Клиенттерге операциялық қызмет көрсету: жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, соның ішінде VIP санатындағы Клиенттер, филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғаларының, дара кәсіпкерлердің, шаруа қожалықтарының, жеке сот орындаушыларының, нотариустардың, адвокаттардың және кәсіби медиаторлардың (бұдан әрі – Клиенттер) қызметтері.
Клиенттерге кеңес беру, соның ішінде Автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеде (бұдан әрі – АБАЖ) операциялар жүргізу мәселелері бойынша.
Клиентті заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру тұрғысынан бастапқы бағалау жүргізу.
Банктің операциялық күні жүйесінде Клиенттердің банктік шоттары мен салымдарын/депозиттерін ашу.
Клиенттің берілген Өтініші негізінде АБАЖ-де банктік шоттар/салымдарды жабу.
Клиенттің карточкаларын тіркеу, банктік шоттарды/салымдарды АБАЖ-де ашу және жүргізу.
Ұлттық және шетел валюталарында төлемдер мен аударымдар жүргізу бойынша Клиенттің нұсқаулары/өтініштерін қабылдау, тексеру және орындау.
Білім:
жоғары білім;
Жұмыс тәжірибесі:
кемінде 6 (алты) ай БВҰ және Банктің операциялық бөлімшелерінде немесе банктік құрылымда кемінде 1 (бір) жыл жалпы жұмыс тәжірибесі.