымша шарттар, жеткізуші міндеттенеді:
1. Головной Банк ғимаратында қауіпсіздік қызметінің ішкі бақылау бөлімінің мониторинг секторы қызметкерлеріне сатып алынатын жабдықтың үлгілерін көрсетуді ұйымдастыру;
2. Қысқа мерзімде сатып алынатын жабдықты жеткізіп, «Нурбанк» АҚ филиалдарында қосымша 2-ге сәйкес монтаждау жұмыстарын жүргізу;
3. Банк филиалдары қауіпсіздік қызметінің қызметкерлеріне бейнетіркеу құралдарын пайдалану бойынша алғашқы нұсқаулық ұйымдастыру;
4. Жабдықты жеткізу сәтінен бастап кемінде 1 жыл (ұзартқан жағдайда 3 жылға дейін) бейнебақылау жүйесінің жабдықтарына тегін кепілдік қызмет көрсетуін қамтамасыз ету.
Потенциалдық жеткізушілердің өкілдері өз өкілеттіктерін растаған жағдайда, өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде қатыса алады.
Қосымша ақпарат және анықтамаларды Алимжанов Тамерлан Қайратұлына 2 599 710 ішкі 5613 телефоны арқылы, Talimzhanov@nurbank.kz электрондық поштасы арқылы алуға болады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды Алимжанов Тамерлан Қайратұлына беру үшін жіберулеріңізді сұраймыз.