«Нұрбанк» АҚ әлеуетті жеткізушілерді жеке тұлғаларға арналған мобильді банк қосымшасы үшін дайын бағдарламалық шешімді сатып алуға қатысуға шақырады.
Банктің ақпараттық жүйелеріне бейімдеу, пысықтау және интеграциялау мүмкіндігі бар дайын қорапты шешімдер қарастырылады.
Ұсыныс берілген сәтте дайын өнімде Банктің функционалдық талаптарының кемінде 70%-ы іске асырылған болуы тиіс. Шешімнің дайындығы жұмыс істеп тұрған өнімді көрсету арқылы расталуы тиіс.
Жоба қорытындысы бойынша жеткізуші сатып алу рәсімі барысында келісілген нақтылаулар мен өзгерістерді ескере отырып, осы жарияланым құрамында орналастырылған құжаттар мен қосымшаларда баяндалған Банктің функционалдық, техникалық және өзге де талаптарының 100%-ын іске асыруды қамтамасыз етуі тиіс.
Барлық ұсынылатын шешімдер, пысықтаулар және жоба нәтижелері осы жарияланымға қоса берілген және тендерлік құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Тендерге шешімдер және/немесе қызметтердің әлеуетті жеткізушілері болып табылатын заңды тұлғалар жіберіледі, олардың ұсыныстары келесі құжаттарда баяндалған талаптарды толық көлемде ескеруі тиіс:
Ұсыныстың берілуі әлеуетті жеткізушінің көрсетілген құжаттармен танысқанын және жобаны іске асыру шеңберінде оларда көзделген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге дайын екенін растайды.
Ұсынылған шешімде іске асырылмайтын ауытқулар, шектеулер не талаптар болған жағдайда, әлеуетті жеткізуші мұндай ауытқуларды өз ұсынысында жеке және анық көрсетуі тиіс.
Тендерге қатысу үшін әлеуетті жеткізуші мыналарды ұсынуы қажет:
Заңдық құжаттама:
1) тендерге қатысуға өтінім;
2) құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмелері (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік);
3) мемлекет лицензиялайтын қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқасы) (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша қызмет лицензиялауға жататын болса);
4) жеткізушінің уәкілетті тұлғаға Тендерге қатысуға берген сенімхаты;
5) директорды тағайындау туралы шешім мен бұйрықтың көшірмесі (мөрімен және қолымен).
Қаржылық құжаттама:
1) баға ұсынысы;
2) үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі өткен берешегінің жоқтығын растайтын қызмет көрсетуші банктен анықтаманың түпнұсқасы;
3) заңды тұлғалар үшін бір жылғы қаржылық есептіліктің заңды тұлғаның мөрімен расталған көшірмелері, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларацияларының (мөрі болған жағдайда мөрмен расталған) көшірмелері;
4) жеткізушінің тіркелген жері бойынша Салық комитетінен салықтар бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы;
5) материалдық-техникалық базаның болуы туралы мәліметтер;
6) шарт бойынша өзара есеп айырысуды «Нұрбанк» АҚ-тағы банктік шот арқылы жүзеге асыруға келісімді растау.
Сондай-ақ:
Сондай-ақ әлеуетті жеткізуші Банк талаптарына сәйкес нақты іске асырылған функционалды растай отырып, ұсынылатын дайын шешімнің көрсетілімін өткізуі тиіс.
Банктің тендерлік комиссиясы әлеуетті жеткізушілердің ұсыныстарын қарауға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты әлеуетті жеткізушілерге немесе ұсыныстарды қарау және бағалау процесіне ресми түрде қатыспайтын өзге тұлғаларға ашпауға құқылы.
«Нұрбанк» АҚ Тендерлік ұсыныстар берген әлеуетті жеткізушілерді тиісінше хабардар ете отырып, Тендерлік іс-шараларды өткізуді болдырмауға не кейінге қалдыруға құқылы. Кейінге қалдырылған жағдайда Банк өткізудің жаңа күнін қосымша хабарлайды.
Әлеуетті жеткізуші Тендерлік ұсыныстарды қабылдаудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өз ұсынысын өзгертуге не кері қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкілінің қатысуымен не оның қатысуынсыз өткізілуі мүмкін.
Асылхан Нұрсая, +7 707 557 20 05, NAssylkhan@nurbank.kz
Абуханова Құралай, +7 707 789 42 52, KAbukhanova@nurbank.kz