Міндеттері:
· Шағын және орта бизнеске (бұдан әрі – ШОБ) жаңа клиенттер тарту үшін консультациялар өткізу, презентациялар жасау, әлеуетті және қолдағы клиенттердің қызметін зерттеу арқылы олардың «Нұрбанк» АҚ (әрі қарай – Банк) ұсынатын қаржылық қызметтерге қажеттілігін анықтау;
· Іскерлік хат алмасуларды жүргізу:
- Банктің Бас офисінің (бұдан әрі - ББ) жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесімен/Филиалдың басқа бөлімшелерімен ШОБ клиенттеріне қызмет көрсету сапасын жақсарту және басқа мәселелері бойынша;
- ШОБ клиенттерімен қызмет көрсету мәселелері бойынша (соның ішінде міндеттемелерді орындамағаны туралы хабарлама жіберу);
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өз құзыреті шегінде;
- бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша басқа ұйымдармен/тұлғалармен;
- ШОБ қарыз алушыларына Банктің және оның еншілес компанияларының кешенді қаржылық қызметтер пакетін сату, оның ішінде коммерциялық кредиттеу, кепілдіктер шығару, заңды тұлғалардың депозиттерін тарту, қашықтан банктік қызмет көрсету, сақтандыру және басқа да қызметтер;
- Қаржыландыру жобалары бойынша қаржылық-экономикалық талдау жүргізу және сараптамалық қорытынды дайындау;
- ШОБ қарыз алушыларының шоттарындағы қалдықтар мен айналымдарды көбейтуді қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізу мақсатында ШОБ қарыз алушыларының шоттары бойынша қалдықтар мен айналымдарына талдау жүргізу.
Білімі:
- экономикалық/менеджмент/математика саласындағы жоғарғы білім.
Қаржы/экономика саласындағы арнайы орта білім.
Басқа да жоғарғы білім.
Жұмыс тәжірибесі:
- Банктік/қаржылық құрылымдарда/микро кредиттік ұйымдарда (кредиттік бөлімшелер) кемінде 6 (алты) ай.
Жоғарғы білімі басқа саладан болған жағдайда, банктік құрылымдарда/микро кредиттік ұйымдарда (кредиттік бөлімшелер) кемінде 1 (бір) жыл.