Көкшетау қаласындағы филиалының басқа орынға көшуіне байланысты қауіпсіздік жүйелерін бөлшектеу, көшіру және монтаждау қызметтерін сатып алу

Көкшетау қаласындағы филиалының басқа орынға көшуіне байланысты қауіпсіздік жүйелерін бөлшектеу, көшіру және монтаждау қызметтерін сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
30.07.2026
Тендердің басталуы:
02:30
Алматы қ., Абай даңғ. 10
3 - қабат, 310 - кабинет
22.07.2026

Ұсыныстар мен жиынтықтарды жинау

Мерзімі:
29.07.2026
Уақыт:
12:00-ге (қоса алғанда) дейін
Мекенжайы:
Абай даңғылы 10В, 204 кабинет

Тендерге тендер өткізілетін сәтке дейін осы хабарландырудың №1 және №2 қосымшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін заңды тұлғалар (қызметтерді әлеуетті жеткізушілер) жіберіледі

Сондай-ақ, тендерге байланысты/үлестес компаниялардың қатысуына жол берілмейді

Тендерлік өтінімдерді бағалау өлшемдері

    • әлеуетті жеткізушінің жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігі
    • тендерлік өтінімнің техникалық сипаттамаларға/талаптарға сәйкестігі
    • ұсынылатын баға
    • төлем шарттары: 50% алдын ала төлем, 50% кейінгі төлем

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар топтамасын ұсыну қажет

Заңдық құжаттама
  1. 4-қосымшада белгіленген үлгі бойынша тендерге қатысуға өтінімді беру;
  2. құрылтай құжаттарының көшірмелері, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік немесе анықтама, не жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік/жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама;
  3. жарғының көшірмесі, сенімхат, бірінші басшыны тағайындау туралы шешім және бұйрық, ЖШС құру туралы шешім, ЖШС хаттамалары (болған жағдайда);
  4. қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға берілген рұқсаттың (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша қызмет рұқсат алуды талап етсе) көшірмесі (қағаз түрінде берілген жағдайда түпнұсқасы салыстыру үшін ұсынылады) немесе уәкілетті мемлекеттік орган берген, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме (егер қызмет хабарлама жіберуді талап етсе);
  5. қызмет көрсетуші банктен алынған, Үміткердің банктік деректемелерін, банктің алдында мерзімі өткен берешегінің жоқтығын, ақшалай қаражаттарға билік етуге шектеулердің жоқтығын растайтын анықтаманың түпнұсқасы;
  6. заңды тұлғаның уәкілетті органының атқарушы органды (басшыны) сайлау (тағайындау) туралы шешімі, нотариалды куәландырылған көшірме.
Қаржылық құжаттама
  1. заңды тұлғалар үшін соңғы есепті кезеңге арналған қаржылық есептіліктің көшірмесі (заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған), жеке кәсіпкерлер үшін салық декларациялары
  2. Үміткердің тіркелген жері бойынша Салық комитетінен салықтар бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы
  3. бұрын Үміткермен жұмыс істеген заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлердің ұсынымдары мен пікірлерінің түпнұсқалары немесе көшірмелері (болған жағдайда), онда ынтымақтастық тәжірибесінің бағасы мен сипаттамалары, міндеттемелерді уақтылы және толық орындауы және өзге де мәліметтер қамтылуы тиіс
  4. Өтініш берушінің электрондық сауда алаңында тіркелгені туралы мәліметтердің болуы (болған жағдайда)
  5. материалдық-техникалық база туралы мәліметтер (қажет болған жағдайда);
  6. Үміткердің тендерге қатысу үшін уәкілетті тұлғаға берген сенімхаты
  7.  баға ұсыныстары
  8. тендер өткізілгенге дейінгі алдыңғы 2 (екі) жыл ішіндегі корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Алдыңғы екі жылда салық есебінде залал болған жағдайда, қатысушы ұсынылған тауардың/қызметтің бағасын негіздеуі тиіс (кейін халықаралық іскерлік операцияның мәні болып табылатын сатып алулар бойынша)
  9.  Тендерлік комиссияның шешіміне сәйкес өзге де құжаттар
  10. жалпы белгіленген салық салу режимін қолданатыны туралы жазбаша растау
Өзге де құжаттама
  1. жабдықтың техникалық сипаттамасы
  2. тиісті дипломдары мен сертификаттары бар білікті мамандардың (инженерлер, монтаждаушылар) штатта болуы
  3. өртке қарсы қызметтің өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсетуге берген рұқсаты
  4. күзет дабылы құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның болуы
  5. құрылыс-монтаж жұмыстарына (ҚМЖ) ІІ немесе ІІІ санаттағы лицензия (әлсіз ток жүйелері және ішкі инженерлік желілер құрылғылары)

Өз тарапымыздан, Банктің Тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыруға қатысты ақпаратты әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарауға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын кез келген басқа тұлғаларға жария етпеуге құқылы екенін атап өтеміз.

«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті жеткізушілерге тендерді тоқтату немесе кейінге қалдыру туралы, жаңа өткізу күнін көрсете отырып, жазбаша (электрондық) хабарлама жіберу арқылы тендерді тоқтатуға немесе өткізуді кейінге қалдыруға құқылы.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінімін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті қызмет жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспайтын болса, оның қатысуынсыз өткізіледі.

Сондай-ақ, әлеуетті жеткізуші міндетті түрде тендерге қатысатынының  растамасын келесі электрондық поштаға жіберуі тиіс: zabdikaparov@nurbank.kz

Байланысушы тұлға: Абдикапаров Жандар Затыбекович Телефон: +7 (727) 259 9710 (ішкі нөмірі 5778), поштасы: E-mail: zabdikaparov@nurbank.kz

Құқықтық және қаржылық құжаттар топтамасы бойынша Владимир Владимирович Морозовқа хабарласыңыз; тел.: +7(727)250-00-00, ішкі нөмір: 5385; e-mail: vmorozov@nurbank.kz.