Лот: Nurbank.kz интернет-ресурсында келесі сілтемелер арқылы кредит бойынша консультацияға бірегей өтінімдерді қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлғаларға арналған кредиттер (кепілзатсыз кредит, кепілзаттық және кепілзатсыз кредиттерді қайта қаржыландыру) бойынша жарнамалық-ақпараттық материалдарды Интернет желісінде орналастыру қызметтерін сатып алу:
/person/credits/unsecured-loan/
/ru/person/credits/external-refinancing/
/ru/person/credits/external-refinancing-collateralised-loans/
KPI: жеке тұлғаларға арналған кредиттер (кепілзатсыз кредит, кепілзаттық және кепілзатсыз кредиттерді қайта қаржыландыру) бойынша жарнамалық-ақпараттық материалдардан көшуден алынған, nurbank.kz интернет-ресурсында әлеуетті қарыз алушылар ресімдеген кредит бойынша консультацияға өтінімдер.
Кезең: 5 ай, 2026 жылдың сәуірі – тамыз айының соңына дейін
Бюджет: жеткізушінің сыйақысы мен ҚҚС-ті ескере отырып 36 000 000 теңге
География: Қазақстан Республикасы
Мақсатты аудитория: 25+, ақшаға мұқтаж орташа табысы бар әйелдер мен еркектер.
Құралдар: Goоgle, Яндекс, META, TikTok-та іздеу және контекстік жарнама.
Төлемнің міндетті шарттары:
Жеткізушінің сыйақысы келесі тәртіпте төленеді:
1) KPI 100%-ға жеткен кезде жеткізушіге Интернет желісінде жарнама орналастыру бойынша қызметтер құнының 100%-ы төленеді.
2) KPI 85%-дан 99%-ға дейін жеткен кезде жеткізушіге Интернет желісінде жарнама орналастыру бойынша қызметтер құнының 85%-ы төленеді.
3) KPI 50%-дан 84%-ға дейін жеткен кезде жеткізушіге Интернет желісінде жарнама орналастыру бойынша қызметтер құнының 40%-ы төленеді.
4) KPI 50%-ға жетпеген кезде Интернет желісінде жарнама орналастыру бойынша қызметтер құны төленбейді.
Төлем шарттары: жарнамалық кабинеттерді толықтыру қызметі мен жарнамалық материалдарды орналастыру қызметі үшін - Тараптар есептік кезеңде орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актіне қол қойғаннан кейін есепті кезеңде (айда) көрсетілген қызметтер фактісі бойынша ай сайынғы кейінгі төлем.
KPI-ға жетпеген жағдайда қызметтер құнын қайта есептеу жарнамалық компанияның орналастыру кезеңі аяқталғаннан кейін қызметтер көрсету қорытындылары бойынша жүргізіледі. KPI-ды орындамағаны үшін пайыздық градация қолданылатынын ескере отырып, жеткізушінің қызметтерінің құны түпкілікті есеп айырысу сәтіне дейін Банк төлеген қызметтер құнынан аз болған жағдайда, жеткізуші Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актіне қол қойылған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Банкке қайтару үшін қайта есептелген соманы қайтаруға міндеттенеді.
Жарнамалық кабинеттерді толықтыру қызметі мен жарнамалық материалдарды орналастыру қызметі үшін - Тараптар есепті кезең үшін Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актіне қол қойғаннан кейін есепті кезеңдегі (айдағы) нақты көрсетілген қызметтерге ай сайынғы кейінгі төлем.
Өз жағымыздан айтарымыз, Банктің Тендер комиссиясы тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға қатысты ақпаратты қызметтерді әлеуетті жеткізушілерге не болмаса тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға ресми қатыспайтын кез келген тұлғаға ашуға құқылы емес.
«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендер өткізілмейтіні, өткізілетін жаңа күнін көрсете отырып, тендер басқа күнге қалдырылғаны туралы хабарлай отырып, тендерді кейінге қалдыруға немесе өткізуден бас тартуға құқылы.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді қабылдау мерзімінің соңына дейін өз өтінімін түзетуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе, егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспайтын болса, оның қатысуынсыз өткізіледі.
Байланыс орнататын тұлға:
Морозов Владимир Владимирович
Тел.+7 (727) 250 00 00, ішкі 5385
Баға ұсыныстары мен басқа сұрақтар бойынша: +7 (727) 2 599-710, ішкі нөмір 5840, моб. + 7 701 224 28 95, nankudinova@nurbank.kz арқылы Наталья Анкудиноваға хабарласу керек.