Осы тендерді өткізетін кезге келесі шарттардың талаптарына сәйкес келген заңды тұлғалар (әлеуетті қызмет жеткізуші) тендерге қатыса алады:
Өз тарапымыздан, Банктің Тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыруға қатысты ақпаратты әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарауға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын кез келген басқа тұлғаларға жария етпеуге құқылы екенін атап өтеміз.
«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті жеткізушілерге тендерді тоқтату немесе кейінге қалдыру туралы, жаңа өткізу күнін көрсете отырып, жазбаша (электрондық) хабарлама жіберу арқылы тендерді тоқтатуға немесе өткізуді кейінге қалдыруға құқылы.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінімін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті қызмет жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспайтын болса, оның қатысуынсыз өткізіледі.
Байланыс тұлғасы: Бедарева Инна, тел.: +7 708 007 1999, e-mail: ibedareva@nurbank.kz