IBM QRadar SIEM және SOAR ақпараттық қауіпсіздік жүйелеріне техникалық қолдау көрсету қызметтерін сатып алу

IBM QRadar SIEM және SOAR ақпараттық қауіпсіздік жүйелеріне техникалық қолдау көрсету қызметтерін сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
12.02.2026
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
18:00
Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 «В»
3-қабат, 310-кабинет
04.02.2026

Ұсыныстар мен жиынтықтарды жинау

Мерзімі:
11.02.2026
Уақыт:
12:00-ге (қоса алғанда) дейін
Мекенжайы:
Абай даңғылы 10В, 204 кабинет

Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар

  1. Кәсіби біліктігі мен жұмыс тәжірибесі, жеткізу туралы келісімшартқа сәйкес міндеттемелер орындау үшін қажетті қаржы, материалдық және еңбек ресурстары болуы тиіс.
  2. Төлемге қабілетті, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте таратуға жатпауға, оның мүлкіне тыйым салынбауы, қаржы-шаруашылық ісі тоқтатылмаған болуы тиіс.
  3. Тендерге қатысу өтінімін беру және жеткізу/қызмет көрсету туралы келісімшарт жасалатын күндері өзінің салық пен бюджетке төленуі тиіс басқа міндетті төлемдерді төлеу міндеттемелерін орындаған тұлға болуы тиіс.
  4. Техникалық талаптар мен таехникалық айырықшамаға  сәйкес келу.
  5. Төлеу шарты: "Нұрбанк" АҚ-ғы банктік шот арқылы, төлеу шарты 50% алғы төлем, 50% кейін төлеу.
  6. Жеткізу мерзімі: келісімшарт жасалған күннен 30 күнтізбелік күн.
Заңдық құжаттар
  1. заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша есептік тіркеуге алынғаны туралы куәлік) тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
  2. Мемлекет қайсыбір қызметпен (тауар/жұмыс/қызметтер сатып алу үшін лицензия керек қызметтер) айналысуға берген лицензиясының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын қоса) көшірмесін;
  3. жеткізуші уәкілетті тұлғасына Тендерге қатысу үшін берген сенімхатын;
  4. директорды тағайындау туралы шешімнің және бұйрықтың көшірмесін (мөрімен, қолтаңбасымен) тапсыру керек.
Қаржылық құжаттар

1) 2 жылға баға ұсынысын;

2) қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын анықтамалардың түпнұсқасын

3) заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған заңды тұлғаның қаржы есептілігінің, бар болса, мөрмен куәландырылған жеке кәсіпкердің салық мағлұмдамасының, мөрі бар болса, мөрімен расталған көшірмелерін

4) жеткізушінің тіркелген жергілікті Салық комитетінің салық төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасын

5) материалдық-техникалық базасының бар-жоғы туралы мәліметті

6) Келісімшарт бойынша жеткізу кезінде есеп айырысуды «Нұрбанк» АҚ-тағы есеп айырысу шоты арқылы жүзеге асыруға келісімінің растамасын тапсыру керек

Басқа құжаттама
  1. тендерге қатысуға өтінім
  2. техникалық айырықшама, жеткізу шарты мен мерзімі
  3. Қазақстан Республикасының аумағында техникалық қолдау қызметін көрсету құқығын растайтын IBM QRadar SIEM және SOAR өндірушісі берген авторландыру хаты

Әлеуетті жеткізушінің нарықтағы тәжірибесі кемінде 2 жыл.

Жеткізілім толық көлемде Тапсырыс берушінің мекенжайына жеткізілуі тиіс.

Тендерді өткізу сипатына, оның нәтижесіне қарамастан өзінің тендерлік өтінімін дайындауға және беруге байланысты барлық шығыстарды Әлеуетті жеткізуші көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы ол шығыстар бойынша өзіне міндеттеме алмайды.

Өз жағымыздан айтарымыз, Банктің Тендер комиссиясы тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға қатысты ақпаратты қызметтерді әлеуетті жеткізушілерге не болмаса тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға ресми қатыспайтын кез келген тұлғаға ашуға құқылы емес.

«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендер өткізілмейтіні, өткізілетін жаңа күнін көрсете отырып, тендер басқа күнге қалдырылғаны туралы хабарлай отырып, тендерді кейінге қалдыруға немесе өткізуден бас тартуға құқылы.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді қабылдау мерзімінің соңына дейін өз өтінімін түзетуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе, егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспайтын болса, оның қатысуынсыз өткізіледі.

 

Байланыс орнататын тұлға:

Морозов Владимир Владимирович

Тел.+7 (727) 250 00 00, ішкі 5385

VMorozov@nurbank.kz

Қатысуға өтінім

ТЕХНИКАЛЫҚ АЙЫРЫҚШАМАСЫ