Қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру қызметтерін сатып алу

Қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру қызметтерін сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
30.07.2026
Тендердің басталуы:
14:00
Сауда аяқталуы:
16:00
Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В»
3 қабат, 310 кабинет
22.07.2026

Ұсыныстар мен жиынтықтарды жинау

Мерзімі:
29.07.2026
Уақыт:
12:00-ге (қоса алғанда) дейін
Мекенжайы:
Абай даңғылы 10В, 204 кабинет

Осы тендерді өткізу сәтінде келесі шарттардың талаптарына сәйкес келген заңды тұлғалар (әлеуетті қызмет жеткізуші) тендерге жіберіледі:

  • Жұмыскерлердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде оларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының уәкілетті органының қолданыстағы лицензиясының болуы; 
  • Сақтандыру қызметін жүзеге асыруға шектеулердің болмауы; 
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру жағдайларын уақтылы реттеу және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді орындау; 
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қаржылық тұрақтылық пен төлем қабілеттілігі; 
  • Сақтандыру сыйлықақысының құнын, сақтандыру шарттарын және келісімшарт мерзімін көрсететін коммерциялық ұсыныс беру. 
  • Байланысқан/үлестес компаниялардың тендерге қатысуына құқығы жоқ.

Тендерлік өтініштерді бағалаудың өлшемдері

  1. ҚҚС пен агенттік сыйақыны есепке алғанда, баға ұсынысының жалпы бюджеті.
  2. Жеткізуші өз қызметін жалпылама белгіленген салық режимінде жүргізетін заңды тұлға/жеке кәсіпкер болуы тиіс.
  3. Жеткізуші кәсіби құзыреттілік пен жұмыс тәжірибесін меңгеруі, келісімшартқа сәйкес міндеттерін орындауға қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының болуы керек.
  4. Жеткізуші төлем жасауға қабілетті, жойылуға жатпайтын, мүлкі қамауға алынбаған, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте оның қаржы – шаруашылық қызметі тоқтатылмаған болуы тиіс.  
  5. Бұрын жасалған келісімшарттар бойынша «Нұрбанк» АҚ жағынан кінәраттар қойылмауы тиіс.
  6. Жеткізуші Қазақстан Республикасында тіркелуі керек.
  7. Жеткізушінің Келісімшарт бойынша есеп айырысуын «Нұрбанк» АҚ-да ашылған банктік шот арқылы жүргізуге берген келісімі.
  8. Ұйымдар марапаттаған алғыс хаттарды ұсына отырып, пабликтерде жарнамалық жарияланымдарды орналастырудағы жағымды тәжірибесі немесе «Нұрбанк» АҚ-мен болған ынтымақтастықтың ұтымды болуы.
  9. Интернет желісінде жарнама-ақпараттық материалды орналастырудағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл болуы қажет.
  10. Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінішін дайындау мен беруге қатысты барлық шығындарды өзі көтереді, ал «Нұрбанк» АҚ мен тендерлік комиссия тендердің жүргізілу сипаты мен нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, бұл шығындар үшін жауапқа тартылмайды және оған міндеттер жүктелмейді.

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері

  • әлеуетті жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігі
  • тендерлік өтінімнің тендерлік құжаттаманың техникалық айрықшамаларға сәйкестігі
  • ұсынылған баға
  • төлем шарттары
  • жалпы белгіленген салық режимі

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар топтамасын

Заңдық құжаттар
  1. тендерге қатысу туралы өтінім;
  2. құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің (Жарғы, қосалқы құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік) көшірмелері;
  3. мемлекет лицензиялайтын қандай болса да қызмет жүргізу лицензиясының көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы) (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша қызмет лицензиялануға жататын болса);
  4. жеткізушінің Тендерге қатысу үшін уәкілетті тұлғаға берген сенімхаты
Қаржылық құжаттар
  1. 1 жылға баға ұсыныстары
  2. қызмет көрсетуші банктен үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешегінің жоқ екендігін растайтын анықтаманың түпнұсқасы, немесе онлайн-банкингтен анықтама болса, лауазымды тұлғаның мөрі мен қолы қойылған осы анықтаманың көшірмесі
  3. заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, бір жыл үшін заңды тұлғаларға арналған қаржы есептіліктердің, мөр болған жағдайда мөрмен бекітілген, жеке кәсіпкерлерге арналған салық декларациялардың көшірмелері
  4. жеткізушінің тіркелген жері бойынша Салық комитетінің салық төлемдері бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманың түпнұсқасы
  5. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жалпы белгіленген салық режимін қолдана отырып қызметті жүзеге асыру

Банктің Тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты әлеуетті қызметтерді жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екендігін ескертеміз.

«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінімдер берген әлеуетті жеткізушілерді тендердің болмайтыны немесе өткізілудің жаңа күнін көрсете отырып ауыстырылғаны туралы жазбаша хабардар ету арқылы тендердің өткізілуін болдырмауға немесе кейінге қалдыруға құқылы.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті қызмет ұсынушының өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлғаның қатысуынсыз жүргізілетін болады.

Барлық сұрақтар бойынша Карина Битебаеваға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 701 703 02 28, +7 (727) 259-97-10 (ішкі 5498), электрондық пошта: kbitebayeva@nurbank.kz.

Қатысуға өтінім