Visa Business PW, Visa Gold PW, Visa Gold PW White Face пластиктерін сатып алу

Visa Business PW, Visa Gold PW, Visa Gold PW White Face пластиктерін сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
24.04.2025
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
16:30
Алматы қ., Абай даңғылы 10В,
3-қабат, 310 кабинет
17.04.2025

Пакеттер мен ұсыныстарды жинау

Срок до:
23.04.2025 ж.
Время до:
12:00
Адрес:
Абай даңғылы 10В, 204 кабинет (Кеңсе)

Тендерге қатысу үшін қызмет көрсететін әлеуетті жеткізушілерге қойылатын талаптар

Тендерге тендер өткізілетін сәтте № 1 Қосымшада әлеуетті қатысушылардың таңдаудың өлшемдеріне сәйкес келуі тиіс заңды тұлғалар (әлеуетті қызмет жеткізушілер) жіберіледі.

Техникалық айырық шамалар және бағдарламалық өнімдердің сипаттамасы № 2 Қосымшада көрсетілген.

Тендерге берілген өтініштерді бағалаудағы өлшемдер
  • Тауардың атауы – пластик Visa Business PW - 3000 дана, Visa Gold PW - 50 000 дана, Visa Gold PW White Face – 2000 дана
  • Шығарушы зауытпен кілттердің үш жиынтығын айырбастау
  • Сертификация жасау үшін BUP карталарды ұсыну
  • Пластик пен Чиптің көлемі әлемдік стандарттарға сәйкес келуі
  • ХТЖ мен OpenWay орындарынан сертификациядан міндетті түрде өту
  • Ұсынылған құн
  • Төлем жасау шарттары - 50% алдын ала төлем, тауарды жеткізілгеннен кейін 50%
  • Заңды тұлғаның ҚР аумағында тіркелуі міндетті;
  • Алматы қаласында офисінің және/немесе өкілеттігінің болуы
  • Банк қызметкерлеріне жұмыс уақыты кезінде, штаттағы режимде техникалық қолдау көрсетілуін қамтамасыз ету (кеңестер, жетілдірулер т.б.). Қажет болған жағдайда, жұмыс уақытынан тыс кезде
  • Тендерлік өтінімнің тендерлік құжаттаманың техникалық айрық шамаларына сәйкес келуі 

Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар пакеті

Заңдық құжаттама

1) 4-қосымшада белгіленген формадағы Тендерге қатысуға берілетін өтініш

2) құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаның тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәліктің немесе анықтаманың немесе жеке кәсіпкердің тіркелгені туралы куәліктің/жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмелері

3) жарғының, сенімхаттың, бірінші басшыны тағайындау туралы шешім мен бұйрықтың, ЖШС құру туралы шешімнің, ЖШС хаттамаларының көшірмелері 

4) белгілі бір қызметті (сатып алынатын тауарларға/жұмыстарға/қызметтерге қатысты қызмет атқару үшін рұқсат алу талап етілсе)  жүргізуге берілген рұқсаттардың көшірмелері (рұқсат қағаз тасымалдағышта берілген жағдайда салыстыру үшін түпнұсқасын) немесе хабарламаларды қабылдаумен айналысатын берген көшірмелер, рұқсаттар мен Үміткердің хабарлама жібергені туралы хабарландырулардың мемлекеттік электронды реестрінің үзінді-көшірмелер (сатып алынатын тауарларға/жұмыстарға/ қызметтерге қатысты хабарландыру жіберу талап етілсе)

5) қызмет көрсететін банктен алынған Үміткердің банктік деректемелерінің, Үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешегінің жоқ екені, ақша қаражаттарына өкім жүргізуде шектеу қойылмағанын растайтын анықтаманың түпнұсқасы

6) заңды тұлғаның уәкілетті органы беретін атқарушы органды (басшыны) сайлау (тағайындау) туралы шешімі, құжаттың нотариалдық түрде куәландырылған көшірмесі

Қаржылық құжаттама
  1. ұсынған бағасы
  2. қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында  мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын  анықтаманың түпнұсқасы
  3. заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, заңды тұлғаның бір жылдық қаржы есептілігінің, бар болса, мөрмен куәландырылған жеке кәсіпкердің салық декларациясының  көшірмелері
  4. жеткізушінің тіркелген мекеніндегі Салық комитетінен алынған  салықтар төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы
  5. материалдық-техникалық базасы туралы мәлімет

    Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімдерін дайындау мен ұсынуға қатысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы тендердің өткізілуі мен нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, бұл шығындар үшін жауапқа тартылмайды және шығындарды өтеуге міндетті емес.

Банктің Тендер комиссиясы тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін ерекше атаймыз.

     «Нұрбанк» АҚ тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендердің өткізілмейтіні немесе кейінге қалдырылғаны туралы жазбаша хабарламасын жібере отырып, тендерді өткізбеуге немесе кейінге қалдыруға құқылы.  

     Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

     

Тендер әлеуетті жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлғаның қатысуынсыз жүргізілетін болады.

Құжаттама пакетін құру бойынша сұрақтар:

Заңдық және қаржылық құжаттаманы құруға қатысты мәселелер бойынша Владимир Морозовпен байланысыңыз – тел. +7 (727) 2 500 000 ішкі 5385, пошта: vmorozov@nurbank.kz;

Басқа мәселелер бойынша Олег Киммен байланысыңыз – тел. +7 (727) 259-97-10 ішкі 4528, пошта: Olkim@nurbank.kz

Пластикті сатып алу жөніндегі тендерге қатысушыларды таңдау өлшемдерінің тізімдемесі

Техникалық талап/айрықшама

Қатысушылардың өтінімі