Лауазымдарға баға беру және грейд құрылымын құру бойынша консультативтік қызметтерді сатып алу

Лауазымдарға баға беру және грейд құрылымын құру бойынша консультативтік қызметтерді сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
06.03.2025
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
16:30
Алматы қ., Абай д-лы, 10В
3-қабат, 310 кабинет
28.02.2025

Қызметтерге жалақы жүйесін аудитін, жалақы торына талдау жүргізіп, оны түзетуді, лауазымдар санаттары бойынша ең төменгіден жоғарысына дейінгі, медиананы анықтауды қамтиды, қызметкерлерді оқыту, осы үрдіске ықпал ететін бөлімшелер, кеңес беру, өткізу және 1300 лауазымға бағытталған градация жүйесін енгізу кіреді.

Пакеттер мен ұсыныстарды жинау

Мерзімі аяқталу күні:
05.03.2025
Күту уақыты:
12:00
Мекен-жайы:
Абай даңғылы, 10В, 204-кеңсе

Қызмет жеткізушілерге қойылатын талаптар тендерге өткізу үшін

Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар

Осы тендерді өткізу сәтінде келесі шарттардың талаптарына сәйкес келген заңды тұлғалар (әлеуетті қызмет жеткізуші) тендерге жіберіледі:

  • кәсіби құзыретке және жұмыс тәжірибесіне ие болуы, қызмет көрсету туралы келісімшартқа сәйкес міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарына ие болуы тиіс;
  • бұрын жасалған келісімшарттар бойынша «Нұрбанк» АҚ-ның тарабынан қойылған кінәраттардың болмауы;
  • төлеуге қабілетті, таратылуға жатпайтын болуы тиіс, оның мүлкіне тыйым салынбаған, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тоқтатылмаған болуы;
  • тендерге қатысуға өтініш берген сәтте және қызмет көрсету туралы келісімшарт жасалған сәтте салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша өз міндеттемелерін орындауы.

Бағдарламалық өнімдердің техникалық айрықшамасы мен сипаттамасы № 5 Қосымшада келтірілген.

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері
  • әлеуетті жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігі;
  • тендерлік өтінімнің тендерлік құжаттаманың техникалық айрықшамаларға сәйкестігі;
  • ұсынылған баға;
  • төлем шарттары.

Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар пакеті

Құқықтық құжаттама
  • тендерге қатысуға өтінім;
  • құрылтай құжаттарының көшірмелері, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеуге қою туралы куәлік);
  • мемлекет тарапынан лицензияланатын қызметті жүргізуге лицензиялардың көшірмелері (түпнұсқа салыстыру үшін) (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер лицензиялауға жататын болса);
  • жеткізушінің өкілі ретінде өкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;—
  • Тендерге қатысу үшін өкілетті тұлғаға жеткізушіден сенімхат.
Қаржылық құжаттама
  • 1 жылға баға ұсыныстары;
  • қызмет көрсетуші банктен үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешегінің жоқ екендігін растайтын анықтаманың түпнұсқасы;
  • заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, бір жыл үшін заңды тұлғаларға арналған қаржы есептіліктердің, мөр болған жағдайда мөрмен бекітілген, жеке кәсіпкерлерге арналған салық декларациялардың көшірмелері;
  • жеткізушінің тіркелген жері бойынша Салық комитетінің салық төлемдері бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманың түпнұсқасы;
  • материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер;
  • «Нұрбанк» АҚ-ға банктік шот арқылы Келісімшарт бойынша жеткізу кезінде өзара есеп айырысуды жүзеге асыруға келісімін растау.

Банктің Тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты әлеуетті қызметтерді жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екендігін ескертеміз.

«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінімдер берген әлеуетті жеткізушілерді тендердің болмайтыны немесе өткізілудің жаңа күнін көрсете отырып ауыстырылғаны туралы жазбаша хабардар ету арқылы тендердің өткізілуін болдырмауға немесе кейінге қалдыруға құқылы.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті қызмет ұсынушының өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлғаның қатысуынсыз жүргізілетін болады.

Құжаттама пакетін қалыптастыру сұрақтары бойынша:

Битебаева Карина

+7 701 7030 228, +7 (727) 259-97-10 ішкі 5498

Техникалық сипаттама

Қатысушылардың өтінімі

Сұрыптау критерийлері