Instagram әлеуметтік желісіндегі өңірлік пабликтерде жарнамалық жарияланымдарды орналастыру бойынша қызметтерді сатып алу

Instagram әлеуметтік желісіндегі өңірлік пабликтерде жарнамалық жарияланымдарды орналастыру бойынша қызметтерді сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
30.04.2026
Тендердің басталуы:
14:00
Сауда аяқталуы:
16:00
Алматы қ., Абай даңғылы 10 «в»
3 қабат, кабинет 310
27.04.2026

Ұсыныстар мен жиынтықтарды жинау

Мерзімі:
30.04.2026
Уақыт:
12:00-ге (қоса алғанда) дейін
Мекенжайы:
Абай даңғылы 10В, 204 кабинет

Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар

Пабликтердің тізімдемесі: Техникалық айрық шамаға сәйкес

Сатылымға шығарылатын өнімдер: кредиттер, депозиттер, ақша аударымдары

Орналастыру жиілігі: апта сайын, 28 жарияланым

Жарнамалық материалдар: баннерлер мен сүйемелдейтін мәтіндерді Банк ұсынады

 

Тендерлік өтініштерді бағалаудың өлшемдері

  1. ҚҚС пен агенттік сыйақыны есепке алғанда, баға ұсынысының жалпы бюджеті.
  2. Жеткізуші өз қызметін жалпылама белгіленген салық режимінде жүргізетін заңды тұлға/жеке кәсіпкер болуы тиіс.
  3. Жеткізуші кәсіби құзыреттілік пен жұмыс тәжірибесін меңгеруі, келісімшартқа сәйкес міндеттерін орындауға қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының болуы керек.
  4. Жеткізуші төлем жасауға қабілетті, жойылуға жатпайтын, мүлкі қамауға алынбаған, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте оның қаржы – шаруашылық қызметі тоқтатылмаған болуы тиіс.  
  5. Бұрын жасалған келісімшарттар бойынша «Нұрбанк» АҚ жағынан кінәраттар қойылмауы тиіс.
  6. Жеткізуші Қазақстан Республикасында тіркелуі керек.
  7. Жеткізушінің Келісімшарт бойынша есеп айырысуын «Нұрбанк» АҚ-да ашылған банктік шот арқылы жүргізуге берген келісімі.
  8. Ұйымдар марапаттаған алғыс хаттарды ұсына отырып, пабликтерде жарнамалық жарияланымдарды орналастырудағы жағымды тәжірибесі немесе «Нұрбанк» АҚ-мен болған ынтымақтастықтың ұтымды болуы.
  9. Интернет желісінде жарнама-ақпараттық материалды орналастырудағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл болуы қажет.
  10. Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінішін дайындау мен беруге қатысты барлық шығындарды өзі көтереді, ал «Нұрбанк» АҚ мен тендерлік комиссия тендердің жүргізілу сипаты мен нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, бұл шығындар үшін жауапқа тартылмайды және оған міндеттер жүктелмейді.

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар топтамасын

Заңдық құжаттар

1) осы хаттың 1-Қосымшасына сәйкес, қазақ/орыс тілдеріндегі, тендерге қатысуға берілген белгіленген формадағы өтініш;

2) құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік) көшірмелері;

3) жеткізушінің уәкілетті тұлғасы – өкілінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

4) жеткізушінің уәкілетті тұлғасына Тендерге қатысуға берген сенімхаты;

5) заңды тұлғаның уәкілетті органының атқарушы органды (басшысын) сайлау (тағайындау) туралы шешімі.

Қаржылық құжаттар

1) ұсынған бағасы

2) қызмет көрсететін банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткерде мерзімі кешіктірілген берешектердің жоқ екенін растайтын анықтаманың түпнұсқасы

3) заңды тұлғалардың бір жылғы қаржылық есептілігінің заңды тұлғаның мөрімен расталған көшірмелері

4) жеткізуші тіркелген орын бойынша Салық комитетінің салық төлеуге қатысты берешектердің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы

5) үміткермен қарым-қатынас жасаған заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері, онда қарым-қатынастың сипаттамасы мен сонымен бірге оның міндеттерін (бар болса) уақтылы және толық орындауға берген бағасы көрсетілуі тиіс

6) Тендерге дейінгі 2 (екі) жылдағы Корпоративтік табыс салығы декларациясының көшірмесі. Алдыңғы екі жылдағы салық есебінде шығындар болған жағдайда, қатысушы ұсынылған тауардың/қызметтің бағасының негіздемесін тапсыруы тиіс (кейін халықаралық іскерлік операцияның нысаны болатын тауар/жұмыс/қызмет сатылымдары бойынша)

7) Келісімшарт бойынша есеп айырысу істерін «Нұрбанк» АҚ-да ашылған банктік шот арқылы жүргізуге берген келісімнің растамасы

Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінішін дайындау мен беруге қатысты барлық шығындарды өзі көтереді, ал Банк пен тендерлік комиссия тендердің жүргізілу сипаты мен нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, бұл шығындар үшін жауапқа тартылмайды және оған міндеттер жүктелмейді.

«Нұрбанк» АҚ тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендердің өткізілмейтіні немесе өткізілетін жаңа күнді көрсете отырып, кейінге қалдырылғаны туралы жазбаша хабарламасын жіберу арқылы тендерді өткізбеуге немесе кейінге қалдыруға құқылы екенін өз тарабымыздан атап өтеміз. 

Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті қызмет ұсынушының өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлғаның қатысуынсыз жүргізілетін болады.

Заңдық және қаржылық құжаттаманы жасақтау мәселелері бойынша Владимир Морозовқа келесі телефон нөмірі арқылы хабарласыңыз: +7 (727) 250 00 00 ішкі: 5385, vmorozov@nurbank.kz

Баға ұсынысына қатысты және басқа да мәселелер бойынша  Наталья Анкудиноваға хабарласыңыз: тел.: 8 (727) 2 599-710 ішкі нөм.: 5840, ұялы тел.: + 701 224 28 95, nankudinova@nurbank.kz

Қатысуға өтінім