ҚР бойынша сыртқы жарнама конструкцияларында жарнамалық-ақпараттық материалдарды орналастыру қызметтерін сатып алу
Кезеңі: 2026 жылдың қараша–желтоқсан айлары
Роликтің хронометражы: 10 секунд
Міндетті шарттар: Тапсырыс берушінің таңдауы бойынша локацияны ай сайын ауыстыру.
Географиясы:
Қызметтерді жабу — есепті кезең ішінде Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісіне Тараптар қол қойғаннан кейін ай сайын жүзеге асырылады.
Тендерге байланысты / аффилиирленген компаниялардың қатысуға құқығы жоқ.
Әлеуетті Жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындауға және беруге байланысты барлық шығыстарды көтереді, ал Банк және тендерлік комиссия тендердің өткізілу сипатына және нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстар үшін жауапқа тартылмайды және міндеттемелерді орындамайды.
«Нұрбанк» АҚ әлеуетті жеткізушілерге тендерлік өтінімдерді ұсынған жағдайда, тендерді өткізу туралы немесе жаңа күнді көрсете отырып, оны ауыстыру туралы жазбаша хабарлама жіберу арқылы тендерді өткізуді тоқтатуға немесе кейінге қалдыруға құқылы.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтініміне өзгерістер енгізуге немесе оны қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті жеткізушінің қызметтерін ұсынатын уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе уәкілетті тұлға тендерге қатыспаған жағдайда, онсыз өткізіледі.
Заңдық және қаржылық құжаттама жиынтықтарын жасауға қатысты мәселелері бойынша Морозов Владимирге мына телефон арқылы хабарласу қажет: +7 (727) 250 00 00, ішкі 5385, vmorozov@nurbank.kz
Баға ұсыныстарына және өзге де мәселелерге қатысты Нам Аннаға мына телефондар арқылы хабарласу қажет: 8 (727) 2 599-710 ішкі 5428, ұялы тел. +7 705 715 6267, anam@nurbank.kz