Депозиттер туралы жарнамалық материалдарды интернетке орналастыру және пайдаланушыларды мақсатты әрекеттерге бағыттау үшін nurbank.kz интернет-ресурсындағы сілтеме арқылы /person/deposits/nur-altyn-no-replenish/.
KPI: интернетте орналастырылған депозиттер туралы жарнамалық ақпараттан өткен пайдаланушылардан nurbank.kz интернет-ресурсындағы мақсатты әрекеттер - «Онлайн ашу», «Кеңес алу», «Банк бөлімшесіне барыңыз», «Google Play», «App Store», «2552» батырмаларын басу.
Мерзімі: 2025 жылдың сәуірінен желтоқсанына дейін.
Толық кезеңге арналған бюджет, аккаунттар бюджеті және агенттік сыйақысын қоса алғанда: 25 000 000 теңгеден аспайды
Географиялық аумағы: Қазақстан Республикасы
Мақсатты аудитория: 25+, әйелдер мен ерлер
Міндеттер: пайдаланушыларды интернеттегі депозиттер туралы жарнама арқылы nurbank.kz интернет-ресурсына мақсатты әрекеттерді жасауға тарту, бренд танымалдығын арттыру.
Жеткізушінің комиссиясы келесідей тәртіппен төленеді:
1) KPI 100% көрсеткіші орындалғанда жеткізушіге Интернетте жарнама орналастыру қызметінің құнының 100% төленеді.
2) KPI 85%-дан 99% дейін орындалғанда жеткізушіге Интернетте жарнама орналастыру қызметінің құнының 85% төленеді.
3) KPI 50%-дан 84% дейін орындалғанда жеткізушіге Интернетте жарнама орналастыру қызметінің құнының 40% төленеді.
4) KPI 50% орындалмаған жағдайда Интернетте жарнама орналастыру қызметінің құны төленбейді.
Төлем шарттары: ай сайын есептік кезеңдегі (ай) көрсетілген қызметтер бойынша Тараптар орындалу Актісіне қол қойғаннан кейін кейінгі төлем.
КPI орындалмаған жағдайда қызметтердің құнын қайта есептеу жарнама науқанының толық орналастыру кезеңі аяқталғаннан кейін көрсетілген қызметтердің нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Егер жабдықтаушының қызметтерінің құны, KPI орындалмаған жағдайда пайыздық градацияны қолдануды ескере отырып, Банкіге төленген қызмет құнынан аз болса, жеткізуші қайта есептелген қайтарылуға тиіс соманы Тараптар орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісіне қол қойған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Банкке қайтаруға міндеттенеді.
1) осы хаттың 1-қосымшасына сәйкес, тендерге қатысу үшін өтінім орнатылған нысанда қазақ/орыс тілдерінде;
2) құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша тіркеуге алу туралы куәлік) көшірмелері;
3) жабдықтаушы өкілі — уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) тендерге қатысу үшін уәкілетті тұлғаға жабдықтаушы тапсырылған сенімхат;
5) заңды тұлғаның атқарушы органын (басшысын) сайлау (тағайындау) туралы уәкілетті органның шешімі.
1) баға ұсыныстары;
2) үміткердің банктегі реквизиттерін, банкте мерзімі өткен берешегінің жоқтығын растайтын қызмет көрсететін банктен анықтаманың түпнұсқасы;
3) заңды тұлғалар үшін бір жылға қаржылық есептіліктің заңды тұлғаның мөрімен расталған көшірмелері;
4) жеткізушінің тіркеу орны бойынша Салық комитетінің анықтамасының түпнұсқасы немесе салық төлеу бойынша берешектің бар/жоғы туралы электронды үзінді;
5) жеткізушімен бұрыннан жұмыс істеген заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлерден ұсыныстар мен пікірлер көшірмелері, құрамында ынтымақтастық тәжірибесінің бағалары мен сипаттамалары, соның ішінде міндеттемелерді уақытылы және толық орындау туралы (болған жағдайда);
6) Тендер өткізілгенге дейінгі екі (2) жылға корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Соңғы екі жылдағы салық есебінде шығындар болған жағдайда, қатысушы ұсынған тауардың/қызметтің бағасының негіздемесін беруі қажет (халықаралық іскерлік мәміле объектілері болып табылатын тауарлар/жұмыстар/қызметтерді сатып алуда);
7) Нұрбанк АҚ ашылған банктік есепшот арқылы Келісім бойынша өзара есеп айырысуларды жүзеге асыруға келісім беруін растау. Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімін дайындау және беруімен байланысты барлық шығындарды өз мойнына алады және Банк пен тендерлік комиссияның бұл шығындарға қатысы жоқ және олар үшін жауапкершілік көтермейді, тендерді өткізу сипатына және нәтижелеріне қарамастан.
Нұрбанк АҚ тендерді өткізу немесе кейінге қалдыру құқығын өзіне қалдырады және тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті жеткізушілерге тендерді болдырмау немесе кейінге қалдыру туралы жаңа күнін көрсете отырып, жазбаша хабарлауға құқылы. Әлеуетті жеткізуші өз өтінімін тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі біткенге дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы. Тендер әлеуетті қызмет жеткізушінің уәкілетті өкілінің қатысуымен немесе онсыз өткізіледі, егер уәкілетті өкіл тендерге қатыспайтын болса.
Өз тарапымыздан Банктің Тендерлік комиссиясы әлеуетті қызмет жеткізушілеріне немесе тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын кез келген басқа тұлғаға тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты жарияламауға құқылы екенін атап өтеміз.
«Нұрбанк» АҚ тендерге қатысу туралы ұсыныстарын берген әлеуетті жеткізушілерге тендердің күшін жою, не кейінге қалдырылған күн туралы жазбаша хабарлама жіберу арқылы тендерді тоқтатуға немесе кейінге қалдыруға құқылы. Әлеуетті жеткізуші өзінің өтінімін тендерге қатысуға ұсыныстарын беру мерзімі біткенше өзгерте немесе кері қайтарып ала алады.
Тендерлік құжаттаманы ұсынудың соңғы мерзімі - 2025 жылғы «04» наурызда, сағат 10:00-де. Құжаттар запечатанған конвертте (конвертте байланыс мәліметтері көрсетілген) Банк кеңсесіне, Алматы қ., Абай даңғылы 10 «В», 204 каб. мекенжайына ұсынылады.
Тендердің өткізілу күні: 2025 жылғы «06» наурызда, сағат14:30-да.
Заңдылық және қаржылық құжат пакеттерін қалыптастыру сұрақтары бойынша Морозов Владимирге мына телефон арқылы хабарласыңыз: +7 (727) 250 00 00, ішкі. 5385, vmorozov@nurbank.kz
Бағалық ұсыныстар мен басқа мәселелер бойынша Анкудинова Натальяға 8 (727) 2 599-710 ішкі. 5840, моб. +7 701 224 28 95, nankudinova@nurbank.kz мекенжайына хабарласыңыз