«Нұрбанк» АҚ жеке тұлғаларға арналған жаңа мобильді қосымшаны енгізу жобасы аясында алдын ала тендерлік іс-шаралар өткізілетінін хабарлайды.
Қазіргі кезеңде Банк әлеуетті жеткізушілерді нақты енгізу моделімен шектемейді және шешім құрудың әртүрлі нұсқаларын қарастыруда, соның ішінде:
Әлеуетті жеткізушіден ұсынылған модельді, шешім құрамын, іске асыру мерзімін, құнын, қажетті пысықтаулар көлемін, бастапқы кодты беру шарттарын, құжаттама мен кейінгі сүйемелдеуді көрсете отырып, жобаны іске асырудың ең оңтайлы нұсқасын ұсыну сұралады.
Іске асырудың бірнеше нұсқаларын ұсыну мүмкін болса, әлеуетті жеткізуші әрбір нұсқа бойынша мерзімдерін, құнын, артықшылықтарын, шектеулері мен тәуекелдерін көрсете отырып, бөлек ұсыныс беруге құқылы.
|
Критерий |
Сипаттамасы |
|
ЖТ-ға арналған мобильді банкингті енгізу тәжірибесі |
Екінші деңгейлі банктер/МҚҰ арналған, сәтті енгізіп, өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген мобильді қосымшалардың болуы. Расталған референстердің болуы артықшылық болып табылады. |
|
Қазақстан Республикасының банк нарығындағы тәжірибе |
Қазақстан Республикасының банктік процестері, интеграциялары мен реттеушілік талаптары саласындағы сараптаманың болуы. |
|
Әлеуетті жеткізушінің белгіленген талаптарға сәйкес келуі |
Банктің құжаттамасы мен қатысушының сауалнамасында белгіленген талаптарға сәйкестік. |
|
Ұсыныстың функционалдық және техникалық талаптарға сәйкес келуі |
Бар ауытқуларды, шектеулер мен болжамдарды міндетті түрде көрсете отырып, Банк талаптарын толық қамту. |
|
Жобалық команданың біліктілігі |
Project/Delivery Manager, аналитиктерді, сәулетшілерді, әзірлеушілерді, QA, DevOps пен басқа мамандарды қоса алғанда, жобалық команданың негізгі қатысушыларының тәжірибесі мен құзыреттері. |
|
Жобалық команданың құрамы |
Жобалық команданың кем дегенде 70%-ы Қазақстан Республикасының резиденттері болуы тиіс. |
|
Команданың тұрақтылығы мен ауыспалылығы |
Жобада команданың негізгі құрамын бекітуге, мамандарды ауыстыру тәртібі мен уақытын анықтауға және ауыстыру кезінде міндетті түрде тәжірибе беруді қамтамасыз етуге дайын болу. |
|
Жобаны іске асыру тәсілі |
Әзірлеу әдіснамасы, backlog/scope, талаптарды, өзгерістерді, тәуекелдерді, тәуелділіктерді, тестілеу мен релиздерді басқару. |
|
Жүзеге асырудың жоспар-кестесі |
Кезеңдері, мерзімдері, тәуелділіктері, ресурстары, бақылау кезеңдері мен қабылдау критерийлері бар жоспардың болуы. |
|
Енгізу мерзімі |
Discovery, әзірлеуді, интеграциялауды, тестілеуді, UAT пен өнеркәсіптік іске қосуды қоса алғанда, жобаны іске асырудың жалпы мерзімі. |
|
Жүзеге асыру құны |
Жобаның жалпы құны, функционалдық бөлімдер бойынша бөлгендегі құны, есептеудің ашықтығы, қосымша еңбек шығындарының құны мен Change Request. |
|
Шешімнің архитектурасы мен сапасы |
Банктің сәулеттік және техникалық талаптарына сәйкестігі, масштабталуы, өнімділігі және Банктің шешімді одан әрі дербес әзірлеу мүмкіндігі. |
|
Бастапқы код пен құжаттаманы тапсыру |
Мобильді қосымшаның бастапқы кодын, backend, әкімшілік панельді, техникалық және сәулеттік құжаттаманы, API- айрықшамаларын, CI/CD, нұсқаулықтар мен басқа да жобалық нәтижелерді Банкке беру шарттары. |
|
Ақпараттық қауіпсіздік |
secure development, деректерді қорғауды, аудитті, өнеркәсіптік іске қосуға дейін анықталған осалдықтарды логтау мен жоюды қоса алғанда, Банктің АҚ талаптарына сәйкестік. |
|
Техникалық қолдау |
Кепілдікті және кепілдіктен кейінгі қолдаудың болуы, SLA, жұмыс режимі, оқиғаларға жауап беру және жою мерзімдері, сондай-ақ сүйемелдеу құны. |
|
Тәжірибенің референстері мен растауы |
Соңғы екі жылда жүзеге асырылған жобалар бойынша тапсырыс берушілердің байланыс деректерін қоса алғанда, жүзеге асырылған шешімдердің сәтті іске қосылуы мен өнеркәсіптік пайдаланылуын растайтын құжаттарды беру мүмкіндігі. |
Алдын ала тендерге заңды тұлғалар — әлеуетті шешім/қызмет көрсетушілер қатыса алады, олардың ұсыныстарында келесілер ескерілуі тиіс:
Ұсынылған шешімде іске асыру мүмкін емес ауытқулар, шектеулер немесе талаптар болса, әлеуетті жеткізуші өз ұсынысында мұндай ауытқуларды бөлек және анық көрсетуі тиіс.
Әлеуетті жеткізушіге берілетін ұсыныстың құрамында келесілерді көрсету қажет:
Жобаны нативті сондай-ақ кросс-платформалық нұсқаларда жүзеге асыру мүмкін болса, әлеуетті жеткізушіден әрбір нұсқа бойынша бөлек құны мен мерзім сметасын беру ұсынылады.
Алдын ала тендерге қатысу үшін әлеуетті жеткізуші келесілерді беруі тиіс:
Осы алдын ала тендер нарықты зерттеу, жобаны іске асырудың мүмкін нұсқаларын анықтау, әлеуетті жеткізушілерді алдын ала бағалау, жобаның мерзімі мен құнын анықтау мақсатында өткізіледі және жеңімпазды немесе Банктің келісімшартты жасасу бойынша міндеттемелердің туындауын автоматты түрде анықтауды білдірмейді.
Тендер алдындағы іс-шаралардың нәтижелері бойынша Банк жобаны одан әрі іске асырудың ең оңтайлы моделін және кейінгі сатып алу рәсімдерінің шарттарын анықтауға құқылы.
Банктің тендерлік комиссиясы әлеуетті жеткізушілердің ұсыныстарын қарауға, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпаратты әлеуетті жеткізушілерге немесе ұсыныстарды қарау мен бағалау үдерісіне ресми түрде қатыспайтын басқа тұлғаларға жария етпеуге құқылы.
«Нұрбанк» АҚ алдын ала тендерлік ұсыныстар берген әлеуетті жеткізушілерді сәйкесті түрде хабардар ете отырып, алдын ала тендерлік іс-шараларды жүргізбеуге немесе кейінге қалдыруға құқылы. Кейінге қалдырылған жағдайда, Банк тендер жүргізілетін жаңа күн туралы қосымша хабарлайды.
Әлеуетті жеткізуші алдын ала тендерлік ұсыныстарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін өз ұсынысын өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Алдын ала тендер әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкілінің қатысуымен немесе оның қатысуынсыз өткізілуі мүмкін.
Байланысқа шығатын тұлғалар:
Асылхан Нұрсая, +7 707 557 20 05, NAssylkhan@nurbank.kz
Аркенова Санабар, +7 707 188 35 18,sarkenova@nurbank.kz