Банктің қаржылық қызметтерін анықтау мақсатында әлеуетті және қолданыстағы ШОБ клиенттерінің қызметін зерттеу арқылы жаңа ШОБ клиенттерін тарту үшін консультациялар, презентациялар өткізу;
Банк пен оның еншілес компаниялары ұсынатын қаржылық қызметтердің кешенді пакетін ШОБ қарыз алушыларына сату;
Қаржыландыру жобасының қаржы-экономикалық талдауын өткізу және сараптамалық қорытынды дайындау;
ШОБ қарыз алушыларының есепшоттарындағы қалдықтар мен айналымдарды талдау және олардың есепшоттарындағы айналымдар мен қалдықтарды ұлғайту үшін іс-шаралар өткізу;
Жобаларды қаржылық қадағалау жүргізу және Банктің ішкі құжаттарының талаптары мен бекітілген графикке сәйкес мониторинг есептерін дайындау, ағымдағы мониторинг есептері мен мерзімі өткен несиелер бойынша мониторинг есептерін несие комитеттеріне уақытылы ұсыну;
ШОБ клиенттеріне қарыз ретінде берілген қаражаттың мақсаты бойынша пайдалануын тексеру, ішкі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келу;