Құрметті ханымдар мен мырзалар!
АҚ "Нурбанк" 150 абонентке арналған IP-АТС сатып алу бойынша ашық тендер жариялайды, оның ішінде 30 оператор аппараттық SIP-телефонды, ал 120 оператор бағдарламалық SIP-телефонды (софтфон) пайдаланады.
Лоттар тізімі:
1. Лот 1 — IP-АТС-ты 150 абонентке және 30 дана SIP-телефондарын жеткізу, міндетті техникалық қолдауымен.
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) тендерге қатысуға өтінім бекітілген формаға сәйкес, осы хатқа 1-қосымшада көрсетілген қазақ/орыс тілдерінде;
2) құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері, заңды тұлғаның тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігі;
(Жарғы, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік);
3) жеткізушінің ҚР аумағында АТС сату құқығын растайтын құжаттар;
4) қызмет көрсететін банк анықтамасының түпнұсқасы, онда үміткердің банкте мерзімі өткен қарызы жоқтығын растайды,
5) заңды тұлғалардың бір жылға арналған қаржы есебінің көшірмесі, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген жеке кәсіпкерлер үшін салық декларациялары, мөрі болған жағдайда бекітілген;
6) жеткізушінің тіркелген орны бойынша Салық комитетінің салық төлемдері бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы;
7) бұрын жеткізушімен серіктес болған заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсыныс пен пікір көшірмелері, оның ішінде өзара келісімшарттардың уақтылы, толық орындалуымен байланысты тәжірибе сипаттамасын беретін (болған жағдайда);
8) материалдық-техникалық базаның болу туралы ақпарат (болған жағдайда);
9) жеткізушінің өкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі,
10) өкілетті өкілге тендерге қатысу үшін жеткізушінің сенімхаты;
11) бағалық ұсыныстар;
12) жеткізу шарттары, мерзімдері, техникалық қызмет көрсету құны, кепілді/кепілдіктен кейінгі қызмет көрсету.
Тендер түрі: ашық
Сауда басталуы: 2013 жылы 22 тамызда сағат 09:30, Абылай хан даңғылы 51-53, 5-қабат, үлкен конференц-зал.
Сауда аяқталуы: 2013 жылы 22 тамызда сағат 12:30.
Ұсыныстарды жинау мерзімі: 2013 жылы 21 тамызда сағат 12:30, Абылай хан даңғылы 51-53
Өндіруші сертификаттаған мамандардың болуы: міндетті.
Жеткізу шарттары: DDP
Төлем шарттары: жабдықтардың жалпы құнының 50%-нан аспайтын алдын ала төлем
Жеткізу мерзімдері: шарт жасалғаннан кейін 56 күнтізбелік күннен аспайды
Жеткізуші тендерге қатыса алады, егер:
1. Ұсынылған жабдық АҚ «Нурбанк» берген телефон байланысы коммуникациялық жүйесінің жобалау, жеткізу және енгізу техникалық тапсырмасына сәйкес келсе
2. Шартқа сәйкес міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстары болса;
3. АҚ "Нурбанк" бұрын жасалған шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелерге байланысты талаптары болмаса;
4. Төлем қабілетті болса, таратуға жатпайтын болса, оның мүлкіне қамау салынбаған болса, ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатылмаған болса;
5. Тендерге қатысуға өтінім беру және сатып алу шартына қол қою кезінде салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді бюджетке төлеу міндеттемелерін орындап отырса;
6. Алматы қаласында кепілді қызмет көрсету үшін ең аз дегенде бір сервис орталығы немесе сервис серіктесі болса (атауын, мекенжайын, байланыс деректерін көрсетіп ақпарат ұсыну).
7. Потенциалды жеткізуші тендерлік өтінімді дайындау және ұсыну шығындарын өз мойнына алады, ал АҚ "Нурбанк" бұл шығындарға қатысты жауапкершілікті алмайды және міндеттеме артпайды, тендер өткізілу сипаты мен оның нәтижелеріне қарамастан.
8. Потенциалды жеткізуші жабдық өндіруші компанияның ресми авторизацияланған серіктесі болуы тиіс.
9. Потенциалды жеткізуші жабдық өндіруші компанияның ресми авторизацияланған сервис серіктесі болуы тиіс.
10. Потенциалды жеткізушінің телефон жабдықтарын жеткізу нарығында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі болу керек.
Қосымша шарттар бойынша жеткізуші міндетті:
1. 150 абонентке арналған IP-АТС және 30 SIP-телефонды АТС бағдарламалық жасақтама лицензияларымен бірге жеткізу, жабдықтардың бағасының тартымдылығын, әрі қарай техникалық қолдау мен кепілді қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
2. DDP жеткізу шарттарына сәйкес жабдықтарды Алматы қаласында ең аз мерзімде АҚ «Нурбанк» қоймасына жеткізу;
3. Банк қызметкерлерінен екі адамды АТС-пен жұмыс істеуге тегін оқыту;
4. 1-3-5 жылдық мерзімге жабдықтардың жылдық техникалық қолдау құнын ұсыну. Жылдық техникалық қолдаудың құны таңдалған мерзімнің әрекет ету кезеңінде өзгермеуі керек;
5. АТС-тердің жеткізілген сәттен бастап кемінде 1 жыл тегін кепілді қызмет көрсетуді қамтамасыз ету (мүмкіндігінше 3 жылға дейін).
Потенциалды жеткізушілердің өкілдері өкілеттігін растауы шартында конверттерді ашу рәсіміне қатыса алады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы Лузин Дмитрий Константиновичтен 2 599 710 ішкі 5700 телефон нөмірі арқылы немесе Dluzin@nurbank.kz электронды поштасы арқылы алуға болады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды Лузин Дмитрий Константиновичке тапсыру үшін жіберуді сұраймыз.