SMS-хабарламалар жіберу қызметтерін сатып алу (жергілікті және халықаралық)

SMS-хабарламалар жіберу қызметтерін сатып алу (жергілікті және халықаралық)

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
30.04.2026
Тендердің басталуы:
14:00
Сауда аяқталуы:
16:00
Алматы қ., Абай даңғ., 10В
3 қабат, кабинет 310
16.04.2026

Ұсыныстар мен жиынтықтарды жинау

Мерзімі:
30.04.2026
Уақыт:
12:00-ге (қоса алғанда) дейін
Мекенжайы:
Абай даңғылы 10В, 204 кабинет

Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар

Техникалық айырықшама:

    • №1 Қосымша, Техникалық айырықшамада келтірілген

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар топтамасын

Заңдық құжаттар
  1. тендерге қатысуға берілетін өтінімін
  2. заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша есептік тіркеуге алынғаны туралы куәлік) тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін
  3. Мемлекет қайсыбір қызметпен (тауар/жұмыс/қызметтер сатып алу үшін лицензия керек қызметтер) айналысуға берген лицензиясының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын қоса) көшірмесін
  4. жеткізушінің өкілі-уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
  5. жеткізуші уәкілетті тұлғасына Тендерге қатысу үшін берген сенімхатын тапсыруы керек
Қаржылық құжаттар
  1. қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын анықтамалардың түпнұсқасын
  2. заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған заңды тұлғаның қаржы есептілігінің, бар болса, мөрмен куәландырылған жеке кәсіпкердің салық мағлұмдамасының, мөрі бар болса, мөрімен расталған көшірмелерін
  3. үміткердің тіркелген жергілікті Салық комитетінің салықтар төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасын
  4. жеткізушімен қарым-қатынас жасаған заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері, онда қарым-қатынастың сипаттамасы мен сонымен бірге оның міндеттерін уақтылы және толық орындауға берген бағасы (бар болса) көрсетілуі тиіс
  5. материалдық-техникалық базасының бар-жоғы туралы мәліметті
  6. баға ұсынысын
  7. корпоративтік табыс салығы бойынша Тендер өткізілетін күннен алдынғы 2 (екі) жылдың мағлұмдамасының көшірмесі. Салық есебінде алдынғы екі жылда шығын болған жағдайда қатысушы (кейіннен халықаралық іскерлік операциялардың мәнісі болып табылатын тауар/жұмыс/қызмет сатып алу бойынша) тауардың/қызметтің уәжді құнын ұсынуы қажет.) тапсыру керек

Өз жағымыздан айтарымыз, Банктің Тендер комиссиясы тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға қатысты ақпаратты қызметтерді әлеуетті жеткізушілерге не болмаса тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға ресми қатыспайтын кез келген тұлғаға ашуға құқылы емес.

«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендер өткізілмейтіні, өткізілетін жаңа күнін көрсете отырып, тендер басқа күнге қалдырылғаны туралы хабарлай отырып, тендерді кейінге қалдыруға немесе өткізуден бас тартуға құқылы.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді қабылдау мерзімінің соңына дейін өз өтінімін түзетуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.

Байланыс орнататын тұлға:

Техникалық тапсырмаға сәйкес құжаттама бойынша топтамаларды түзу мәселелері бойынша:

Ботагоз Оразалиева: +7 (747)202 06 11, BOrazaliyeva@nurbank.kz

.

Қатысуға өтінім