Жеке тұлғалардың операциялық қызмет көрсету менеджері

Жеке тұлғалардың операциялық қызмет көрсету менеджері

Операциялық қызмет
Қарағанды
Вакансияға жауап беру

Міндеттері:

  1. Клиенттерге операциялық қызмет көрсету: жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға, VIP санатындағы клиенттерге, филиалдар мен өкілдіктердің заңды тұлғаларына, жеке кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына, жеке сот орындаушыларына, нотариустарға, адвокаттарға және кәсіби медиаторларға (әрі қарай – Клиенттер).
  2. Клиенттерге кеңес беру, оның ішінде Автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеде (әрі қарай – АБАЖ) операциялар жүргізу туралы кеңес беру.
  3. Клиенттің заңсыз алынған кірістерді заңдастыруға (жууға) және терроризмді қаржыландыруға қатысты бастапқы бағалауды жүргізу.
  4. Банктің операциялық күн жүйесінде клиенттердің банктік шоттары мен салым/депозиттерін ашу.
  5. Клиенттің өтініші бойынша АБАЖ жүйесінде банктік шоттарды/салымдарды жабу.
  6. Клиенттердің карточкаларын жүргізу, АБАЖ жүйесінде клиенттердің банктік шоттарын/салымдарын ашу және жүргізу.
  7. Төлемдер мен аударымдарды ұлттық және шетел валютасында жүргізу үшін Клиенттің нұсқаулықтарын/өтініштерін қабылдау, тексеру және орындау.

Білім:

  • жоғары /орта-арнайы білім;

Жұмыс өтілі:

  • БВҚ және Банктің операциялық бөлімшелерінде кемінде 6 (алты) ай немесе банктік құрылымда жалпы жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл.
13.12.2024
Вакансияға жауап беру
PDF, DOC, DOCX немесе PPTX форматындағы файлды тіркеңіз