Бас Банк пен филиалдар үшін кеңсе тауарларын сатып алу

Бас Банк пен филиалдар үшін кеңсе тауарларын сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
19.06.2025
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
16:30
г. Алматы, пр. Абая, 10В
3 этаж, кабинет 310
05.06.2025

Пакеттер мен ұсыныстарды жинақтау

Мерзімі:
04.06.2025
Уақыты:
12:00-ге дейін
Мекенжайы:
Абай даңғылы, 10В, 204-кабинет

Тендерге қатысу үшін құжаттардың келесі топтамасын тапсыру қажет

Заңдық құжаттама
  1. белгіленген формада тендерге қатысу туралы өтінім
  2. құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің (Жарғы, қосалқы құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік) көшірмелері
  3. мемлекет лицензиялайтын қандай болса да қызмет жүргізу лицензиясының көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқасы) (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша қызмет лицензиялануға жататын болса)
  4. уәкілетті тұлғаның – жеткізушінің өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі
  5. бірінші басшының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
  6. жеткізушінің тендерге қатысу үшін уәкілетті тұлғаға берген сенімхаты
Қаржы құжаттамасы
  1. қызмет көрсетуші банктен үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешегінің жоқ екендігін растайтын анықтаманың түпнұсқасы
  2. заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, бір жыл үшін заңды тұлғаларға арналған қаржы есептіліктердің, мөр болған жағдайда мөрмен бекітілген, жеке кәсіпкерлерге арналған салық декларациялардың көшірмелері
  3. жеткізушінің тіркелген жері бойынша Салық комитетінің салық төлемдері бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманың түпнұсқасы
  4. міндеттемелердің уақытылы, толық орындалуы мен басқаларды (бар болған жағдайда) қоса әріптестік тәжірибесін бағалау мен сипаттамасы бар, жеткізушімен бұрын қызмет істеген заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсынымдары мен пікірлерінің көшірмелері
  5. материалдық-техникалық базаның бар екендігі туралы мәліметтер
  6. баға ұсыныстары
  7. Тендер өткізілетін алдында 2 (екі) жыл бұрын Корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Алдыңғы екі жылда салық есебінде залалдар болған жағдайда, қатысушы ұсынылған тауардың / қызметтің (кейін халықаралық іскерлік операцияның мәні болып табылатын, тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алу бойынша) негізделген бағаларын беруі қажет
Өзге құжаттама
  1. тауардың сипаттамасы, жеткізу шарттары, мерзімі.

Банктің тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты ықтимал қызметтерді жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екендігін ескертеміз.

«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінімдер берген ықтимал жеткізушілерді тендердің болмайтыны немесе өткізілудің жаңа күнін көрсете отырып ауыстырылғаны туралы жазбаша хабардар ету арқылы тендердің өткізілуін болдырмауға немесе кейінге қалдыруға құқылы.

Ықтимал жеткізуші тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

 

Тендер әлеуетті қызмет жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспаса, оның қатысуынсыз өткізілетін болады

Баға ұсыныстары және құжаттар топтамасына қатысты сұрақтар бойынша келесі байланыс тұлғаларымен хабарласуыңызға болады:

  • М.С. Жангужинова – тел.: 8 (7272) 599-710, ішкі нөмірі: 4654 ұялы тел.: +7 701 221 8873 , mzhanguzhinova@nurbank.kz

  • У.Н. Утегенова – тел.: 8 (7272) 599-710, ішкі нөмірі: 5080 ұялы тел.: +7 702 715 1829,uutegenova@nurbank.kz

Қатысуға өтінім