ПРЕСС-РЕЛИЗ
Алматы, 23 желтоқсан 2013 ж.
Жаңа жыл мен желтоқсандық демалыс қарсаңында «Нұрбанк» АҚ «Жылулықты сыйлайтын уақыт» акциясы аясында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға Disney студиясының «Мұзды өлке» анимациялық фильмінің дәстүрлі қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастырды. Акция аясында «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасы Қантар Орынбаев пен Алматы қаласының № 1 балалар үйінің 30 тәрбиеленушісі Essentai Mall сауда-ойын-сауық орталығында орналасқан Kinopark 11 IMAX 3D кинотеатрына барды.
«Жаңа жыл алдындағы уақытта тағдыр тауқыметі батпақ балалар, әсіресе, сыйлықтарды, ғажайыптарды және мерекелік көңіл-күй күтуде. Оларға ең керегі — отбасы жылуы, қарым-қатынас және ересек адамдардың қолдауы. Бүгін біз үлкен отбасы ретінде киноға барып, попкорн жеп, мультфильмнің сюжетін талқыладық. Жаңа жыл балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін аздап мейірімді және қуанышты болар деп үміттенемін. Мұқтаж адамдарға көмектесу қажет және мүмкіндік болса, ешқашан бей-жай қарамауыңыз керек» — деді «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасы Қантар Орынбаев.
«Мұзды өлке» мультфильмін көрер алдында балаларды жаңа жылдық сыйлықтар мен тағамдар күтті.
Жүзеге асырып отырған көптеген қайырымдылық және демеушілік жобалардың қатарында, «Нұрбанк» жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ерекше назар аударады. 2008 жылдан бері «Нұрбанк» ТК «КТК» арнасымен бірге балалар үйін қабылдау насихатына арналған әлеуметтік жобаның серіктесі болып келуде. Жобаның басты мақсаты – жетім балаларға жаңа отбасы табуға көмектесу. Г-н Орынбаевтың сөзінше, бұл бағдарлама қоғамның осы мәселеге назарын аударып қана қоймай, оны нақты шешуге ықпал етеді.
«„Үйге жол“ жобасының арқасында 2013 жылы 32 бала отбасын тапты» — деп қорытындылады г-н Орынбаев.
«Нұрбанк» АҚ баспасөз қызметі
тел. +7 727 2 599 710
e-mail: pr@nurbank.kz
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |