ИКI және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы техникалық сипаттамаларға сәйкестікті сынаумен қоса интеграциялық платформаны сатып алу

ИКI және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы техникалық сипаттамаларға сәйкестікті сынаумен қоса интеграциялық платформаны сатып алу

Өткізілетін күн:
23.01.2025
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
16:30
Алматы қ., Абай даңғ., 10В
3 қабат, 310 үлкен конференц-зал
15.01.2025

«Нұрбанк» АҚ АКИ және АҚ (ҚР ҮҚ №832) саласындағы БТ сәйкестігіне кейін сынақ жүргізе отырып, интеграциялық платформаның жеткізушіні таңдау мақсатында ашық тендер өткізетіні жайлы хабарлайды және ашық тендерге қатысуға шақырады.   

Пакеттер мен ұсыныстарды жинау

Мерзімі: 23.01.2025

Уақыты: 11:00

Мекен-жайы: Абай даңғылы, 10В, 204-кабинет, кеңсе

Пакеттер мен ұсыныстарды жинау

Тендерге келесі критерийлерге сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілер қатыса алады:

  • Қосымша №4 Жеткізушілерге қойылатын талаптар.

Техникалық сипаттама берілген:

  • Қосымша №1 Техникалық сипаттама.

Тендерге қатысуға қажетті құжаттар пакеті

Заңды құжаттама
  1. тендерге қатысуға өтінім;
  2. құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмелері (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою куәлігі);
  3. мемлекет лицензиялайтын белгілі бір қызмет түрлерін жүргізуге арналған лицензия көшірмелері (түпнұсқасы тексеру үшін) (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер қызметі лицензиялауға жататын болса);
  4. жеткізушінің өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  5. Тендерге қатысуға сенім білдірілген тұлғаға жеткізушінің сенімхат көшірмесі.
Қаржылық құжаттама
  1. 12 айдан кем емес мерзімге баға ұсынысы;
  2. үміткердің банктік реквизиттерін және банк алдында мерзімі өткен борыштың жоқтығын растайтын қызмет көрсетуші банктен алынған түпнұсқа анықтама;
  3. заңды тұлғаларға арналған бір жылдық қаржылық есептіліктің көшірмелері, заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, мөрі бар болған жағдайда, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларацияларының көшірмелері;
  4. жеткізушінің тіркелген орны бойынша Салық комитетінің салықтарды төлеу бойынша берешегінің жоқтығы туралы түпнұсқа анықтама;
  5. материалдық-техникалық базаның бар екендігі туралы мәліметтер;
  6. "Нұрбанк" АҚ-ындағы банктік шот арқылы Келісімшарт бойынша жеткізу кезінде өзара есеп айырысуды жүргізуге келісім беру туралы растау.
Басқа құжаттама
  1. ИБ бойынша сертификатталған мамандар саны туралы ақпарат (мамандардың сертификаттарының көшірмелері);
  2. Smart Bridge үшін интеграциялық платформаны енгізу бойынша екі жобаның орындалған жұмыс актілерінің көшірмелері;
  3. қызметтердің тізімі, тәртібі және мерзімдері;
  4. техникалық спецификацияға сәйкес берілетін қызметтердің сипаттамасы (Қосымша №1).

Өз тарапымыздан, Банктің тендер комиссиясы тендерлік ұсыныстарды қарастырмаған, бағаламаған немесе салыстырмаған қызмет көрсетуші әлеуетті жеткізушілерге немесе кез келген басқа тұлғаға қарастыру, бағалау және салыстыруға қатысты ақпаратты ашпауға құқылы.

«Нұрбанк» АҚ тендерді өткізу немесе кейінге қалдыру туралы шешім қабылдап, тендерлік құжаттарын ұсынған әлеуетті жеткізушілерді хат арқылы тендердің күшін жою немесе басқа күнге ауыстыру туралы хабардар етуге құқылы. Әлеуетті жеткізуші түпкілікті өтініш беру мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінішін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.

Тендерге қызмет көрсетуші әлеуетті жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе мұндай тұлға қатыспайтын жағдайда өткізіледі.

Құжаттама пакетінің қалыптастыру мәселелері бойынша:

+7 (727) 2500-000 ішкі 4454