Банктік қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі – БҚО) жалпы басшылық жасау және филиал туралы ереже, ішкі нормативтік құжаттар мен Қазақстан Республикасы заңнамасының аясында тұрақты тиімді жұмысты қамтамасыз ету. Филиалдың және «Нұрбанк» АҚ (бұдан әрі – Банк) Бас кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерімен өзара байланысын қамтамасыз ету.
Банк өнімдері мен қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету. Депозиттік және операциялық қызмет көрсетудің сапасын ішкі нормативтік құжаттар мен қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес қамтамасыз ету.
БҚО несиелік портфелінің сапасын бақылау, несиелердің уақтылы жіктелуі, проблемалық қарыздар мен кепіл мүлкін қайтару жұмыстарын филиалдың Заң бөлімшесімен бірге бақылау.