Оптикалық коммутаторларды сатып алу

Оптикалық коммутаторларды сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
03.10.2025
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
18:00
Алматы қ., Абай даңғылы 10 «Б»
3-қабат, 310-кабинет
18.09.2025

Ұсыныстар мен жиынтықтарды жинау

Мерзімі:
02.10.2025
Уақыт:
12:00-ге (қоса алғанда) дейін
Мекенжайы:
Абай даңғылы 10В, 204 кабинет

Тендерге жеткізушіге қойылатын талаптардың өлшемдеріне жауап бере алатын әлеуетті жеткізушілер жіберіледі

Алдын ала тендерге берілген өтінімдерді бағалаудағы өлшемдер
  • алдын ала тендерге берілген өтінішінің тендерлік құжаттаманың техникалық айрықшамаларына сәйкес келуі
  • ұсынылған баға
  • төлем шарттары
  • жабдықты жеткізу мерзімі.

Тендерге қатысу үшін құжаттардың келесі топтамаларын тапсыру қажет

Заңдық құжаттар
  1. құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаның тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәліктің (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша тіркеуге тұрғаны туралы куәлік)  көшірмесі
  2. мемлекет лицензиялаған қандай да бір қызметті атқаруға берілген лицензиясының (егер сатылатын тауар/жұмыс/қызмет лицензиялануы тиіс болса) көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасымен)
  3. жеткізушінің уәкілетті тұлғасының – өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
  4. жеткізушінің уәкілетті өкіліне Тендерге қатысуына берген сенімхаты
Қаржылық құжаттар
  1. қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында  мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын  анықтаманың түпнұсқасы
  2. заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, заңды тұлғаның бір жылдық қаржы есептілігінің, бар болса, мөрмен куәландырылған жеке кәсіпкердің салық декларациясының  көшірмелері
  3. жеткізушінің тіркелген мекеніндегі Салық комитетінен алынған  салықтар төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы
  4. материалдық-техникалық базасы туралы мәлімет;
  5. Келісімшарт бойынша жеткізген кезде өзара есептерді «Нұрбанк» АҚ-дағы банктік шот арқылы жүргізуге берген келісімнің растамасы
Басқа құжаттама
  • техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, мерзімі.
  • Алматы қ. өзінің сервис орталығының болуы немесе сервистік қолдау көрсететінін растайтын құжаттар мен өндіруші компанияның сервистік серіктесінің авторлау жасалған ресми өкілеттігінің болуы.

Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімдерін дайындау мен ұсынуға қатысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы тендердің өткізілуі мен нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, бұл шығындар үшін жауапқа тартылмайды және шығындарды өтеуге міндетті емес.

Банктің Тендер комиссиясы тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін ерекше атаймыз.

Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Алдын ала тендер әлеуетті жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлға тендерге қатыспаған кезде, оның қатысуынсыз жүргізілетін болады.

Құжаттарды техникалық тапсырмаға сәйкес дайындауға қатысты мәселелер бойынша Виталий Игоревич Кальсинмен байланысыңыз:

 +7 (727)2 500 000, ішкі тел. 4406, vkalsin@nurbank.kz

Техникалық айырықшма

Жеткізушіге қойылатын талаптар

Қатысуға өтінім