Автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша сатып алу

Автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
26.03.2026
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
16:30
Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В»
3 қабат, 310 кабинет
12.03.2026

Ұсыныстар мен жиынтықтарды жинау

Мерзімі:
20.03.2026
Уақыт:
12:00-ге (қоса алғанда) дейін
Мекенжайы:
Абай даңғылы 10В, 204 кабинет

Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар

  • Төлемді қызмет көрсетілгеннен кейін жүзеге асыру
  • Қызмет көрсету мен қосалқы бөлшектерге қолайлы баға ұсынысы
  • Жөндеуге берілген автокөліктің сақталуын қамтамасыз ету
  • Сатып алатын қосалқы бөлшектерді (сапасы мен бағасын) міндетті түрде Банкпен келісу
  • Қызмет көрсету мен қосалқы бөлшектерге кепілдікті міндеттеме
  • Мәртебе – заңды тұлға
  • Біліктілік құзыреті мен кемінде 5 жыл еңбек тәжірибесі болуы, міндеттемелерді  қызметтер келісімшартына сәйкес орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек  ресурстары болуы тиіс;
  • Төлеуге қабілетті, таратылуға жатпайтын болуы, оның мүлкіне тыйым салынбауы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатылмауы тиіс;
Заң құжаттамасы
  1. белгіленген формада тендерге қатысуға берілетін өтінімін;
  2. заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша есептік тіркеуге алынғаны туралы куәлік) тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
  3. Мемлекет қайсыбір қызметпен (тауар/жұмыс/қызметтер сатып алу үшін лицензия керек қызметтер) айналысуға берген лицензиясының көшірмесін;
  4. жеткізушінің өкілі -  уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін тапсыру керек;
Қаржылық құжаттар
  1. қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын анықтамалардың түпнұсқасын
  2. заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған заңды тұлғаның қаржы есептілігінің, бар болса, мөрмен куәландырылған жеке кәсіпкердің салық мағлұмдамасының, мөрі бар болса, мөрімен расталған көшірмелерін
  3. үміткердің тіркелген жергілікті Салық комитетінің салықтар төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасын
  4. бұрын жеткізушімен ынтымақтасқан заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсынымдары мен пікірлерінің, міндеттемелердің уақтылығын, толық орындалуын және басқаларын қоса алғанда, ынтымақтастық тәжірибесінің бағалары мен сипаттамаларын қамтитын көшірмелерін (бар болса)
  5. материалдық-техникалық базасының бар-жоғы туралы мәліметті
  6. баға ұсынысын
  7. тендер өткізудің алдындағы 2 (екі) жыл үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Алдыңғы екі жылдағы салық есебінде шығындар болған кезде қатысушыға ұсынылатын тауардың / көрсетілетін қызметтің (кейіннен халықаралық іскерлік операцияның нысанасы болып табылатын тауарларды/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша)бағасының негіздемесін ұсыну қажет
Басқа құжаттама
  1. бұрын жеткізушімен ынтымақтаса жұмыс істеген заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің міндеттемелерді уақтылы, толық орындауды және т.б. (бар болған жағдайда) қоса, ынтымақтастық тәжірибесінің бағалануы мен сипаттамалары бар ұсынымдары мен пікірлері;
  2. Жеткізуші осы тендерге қоса беру қажет деп санайтын басқа да құжаттама.

Келісімшарт жасалған жағдайда Банкке келесі құжаттарды беру қажет болады:

  • құрылтай құжаттарының, бірінші басшыға шығарылған бұйрықтың, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің (Жарғы, қосалқы құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік) нотариалды куәландырылған көшірмелері;
  • қызмет көрсетуші банктен үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешегінің жоқ екендігін растайтын анықтаманың түпнұсқасы;
  • жеткізушінің тіркелген жері бойынша Салық комитетінің салық төлемдері бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманың түпнұсқасы;

Өз жағымыздан айтарымыз, Банктің Тендер комиссиясы тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға қатысты ақпаратты қызметтерді әлеуетті жеткізушілерге не болмаса тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға ресми қатыспайтын кез келген тұлғаға ашуға құқылы емес.

"Нұрбанк" АҚ әлеуетті жеткізушілерді осы хабарламаның күшін жойғаны немесе кейінге қалдырғаны туралы жазбаша хабардар ете отырып, ұсыныстарды жинаудың жаңа күнін көрсетіп, ұсыныстарды жинаудың күшін жоюға немесе кейінге қалдыруға құқылы.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді қабылдау мерзімінің соңына дейін өз өтінімін түзетуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.

Байланыс орнататын тұлға:

Баға ұсыныстары мен құжаттар топтамасына қатысты мәселелермен

  • тел: 8(7272) 599-710, ішкі 4401, +7 707 707 00 55, e-mail: ssembayev@nurbank.kz бойынша С.Б. Сембаевқа хабарласу керек.

Қатысуға өтінім