Негізгі және резервтік ДӨО арналған деректерді сақтау жүйелерін сатып алу

Негізгі және резервтік ДӨО арналған деректерді сақтау жүйелерін сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
14.03.2025
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
18:00
Алматы қ., Абая даңғылы, 10В
3 қабат, 310 кабинет
27.02.2025

Тендерге төмендегі қосымшаларда көрсетілген критерийлерге сай келетін әлеуетті жеткізушілер қатыса алады:

  • №4 Қосымша Жеткізушіге қойылатын талаптар.

Техникалық айырықшама мына қосымшада келтірілген;

  • №4 Қосымша Техникалық айырықшама.

Пакеттер мен ұсыныстар жинағы

Мерзімі:
14.03.2025
Уақытына дейін:
12:00
Мекен жай:
Абая даңғ., 10В, 204 кабинет, канцелярия

Тендерге қатысу үшін ықтимал қызмет жеткізушілеріне қойылатын талаптар

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері
  • Әлеуетті жеткізушінің жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес келуі;
  • Тендерлік өтінімнің тендерлік құжаттамадағы техникалық айырықшамаға сәйкес келуі;
  • Баға ұсынысы;
  • Төлеу шарты;
  • Жабдықты жеткізу мерзімі.

Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар пакеті

Құқықтық құжаттар
  1. тендерге қатысуға берілетін өтінімін;
  2. заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша есептік тіркеуге алынғаны туралы куәлік) тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
  3. Мемлекет қайсыбір қызметпен (тауар/жұмыс/қызметтер сатып алу үшін лицензия керек қызметтер) айналысуға берген лицензиясының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын қоса) көшірмесін;
  4. жеткізушінің өкілі - уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  5. жеткізуші уәкілетті тұлғасына Тендерге қатысу үшін берген сенімхатын тапсыру керек.
Қаржылық құжаттама
  1. кемінде 12 айдағы баға ұсынысын;
  2. қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын анықтамалардың түпнұсқасын;
  3. заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған заңды тұлғаның қаржы есептілігінің, бар болса, мөрмен куәландырылған жеке кәсіпкердің салық мағлұмдамасының, мөрі бар болса, мөрімен расталған көшірмелерін;
  4. үміткердің тіркелген жергілікті Салық комитетінің салықтар төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасын;
  5. материалдық-техникалық базасының бар-жоғы туралы мәліметті;
  6. Келісімшарт бойынша тауарды жеткізген кезде «Нұрбанк» АҚ есеп айырысу шоты арқылы өзара есеп айырысуға берген келісімінің растамасын тапсыру керек.
Басқа құжаттар
  1. Техникалық айрықшама, жеткізу шарты, мерзімі.
  2. Алматы қаласында өзінің сервистік орталығының не болмаса сервистік қолдау ұсыну жөніндегі және сервистік орталығының немесе өндіруші компанияның авторланған сервистік әріптесі екендігін растайтын құжаттардың болуы.
  3. Тендерді өткізу сипатына, оның нәтижесіне қарамастан өзінің тендерлік өтінімін дайындауға және беруге байланысты барлық шығыстарды Әлеуетті жеткізуші көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы ол шығыстар бойынша өзіне міндеттеме алмайды.

Өз жағымыздан айтарымыз, Банктің Тендер комиссиясы тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға қатысты ақпаратты қызметтерді әлеуетті жеткізушілерге не болмаса тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға ресми қатыспайтын кез келген тұлғаға ашуға құқылы емес.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді қабылдау мерзімінің соңына дейін өз өтінімін түзетуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.

Тендер өкілі уәкілетті қызмет жеткізуші тұлғасының қатысуымен немесе оның қатыспауымен өткізіледі.

Құжаттама бойынша пакет жасау мәселелері бойынша:

Кальсин Виталий

+7 (727) 2500-000 ішкі 4406

Техникалық сипаттама

Қатысушылардың өтінімі

Жеткізушіге қойылатын талаптар