Төлем карталары жөніндегі менеджер

Төлем карталары жөніндегі менеджер

Карталық бизнес
Көкшетау
Вакансияға жауап беру

Міндеттері:

  • Төлем карталары бойынша ұйымдардың жалақы жобаларына жаңа және қолданыстағы клиенттерді тарту, кәсіби кеңес беру, таныстырулар, потенциалды және қолданыстағы клиенттердің қызметін зерттеу арқылы олардың қаржылық қызметтерге қажеттіліктерін айқындау;

  • Банкоматтар мен POS-терминалдарды/Төлем терминалдарын орналастыру үшін жаңа серіктестерді іздеу және тарту бойынша жоспарлау;

  • Банкоматтардың/POS- терминалдарының/Төлем терминалдарының ағымдағы бақылауын жүргізу және оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;

  • Банкоматтарды/ POS-терминалдарды/ Төлем терминалдарын орнатуға серіктестермен жалдау келісімдерін жасау/ұзарту/бұзу процесін ұйымдастыру және серіктестер тарапынан міндеттемелердің орындалуын бақылау;

  • Міндетті және/немесе ұсынылған ақпараттық көрсеткіштердің, ілеспе жарнамалық материалдардың (егер олар көзделген болса) бар болуын бақылау;

  • Ұйымдардың қызметкерлеріне банк қызмет көрсету жөнінде келісімдер жасау;

  • Ұйымдар клиенттерін кеңес беру, төлем карталарын шығару үшін құжаттарды қабылдау және тексеру, халықаралық төлем картасын шығару/қайта шығару өтініштерін тіркеу және Банктің ішкі нормативтік құжаттарда көзделген басқа да өтініштерді тіркеу;

  • Банктің кешенді қаржы қызметтерін сатуды жүзеге асыру (соның ішінде мәмілелер жасау), банк клиенті, интернет-банкинг (Nur24), SMS-хабарлама сияқты "Жалақы" өнімі бойынша Банктің кредиттік төлем картасын қосып алғанда қашықтан банк қызмет көрсету;

  • Іскерлік хат алмасуды жүргізу.

Білім: 

  • жоғары қаржы/ экономикалық/ маркетингтік/ техникалық/ заңдық білім;

  • басқа жоғары білім;

Жұмыс өтілі:

  • банк немесе қаржы құрылымында жұмыс өтілі кемінде 1 жыл;
  • басқа жоғары білім болған жағдайда, банк немесе қаржы құрылымында жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Білімдер:

  1. мемлекеттік (ұсынылған) және орыс тілдерін білу;
  2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білу;
  3. барлық кеңсе бағдарламаларын білу және оларды қолдану дағдылары.
23.09.2024
Вакансияға жауап беру
PDF, DOC, DOCX немесе PPTX форматындағы файлды тіркеңіз