ESG-трансформациясы бойынша консультациялық қызметтерді сатып алу

ESG-трансформациясы бойынша консультациялық қызметтерді сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
16.04.2026
Тендердің басталуы:
14:00
Сауда аяқталуы:
16:00
Алматы қ., Абай даңғ., 10 «В»
3 қабат, кабинет 310
06.04.2026

Ұсыныстар мен жиынтықтарды жинау

Мерзімі:
13.04.2026
Уақыт:
12:00-ге (қоса алғанда) дейін
Мекенжайы:
Абай даңғылы 10В, 204 кабинет

Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар

Тендерге, тендер өткізілетін сәтте келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс заңды тұлғалар (әлеуетті қызмет жеткізушілер) жіберіледі:

  1. S&P Global CSA скорингін алу үдерісін сүйемелдеуде тәжірибесінің болуы
  2. Команда құрамында ESG саласында сертификатталған сарапшылардың болуы (IFRS S1, IFRS S2, GRI, CFA ESG, мүмкіндігінше 2022 жылға дейін алынған)
  3. Қызметкерлердің ESG саласы бойынша халықаралық қаржы ұйымдары (ЕҚДБ, Халықаралық қаржы корпорациясы) өткізген тренингтерден өткені туралы сертификаттарының болуы
  4. Қаржы секторы үшін тұрақты даму жөніндегі есепті дайындау тәжірибесінің кемінде 3 жыл болуы
  5. Банктер мен қаржы ұйымдары үшін іске асырылған жобалардың болуы (жобалар порт фолиосын ұсыну)
  6. ESG саласындағы ҚР заңнамасы талаптарын және тұрақты дамудың халықаралық стандарттарын (ISSB) білу
  7. GHG Protocol және PCAF стандарттарына сәйкес парниктік газдар шығарындыларын (GHG emissions) есепке алу және есептеу әдіснамасын білу  

Алдағы сатып алудың сипаттамасы:

  1. Тұрақты даму жөніндегі есеп үшін маңызды тақырыптар тізбесін айқындау
  2. Банктің 2025 жылға арналған толық ESG-есебін дайындау
  3. Банктің тұрақты даму бойынша деректерді жинау жүйесін қалыптастыру (ESG статистикасы). Тұрақты даму туралы ақпаратты және тиісті есепті қалыптастыру мақсатында ESG статистикасының дерекқорын құру
  4. Парниктік газдар шығарындыларына жыл сайынғы бағалау/түгендеу жүргізу
  5. Тұрақты даму бойынша жыл сайынғы жария қаржылық емес есептілікті дайындау
  6. Қызметкерлердің тартылу деңгейін өлшеу
  7. ESG Data Book және енгізу жөніндегі Roadmap әзірлеу
  8. Банктің тұрақты даму саясатын әзірлеу
  9. Банктің құрылымдық бөлімшелерінің ESG және тұрақты даму мәселелеріне жауапты басшылары үшін тұрақты даму және ESG бойынша оқыту (оның ішінде оффлайн форматта) өткізу
  10. ESG және тұрақты даму мәселелері бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне және осы бағытта тікелей жұмыс атқаратын тұлғаларға арналған оқыту сабақтарын (оның ішінде оффлайн форматта) өткізу
  11. Банктің Басшылығы мен Директорлар кеңесінің мүшелері үшін тұрақты даму және ESG бойынша оқыту сабақтарын (оның ішінде оффлайн форматта) өткізу;
  12. Халықаралық ESG рейтингін алу үдерісіне жәрдем көрсету
  13. ESG-көрсеткіштерін есептеу әдіснамасын әзірлеу және бұдан кейінгі жыл сайынғы есептілік үшін қолдану: ESG-көрсеткіштерін стандартталған түрде есептеуді қамтамасыз ететін бірыңғай әдістемелік құжатты әзірлеу және Банкіге ұсыну

Қызметтер көлемінің толық сипаттамасы, қатысушыларға қойылатын талаптар және жобадан күтілетін нәтижелер Техникалық тапсырмада (тендер хабарландыруының №1 Қосымшасы) көрсетілген.

Тендер өтінімдерін бағалау өлшемдері
  1. әлеуетті жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сай келуі
  2. ұсынылған баға
  3. төлем шарты
  4. қызметтерді көрсету мерзімі
Заңдық құжаттар
  1. тендерге қатысуға берілетін өтініш
  2. құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаның тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәліктің (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша тіркеуге тұрғаны туралы куәлік)  көшірмесі
  3. мемлекет лицензиялаған қандай да бір қызметті атқаруға берілген лицензиясының (егер сатылатын тауар/жұмыс/қызмет лицензиялануы тиіс болса) көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасымен)
  4. жеткізушінің уәкілетті өкіліне Тендерге қатысуына берген сенімхаты
  5. директорды тағайындау туралы шешім мен бұйрықтың көшірмелері
Қаржылық құжаттар
  1. 1 жылға ұсынған бағасы
  2. қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында  мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын  анықтаманың түпнұсқасы
  3. заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, заңды тұлғаның бір жылдық қаржы есептілігінің, бар болса, мөрмен куәландырылған жеке кәсіпкердің салық декларациясының  көшірмелері
  4. жеткізушінің тіркелген мекеніндегі Салық комитетінен алынған  салықтар төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы
  5. материалдық-техникалық базасы туралы мәлімет
  6. Келісімшарт бойынша жеткізген кезде өзара есептерді «Нұрбанк» АҚ-дағы банктік шот арқылы жүргізуге берген келісімнің растамасы
  7. жалпы белгіленген салық режимінің жазбаша растамасы

Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімдерін дайындау мен ұсынуға қатысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы тендердің өткізілуі мен нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, бұл шығындар үшін жауапқа тартылмайды және шығындарды өтеуге міндетті емес.

Банктің Тендер комиссиясы тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін ерекше атаймыз.

«Нұрбанк» АҚ тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендердің өткізілмейтіні немесе кейінге қалдырылғаны туралы жазбаша хабарламасын жібере отырып, тендерді өткізбеуге немесе кейінге қалдыруға құқылы.  

Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлғаның қатысуынсыз жүргізілетін болады.

Байланысушы тұлғалар:

Асия Казанбасова, +7 771 327 36 57,

AKazanbassova@nurbank.kz 

№2 Қосымша

Қатысуға өтінім