«Нұрбанк» АҚ «CRM» әзірлеу бойынша ашық тендер өткізетіні туралы хабарлайды.
Тендер өтетін күні №1 Қосымшада (Міндетті түрде толтырылған кестені (1 Қосымшаға тіркелген) берумен, CRM АЖ функционалдық және техникалық талаптары) көрсетілген талаптарға сай келетін заңды тұлғалар (қызметтерді әлеуетті жеткізушілер) тендерге қатыса алады.
Біз өз тарапымыздан Банкінің Тендерлік комиссиясы әлеуетті қызмет жеткізушілеріне немесе тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыруға қатысы жоқ кез келген басқа тұлғаға тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыруға байланысты ақпаратты ашуға құқылы емес екенін атап өтеміз.
«Нұрбанк» АҚ тендерді жою немесе кейінге қалдыру туралы, тендерлік өтінімдерді берген әлеуетті жеткізушілерге тендерді болдырмау немесе кейінге қалдыру туралы жазбаша хабарлама жасап, өткізілетін күні көрсетіліп, хабар беруге құқылы. Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқығы бар.
Тендер уәкілетті өкілдің қатысуымен немесе өкілдің тендерге қатыспауына байланысты онсыз мүмкіндік болған жағдайда өткізіледі.