Келесі қызметтерді/жұмыстарды сатып алу бойынша ашық тендер жариялаймыз:
- осы хабарландыруға №1 мен №2 қосымшаларда баяндалған талаптарға сәйкес «Нұрбанк» АҚ объектілерінде күзет-дабыл және өрт дабылдамасы құралдарына мониторинг жүргізу»;
- осы хабарландыруға №3 пен №4 қосымшаларда баяндалған талаптарға сәйкес «Нұрбанк» АҚ объектілеріндегі қауіпсіздік жүйелеріне техникалық қызмет көрсету».
Тендерге осы хабарландырудың №1,2,3,4 қосымшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келген заңды тұлғалар (әлеуетті қызмет жеткізушілер) жіберіледі.
Банктің Тендер комиссиясы тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін ерекше атаймыз.
«Нұрбанк» АҚ тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендердің өткізілмейтіні немесе кейінге қалдырылғаны туралы жазбаша хабарламасын (электрондық) жібере отырып, тендерді өткізбеуге немесе кейінге қалдыруға құқылы.
Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлғаның қатысуынсыз жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, әлеуетті жеткізуші сұратылған құжаттардың көшірмелерін міндетті түрде searenov@nurbank.kz электрондық поштасына жіберуі тиіс.
Аренов Сергей Амангельдиевич, +7 (727) 259 9710, ішкі нөмері 4610, searenov@nurbank.kz