Жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға, филиалдарға және заңды тұлғалардың өкілдіктеріне, жеке кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына, жеке сот орындаушыларына, нотариустар мен адвокаттарға (бұдан әрі - Клиенттер) есеп айырысу – кассалық қызмет көрсету.
Банк филиалының операциялық қызметіне қатысты Банкінің ішкі құжаттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, басқа да реттеуші және уәкілетті органдарының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын міндетті түрде білу және сақтау.
Клиенттерге ұлттық және шетел валютасында ресімделген кассалық құжаттарға сәйкес қолма-қол ақшаны қабылдау, санау, беру, айырбастау.
Екінші деңгейлі банктердің кассалық, бухгалтерлік бөлімшелерінде және басқа ұйымдарда жұмыс тәжірибесі кемінде 6 (алты) ай немесе "Нұрбанк" АҚ-та тәжірибеден (стажировкадан) өту кезінде 10 күннен 1 (бір) айға дейін жұмыс тәжірибесі болмауы мүмкін.