Қонақ үй қызметтерін сатып алу

Қонақ үй қызметтерін сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
06.02.2025
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
16:00
Алматы қ., Абай даңғ. 10В
31.01.2025

2025 жылға қонақүй қызметтерін жеткізушіні таңдау бойынша ашық тендер жариялаймыз.

Конкурстың қорытындылары бойынша ең жақсы шарттар ұсынған компаниямен қызмет көрсету келісімшарты жасалады. 

Пакеттер мен ұсыныстарды жинау

Мерзімі:
05.02.2025
Уақытқа дейін:
12:00
Мекенжай:
Абай даңғылы 10В, 204 кабинет, іс жүргізу бөлімі

Тендерге қатысу үшін қызмет жеткізушілеріне қойылатын талаптар

Жеткізушілерге негізгі талаптар
  • «Нұрбанк» АҚ-да шот ашу;
  • Төлемді қонақтар төлем карточкасымен немесе келгеннен кейін қолма-қол түрде төлей алады;  
  • Конференц-залдың және интернеттің міндетті түрде болуы;
  • кәсіби құзыреттілігі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы, қызмет көрсету келісімшартына сәйкес міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржы, материалдық және еңбек ресурстары болуы тиіс;
  • төлеуге қабілетті, таратылуға жатпайтын болуы тиіс, оның мүлкіне тыйым салынбаған, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тоқтатылмаған болуы тиіс.

Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар пакеті

Заңдық құжаттама

1) белгіленген формада тендерге қатысу туралы өтінім;  

2) құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің (Жарғы, қосалқы құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік) нотариалды куәландырылған көшірмелері;

3) мемлекет лицензиялайтын қандай болса да қызмет жүргізу лицензиясының көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқасы) (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша қызмет лицензиялануға жататын болса);

4) уәкілетті тұлғаның – жеткізушінің өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) бірінші басшының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

6) жеткізушінің Тендерге қатысу үшін уәкілетті тұлғаға берген сенімхаты.

Қаржы құжаттамасы

1) қызмет көрсетуші банктен үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешегінің жоқ екендігін растайтын анықтаманың түпнұсқасы;

2) заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, бір жыл үшін заңды тұлғаларға арналған қаржы есептіліктердің, мөр болған жағдайда мөрмен бекітілген, жеке кәсіпкерлерге арналған салық декларациялардың көшірмелері;

3) жеткізушінің тіркелген жері бойынша Салық комитетінің салық төлемдері бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманың түпнұсқасы;

4) міндеттемелердің уақытылы, толық орындалуы мен басқаларды (бар болған жағдайда) қоса әріптестік тәжірибесін бағалау мен сипаттамасы бар, жеткізушімен бұрын қызмет істеген заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсынымдары мен пікірлерінің көшірмелері;

5) материалдық-техникалық базаның бар екендігі туралы мәліметтер;

6)  баға ұсыныстары;

7) Тендер өткізілетін алдында 2 (екі) жыл бұрын Корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Алдыңғы екі жылда салық есебінде залалдар болған жағдайда, қатысушы ұсынылған тауардың / қызметтің (кейін халықаралық іскерлік операцияның мәні болып табылатын, тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алу бойынша) негізделген бағаларын беруі қажет.

Өзге құжаттама

1) тауардың сипаттамасы, жеткізу шарттары, мерзімдері.

2) ықтимал Жеткізуші тендерлік өтінімін дайындау мен беруге байланысты барлық шығындарды өзі көтереді, ал Банк пен тендерлік комиссия тендердің өткізілу сипаты мен қорытындыларына қарамастан, осы шығындар бойынша міндеттемелерді өзіне алмайды және жауап бермейді.

Банктің Тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты ықтимал қызметтерді жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екендігін ескертеміз.

«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінімдер берген ықтимал жеткізушілерді тендердің болмайтыны немесе өткізілудің жаңа күнін көрсете отырып ауыстырылғаны туралы жазбаша хабардар ету арқылы тендердің өткізілуін болдырмауға немесе кейінге қалдыруға құқылы.

Ықтимал жеткізуші тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Құжаттама пакетін қалыптастыруға қатысты сұрақтар бойынша:

Г.Р. Одинаева

+7 (7272) 599-710 ішкі нөмір 4654, +7 7027656666

М.С. Жангужинова

+7 (727) 2599-710 ішкі нөмір 5068, +7 7012218873

Қатысушылардың өтінімі