Қонақүй қызметтерін сатып алу

Қонақүй қызметтерін сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
05.02.2026
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
18:00
Алматы қ., Абай даңғ., 10В
3-қабат, 310-кабинет
27.01.2026

Ұсыныстар мен жиынтықтарды жинау

Мерзімі:
04.02.2026
Уақыт:
12:00-ге (қоса алғанда) дейін
Мекенжайы:
Абай даңғылы 10В, 204 кабинет

Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар

  • «Нұрбанк» АҚ-да шот ашу 
  • Төлемді қонақтар төлем карточкасымен немесе келгеннен кейін қолма-қол түрде төлей алады   
  • Конференц-залдың және интернеттің міндетті түрде болуы
  • кәсіби құзыреттілігі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы, қызмет көрсету келісімшартына сәйкес міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржы, материалдық және еңбек ресурстары болуы тиіс;
  • төлеуге қабілетті, таратылуға жатпайтын болуы тиіс, оның мүлкіне тыйым салынбаған, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тоқтатылмаған болуы тиіс.
Заңдық құжаттар
  1. белгіленген формада тендерге қатысу туралы өтінім  
  2. құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің (Жарғы, қосалқы құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік) нотариалды куәландырылған көшірмелері
  3. мемлекет лицензиялайтын қандай болса да қызмет жүргізу лицензиясының көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқасы) (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша қызмет лицензиялануға жататын болса)
  4. уәкілетті тұлғаның – жеткізушінің өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі
  5. бірінші басшының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі
  6. жеткізушінің Тендерге қатысу үшін уәкілетті тұлғаға берген сенімхаты
Қаржылық құжаттар
  1. қызмет көрсетуші банктен үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешегінің жоқ екендігін растайтын анықтаманың түпнұсқасы
  2. заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, бір жыл үшін заңды тұлғаларға арналған қаржы есептіліктердің, мөр болған жағдайда мөрмен бекітілген, жеке кәсіпкерлерге арналған салық декларациялардың көшірмелері
  3. жеткізушінің тіркелген жері бойынша Салық комитетінің салық төлемдері бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманың түпнұсқасы
  4. міндеттемелердің уақытылы, толық орындалуы мен басқаларды (бар болған жағдайда) қоса әріптестік тәжірибесін бағалау мен сипаттамасы бар, жеткізушімен бұрын қызмет істеген заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсынымдары мен пікірлерінің көшірмелері
  5. материалдық-техникалық базаның бар екендігі туралы мәліметтер
  6. баға ұсыныстары
  7. Тендер өткізілетін алдында 2 (екі) жыл бұрын Корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Алдыңғы екі жылда салық есебінде залалдар болған жағдайда, қатысушы ұсынылған тауардың / қызметтің (кейін халықаралық іскерлік операцияның мәні болып табылатын, тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алу бойынша) негізделген бағаларын беруі қажет

Жеткізуші тендерлік өтінімін дайындау мен беруге байланысты барлық шығындарды өзі көтереді, ал Банк пен тендерлік комиссия тендердің өткізілу сипаты мен қорытындыларына қарамастан, осы шығындар бойынша міндеттемелерді өзіне алмайды және жауап бермейді. 

Банктің Тендер комиссиясы тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін ерекше атаймыз.

Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлға тендерге қатыспаған кезде, оның қатысуынсыз жүргізілетін болады.

Байланысушы тұлғалар:

 

Баға ұсыныстары және құжаттар топтамасына байланысты мәселелер бойынша:

  • +7 (702) 750-50-80 ішкі нөмір 5628, ADanilova@nurbank.kz  А.А. Даниловамен,
  • +7 (7272) 599-710 ішкі нөмір 4654, +7 +7 701 221 88 73, mzhanguzhinova@nurbank.kz М.С. Жангужиновамен хабарласа аласыз.

Қатысуға өтінім