«Овернайт» депозиті

«Овернайт» депозиті

Қосымша ешбір әрекет жасамастан, бос жатқан қаражатты келесі күнгі таңертең кіріс болатындай етіп, бір түндік қысқа мерзімге орналастыру.
«Овернайт» депозиті

Преимущества

Пайыздар 1 түн үшін есептеледі
Ақша күн сайын жұмыс істейді
Онлайн орналастыру

Депозиттің шарттары

Валюта KZT

Салымды орналастыру

жұмыс күндерінде күн сайын*

Салымды орналастыру мерзімі 

12 айға жасалған Келісімшарт аясында 1 күнге.

Осы кезең ішінде Өтінішке қол қойылған күннен бастап өзінің ағымдағы шотынан  өзінің жинақ шотына Салымның сомасын аудару арқылы Салым күн сайын автоматты түрде орналастырылады. 
Мөлшерлеме 

 

15,0%**

Банк белгілейді және орналасқан әр күнге қатысты қолданылады (нарық жағдайына қарай өзгеруі мүмкін) 

 

Салымның ең төменгі сомасы  100 000 000 KZT

Салымның ең жоғарғы сомасы

1 000 000 000 KZT

Салымды күн сайын орналастыру мен қайтарудың тәртібі

  • күн сайын орналастыру, жұмыс күндері сағат 16:00-де (ағымдағы шоттан автоматты түрде есептен шығару)*** 
  • күн сайын қайтару, жұмыс күндері келесі күнгі сағат 08:00-де (ағымдағы шоттан автоматты түрде қайтару) 
  • Салым бойынша төленген сыйақыны күн сайын қайтару (болған жағдайда, салық салуды есепке алғанда) 

Шектеулер

  • қосымша жарналар қарастырылмаған
  • ішінара шығару қарастырылмаған
  • ағымдағы шотта қаражат болған кезде ғана орналастыруға мүмкіндік беріледі 

*Салым ашылған сәттегі бастапқы сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі Өтініште көрсетіледі және оны Банк күн сайын өзгертуі мүмкін. Кейінгі орналастырулар кезінде Салымшы Келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде Салымды орналастырудың әрбір күніне белгіленген сыйақы мөлшерлемесі бойынша Салымшының Жинақ шотына Салымның күн сайын орналастырылуына келісім береді. Салым бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін Банк www.nurbank.kz интернет-ресурсында және «Nur Business» жүйесінде орналастыру арқылы Салымшыға жеткізеді.

**Мөлшерлеме 22.04.2026 ж. № 49-17 КУАП хаттамасына сәйкес 01.05.2026 жылдан бастап 30.05.2026 жылға дейінгі (қоса есептегенде) кезеңде әрекет етеді.

***Салымшы жұмыс күндері күн сайын сағат 16:00-ге дейін ағымдағы шотта Өтініште көрсетілген сомадан кем емес қаражаттың болуын қамтамасыз етуі тиіс. Ағымдағы шотта қаражат болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда Салым орналастырылмайды. 

Қалай жұмыс істейді

«Овернайт» депозитін ашу
Қаражатты ағымдағы шотта орналастыру
Сағат 16:00-де автоматты түрде орналастыру
1 күн үшін сыйақыны есептеу
Келесі күні сағат 08:00-ге дейін қаражатты қайтару
Қаражат автоматты түрде қайта орналастырылады

Жиі қойылатын сұрақтар

Нұрбанкте заңды тұлғаларға арналған қандай мерзімді депозиттер бар?
  • «Оптималды» депозит
  • «Ыңғайлы» депозит
  • «Нұр-комфорт» депозит
  • «Овернайт» депозит
Заңды тұлғаларға арналған салымдардың қандай артықшылықтары бар?
  1. Ыңғайлы мерзімдер
  2. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер
  3. Шотты кез келген уақытта шектеусіз толтыру мүмкіндігі
  4. Қажетті соманы алу мүмкіндігі
  5. Ерте тоқтату кезінде тиімді мөлшерлемелер
  6. Клиентке жеке көзқарас
«Инвестициялық» депозитінің ең төменгі жарнасы қандай?

200 000 теңге, 2 000 АҚШ доллары, 2 000 евро

Егер менің бизнесім банкрот болса, менің салымым не болады?

Сіз депозитіңізді депозит шартына сәйкес кез келген уақытта ала аласыз

Қай салымнан мен ішінара алу жасай аламын?

Ішінара алулар «Оптималды» және «Ыңғайлы» салымдарынан мүмкін

Қай депозиттің ақша орналастыру мерзімі ең қысқа?

«Нұр-комфорт» депозитінде орналастыру мерзімі ең қысқа. Депозит мерзімі 1 күннен 28 күнге дейін.

Жеке кәсіпкер үшін салымдар бар ма?

Жеке кәсіпкерлер үшін «Оптималды» және «Ыңғайлы» салымдары қол жетімді

ШҚКД-дан заңды тұлғалардың депозиттеріне кепілдіктер бар ма?

Жоқ, ШҚКД-ның кепілдік нысандары жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің қаражаты болып табылады