Тендерді өткізу сипатына, оның нәтижесіне қарамастан өзінің тендерлік өтінімін дайындауға және беруге байланысты барлық шығыстарды Әлеуетті жеткізуші көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы ол шығыстар бойынша өзіне міндеттеме алмайды.
Өз тарапымыздан, Банктің тендерлік комиссиясы әлеуетті қызмет жеткізушіге немесе тендерлік өтінімдерді қарауға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын кез келген басқа тұлғаға тендерлік өтінімдерді қарауға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты ашпауы мүмкін екенін ескертеміз.
«Нұрбанк» АҚ тендер өткізуін күшін жойып, кейінге қалдыруға құқылы және тендерге өтінім ұсынған әлеуетті жеткізушілерге тендердің күші жойылғандығы немесе кейінге қалдырылғандығы туралы жаңа өткізілетін күнін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жіберуі қажет. Өтініш беруші тендерлік өтінімдерін берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Тендер уәкілетті тұлғаның қатысуымен немесе уәкілетті тұлға тендерге қатыспаса, онсыз өткізілетін болады.