Банктің проблемалы кредиттері бойынша кепілзаттық нысанын қарусыз адам күшімен күзету және мониторингі жүргізу қызметін сатып алу

Банктің проблемалы кредиттері бойынша кепілзаттық нысанын қарусыз адам күшімен күзету және мониторингі жүргізу қызметін сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
15.10.2026
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
15:30
08.10.2026

Ұсыныстар мен жиынтықтарды жинау

Мерзімі:
14.10.2026

Уақыт:
12:00-ге (қоса алғанда) дейін
Мекенжайы:
Абай даңғылы 10В, 204 кабинет

№1 Лот: Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Пригородное ауылы, н/ж мекенжайында орналасқан,  мұнай базасын қарусыз адам күшімен тәулік бойы күзету.

Күзет бекеттерінің саны – 2 (екі).

Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар

  1. Компания заңды тұлға болуы тиіс.
  2. Келісімшартқа сәйкес міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының болуы.
  3. Төлем қабілетті болуы, таратылуға жатпауы, оның мүлкіне тыйым салынбауы, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқтатылмауы тиіс.
  4. Компанияның және бірінші басшысының/құрылтайшысының тендер өткізу сәтінде салықтар бойынша берешегінің болмауы.
  5. Бұрын жасалған келісімшарттар бойынша «Нұрбанк» АҚ тарапынан елеулі наразылықтардың болмауы.
  6. Адам күшімен күзет қызметтерін көрсетуге арналған мемлекеттік лицензиясының болуы.
  7. Күзетшілердің арнайы киіммен және арнайы құралдармен қамтамасыз етілуі.
  8. Қазақстан Республикасының өңірлерінде филиалдарының болуы (құптайтын жағдай).
  9. Компания Қазақстан Республикасында тіркелген болуы тиіс.
  10. Жеткізушінің Келісімшарт бойынша өзара есеп айырысуды «Нұрбанк» АҚ-та ашылған банктік шот арқылы жүзеге асыруға келісімі (құптайтын жағдай).
  11. Жеткізушінің қызметтер нақты көрсетілгеннен кейін ай сайын төлем жасауға келісімі.

 

Келісімшарт жасалатын компания(лар) Тапсырыс берушінің тауарлық-материалдық құндылықтарына, мүлкіне және ақша қаражаттарына келтірілген залал үшін жауапты болады, оның ішінде (бірақ мұнымен шектелмей) ұрлық, тонау немесе қарақшылық шабуыл жасау арқылы, сондай-ақ күзетілетін объектілер мен үй-жайлардағы бекіткіштерді, құлыптарды, есіктерді, терезелерді, витриналар мен қоршауларды бұзу арқылы және өзге де тәсілдермен үшінші тұлғалардың жасаған әрекеттері нәтижесінде келтірілген залалдар үшін, сондай-ақ объектілерді тікелей күзетуді жүзеге асыратын күзет қызметкерлерінің кінәсінен болған жағдайларда жауап береді. Тапсырыс берушіге келтірілген залалдың өтемақысын Орындаушы Келісімшартта белгіленген мерзімдерде толық көлемде өтейді.

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет

Заңдық құжаттама:

  1. осы хаттың №1 Қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша қазақ /орыс тілдеріндегі тендерге қатысуға өтінім;
  2. заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмелері (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік);
  3. мемлекет лицензиялайтын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы);
  4. жеткізушінің өкілі – уәкілетті тұлғасының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  5. жеткізуші Тендерге қатысу үшін уәкілетті тұлғасына берген сенімхаты;
  6. заңды тұлғаның атқарушы органын (басшысын) сайлау (тағайындау) туралы уәкілетті орган шешімі және оны басшы етіп тағайындау туралы бұйрық, құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.

 

Қаржылық құжаттама:

  1. баға ұсыныстары; 
  2. үміткердің банктік деректемелерін және банктің алдында мерзімі өткен берешегінің жоқтығын растайтын қызмет көрсетуші банктен алынған анықтаманың түпнұсқасы;
  3. заңды тұлғалар үшін бір жылдық қаржылық есептіліктің заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмелері;
  4. жеткізушінің тіркелген жері бойынша Салық комитетінен салықтар бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы анықтаманың түпнұсқасы немесе электрондық үзінді көшірме;
  5. бұрын жеткізушімен ынтымақтастықта болған заңды тұлғалардан/жеке кәсіпкерлерден алынған ұсынымдар мен пікірлердің көшірмелері, онда ынтымақтастық тәжірибесіне, оның ішінде міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуына және басқа да сипаттамаларға баға берілген (бар болған жағдайда);
  6. Тендер өткізілгенге дейінгі 2 (екі) жыл үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Алдыңғы екі жылда салықтық есепте шығындар болған жағдайда, қатысушы ұсынылатын тауар/қызмет бағасының негіздемесін ұсынуы қажет (кейіннен халықаралық іскерлік операцияның нысанасы болып табылатын тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алу бойынша);
  7. Келісімшарт бойынша өзара есеп айырысуды «Нұрбанк» АҚ-да ашылған банктік шот арқылы жүзеге асыруға келісімді растау. Жеткізуші шот ашудан бас тартқан жағдайда, тиісті хат ұсынуы қажет.

Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындауға және ұсынуға байланысты барлық шығындарды өзі көтереді, ал Банк пен тендерлік комиссия тендерді өткізу сипаты мен нәтижелеріне қарамастан, мұндай шығындар бойынша жауапты болмайды және міндеттеме алмайды.

Өз тарапымыздан, «Нұрбанк» АҚ тендерді өткізу туралы өтінім берген әлеуетті жеткізушілерді жазбаша хабардар ете отырып, тендерді жоюға немесе кейінге қалдыруға құқылы екенін атап өтеміз, бұл ретте жаңа өткізу күні көрсетіледі.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе ол қатыспаған жағдайда онсыз өткізіледі.

Қосымша ақпарат – тендер, «SKYPE» бағдарламалық жасақтама арқылы, қашықтан жүргізілетін болады.

 

Байланыс орнататын тұлға:

Баға ұсыныстары мен басқа сұрақтармен:

Батырлан Ахметович Токтабаевқа - 8 (727) 2 599-710, ішкі 5650, моб. + 8 (707) 788 77 78, email: BToktabayev@nurbank.kz, Владимир Валерьевич Хванға - моб. 8 (747) 232-88-71, ішкі 2927, 8(700)07710-31, email: Vladimir V. Khvan/Nurbank/KZ арқылы хабарласу керек.

Тендерге байланыстырылған/аффилиирленген компаниялардың қатысуға құқығы жоқ.

ТРЕБОВАНИЯ

к потенциальным поставщикам:

Қатысуға өтінім