DWH енгізу қызметтерін сатып алу үшін әлеуетті жеткізушіні табу үшін алдын ала тендерлік іс-шаралар өткізілетінін хабарлаймыз. Қарауға 1-қосымшада (Техникалық ерекшелік) көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс заңды тұлғалардың (әлеуетті қызмет берушілер) ұсыныстары қабылданады.
«Нұрбанк» АҚ жаңа ұсыныс туралы өзінің әлеуетті жеткізушілерін электронды түрде жазбаша хабардар ете отырып, ұсыныстарды жинауды тоқтата тұру немесе кейінге қалдыру құқығын өзіне қалдырады.
Әлеуетті өнім беруші ұсынысты алу мерзімі өткенге дейін өз өтінімін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Ұсыныстарды берудің соңғы мерзімі 2025 жылдың 9 қазаны, сағат 12:00-ге дейін.
Техникалық тапсырмаға сәйкес құжаттамалар топтамасын жасақтау жөніндегі сұрақтармен Искалиев Арманға хабарласуға болады: +7 (702) 617 31 38, aIskaliyev@nurbank.kz