Банктің проблемалы кредиттеріне қатысты кепілзаттық нысандарға және Банк балансындағы нысандарға мониторинг жасау қызметтерін сатып алу

Банктің проблемалы кредиттеріне қатысты кепілзаттық нысандарға және Банк балансындағы нысандарға мониторинг жасау қызметтерін сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
16.10.2025
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
16:30
Алматы қ., Абай даңғ., 10 «В»
3 қабат, кабинет 310 кабинет
06.10.2025

Пакеттер мен ұсыныстар жинағы

Мерзімі:
15.10.2025
Уақыт:
12:00-ге дейін
Мекенжай:
Абай даңғ., 10 «В», кеңсе, №204 кабинет

1-Лот: Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Пригородный ауылы, н/ж мекенжайында орналасқан жылжымайтын мүлік – мұнай базасына тәулік бойы қарусыз физикалық күзету.

Күзет бекеттерінің саны – 2 (екі)

Жеткізушілерге қойылатын басты талаптар
  1. Компания заңды тұлға болуы тиіс.
  2. Міндеттерді келісімшартқа сәйкес орындауға қажетті қаржылық, материалдық және еңбек қолы ресурстарымен қамтылуы керек.
  3. Төлем жасауға қабілетті, жойылуға жатпайды, Компания мүліктеріне тыйым салынбаған, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тоқтатылмаған болуы тиіс.
  4. Тендер өткізілетін кезде Компанияда және оның бірінші басшысында/құрылтайшысында  салықтар мен бюджетке төленуі міндетті төлемдер бойынша берешектерінің болмауы.
  5. Бұрын жасалған келісімшарттар бойынша «Нұрбанк» АҚ тарабынан айтарлықтай айып тағылмауы тиіс.
  6. Физикалық күзет қызмет көрсетуге берілген мемлекеттік лицензиясының болуы керек.
  7. Күзетшілерде нысанды киімі және арнайы құралдары болуы тиіс.
  8. Қазақстан Республикасы аумағында филиалдар жүйесінің (болғаны дұрыс) болуы.
  9. Компания Қазақстан Республикасында тіркелуі тиіс.
  10.  Келісімшарт бойынша өзара есеп айырысуды «Нұрбанк» АҚ-да ашылған банктік шот арқылы жүргізуге жеткізушінің берген келісімі (болғаны абзал).
  11. Қызметтердің нақты көрсетілуіне қарай ай сайын төлем жасауға жеткізушінің берген келісімі.

Келісімшарт(тар) жасалатын компания(-лар) Тапсырыс берушінің тауар-материалдық құндылықтарына, мүлкі мен ақша қаражатына ұрлық, тонау немесе қарақшылық шабуыл салдарынан келген, сондай-ақ күзетке алынған нысандар мен жайлардың ілмектерін, құлыптарын, есіктерін, терезелерін, витриналары мен қоршауларын бұзу арқылы және басқа да жолдармен үшінші бір тұлғалар тарабынан жасалған Тапсырыс берушінің тауар-материалдық құндылықтары мен мүлігінің бұзылуынан болған, соның ішінде нысанның күзетімен тікелей айналысатын жұмыскердің кінәсінен келген залалдар үшін Орындаушы жауапқа тартылады. Орындаушы Тапсырыс берушіге Келісімшартта көрсетілген мерзімдерде барлық залалдарды толық көлемде өтеп береді.

Тендерге қатысу үшін құжат топтамалары

Заңды құжаттама
  1. осы хаттың 1-Қосымшасына сәйкес қазақ/орыс тілдеріндегі белгіленген формадағы конкурсқа қатысуға өтінімі;
  2. құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің немесе куәліктің (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша тірке есебіне қойылғаны туралы куәлік) нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
  3. белгілі бір қызметті жүзеге асыруға мемлекет беретін лицензиялардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқасы);
  4. уәкілетті тұлға – жеткізуші өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
  5. жеткізушінің Тендерге қатысуға уәкілетті тұлғасына берген сенімхаты;
  6. атқарушы органды (басшыны) сайлағаны (тағайындағаны) туралы заң тұлғаның шешімі, құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі.
Қаржылық құжаттар
  1. бағаға қатысты ұсыныстары;
  2. үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешегінің жоқтығын растайтын қызмет көрсетуші банк берген анықтаманың түпнұсқасы;
  3. заңды тұлғаның мөрімен расталған, заңды тұлғалар үшін бір жылғы қаржылық есептіліктің көшірмелері;
  4. жеткізуші тіркеуден өткен орын бойынша Салық комитеті берген салық төлеуде берешегінің бар/жоқ екені туралы анықтамасының түпнұсқасы немесе электрондық үзінді көшірмесі;
  5. бұрын жеткізушімен ынтымақтаса жұмыс істеген заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ынтымақтастық тәжірибесіне берген  бағалары мен сипаттамаларын қамтитын, оның ішінде міндеттемелердің уақтылы орындалуы, толық орындалуы және т.б. ұсынымдары енген ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері (бар болса);
  6. Тендер өткізілетін уақытқа дейінгі 2 (екі) жыл ішіндегі Корпоративтік табыс салығы декларациясының көшірмелері. Алдыңғы екі жыл ішінде салық есебінде шығындар болған жағдайда, қатысушы ұсынылатын тауар/қызмет (кейіннен халықаралық іскерлік мәміленің мәні болып табылатын тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алуға қатысты) бағасының негіздемесін ұсынуы қажет;
  7. Келісімшарт бойынша өзара есеп айырысуын «Нұрбанк» АҚ-да ашылған банктік шот арқылы жүргізуге берген келісімнің растамасы. Жеткізуші шот ашудан бас тартқан жағдайда, сәйкесті хатты тапсыруы қажет.

Әлеуетті Жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындауға және ұсынуға байланысты орын алған барлық шығындарды өзі көтереді, ал Банк пен тендерлік комиссия тендерді өткізудің сипатына және тендер нәтижелеріне қарамастан, бұл шығындар үшін жауап бермейді жәнге міндеттелмейді.  

Өз тарапымыздан «Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінімдерді берген әлеуетті жеткізушілерге тендердің күшін жою немесе жаңа күнді көрсете отырып, кейінге қалдыру туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, тендерді тоқтатуға немесе кейінге қалдыруға құқылы екенін ескертеміз.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің өтінімін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе уәкілетті тұлғаның тендерге қатыспағанына қарамастан, өткізіледі.

Тендердің «SKYPE» бағдарламалық қамтамасы көмегімен қашықтан өткізілетінін қосымша хабарлаймыз.

Бағаға қатысты ұсыныстарға қатысты мәселелер және басқа сауалдар бойынша Батырлан Ахметович Токтабаевқа хабарласыңыздар,

тел : 8 (727) 2 599-710 ішкі 5650, ұялы тел. + 7 707 788 77 78, email: BTOKTABAEV@NURBANK.KZ.

Қатысуға өтінім