Samsung Pay

Samsung Pay

Samsung Pay

Артықшылықтары

Жылдам
Әмбебап
Қауіпсіз
Офлайн жұмыс істеуі

Картаны смартфонға қалай қосуға болады

Samsung Wallet қосымшасын ашыңыз

Келесі жолға өтіңіз: «Барлығы» салымы → «Банктік карталар»

Картаны фотоға түсіріп алыңыз немесе деректерді теріп енгізіңіз 

Қызмет көрсету шарттарымен танысыңыз 

Банктен түскен SMS (БРҚ) арқылы растаңыз

Карта қосылған кезде, төлем жасауға болады

Қалай төлеуге болады

Смартфон

  1. Samsung Pay қосу үшін экран бетінде  төменнен жоғары жүргізіңіз немесе Samsung Wallet ашыңыз.
  2. Саусақ ізі, бет жүзі немесе PIN-код арқылы авторлау жасаңыз.
  3. Смартфонды терминалға жақындатыңыз да, операцияның расталуын күтіңіз

Galaxy Watch сағаттары

  1. Сағаттарға картаны алдын ала енгізіңіз және PIN-код қойыңыз.
  2. «Артқа» түймесін басып тұрып ұстаңыз.
  3. Сағатты терминалға жақындатыңыз да, операцияның расталуын күтіңіз.

Төлем жасау үшін құрылғыда NFC қосылып тұруы қажет. Сонымен бірге қол ізі, бет жүзді тану немесе PIN-код секілді экран бұғатына қатысты баптаулар керек.

Картаны қалай шығарып тастауға болады

Смартфонда

Samsung Wallet → «Карталар» қойындысы → картаны таңдап алыңыз → жоғарғы оң жақ бұрыштағы үш нүкте → «Картаны шығарып тастау».

Сағаттарда

Карталарды сағаттардан жоғарыдағы әдіспен, сонымен қатар Galaxy Wearable қосымшасы арқылы да шығарып тастауға болады

Nur24.kz қосымшасын жүктеп алыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Samsung Pay қандай сипаттарымен Samsung Wallet-тен ерекшеленеді?

Samsung Wallet – бұл банктік карталарды, билеттерді, рұқсатнамалар мен құжаттарды сақтауға арналған қосымша. Samsung Pay — Samsung Wallet ішіндегі төлем жасаудың технологиясы. Сіз дүкенде смартфон арқылы төлем жасағаныңыз – бұл Samsung Wallet-тегі  Samsung Pay болып саналады.

Samsung Pay арқылы қай жерде төлем жасауға болады?

Контактісіз төлем жасауға арналған терминал орналасқан кез келген жерде: дүкенде, кафеде, көлікте, сондай-ақ Samsung Pay белгісі қойылған сайттарда.

Төлем жасау үшін не қажет?

NFC енгізілген және NFC қосылған Galaxy құрылғысы, Samsung Wallet қосылған кемінде бір карта, төлем жасаған сәтте авторлау әдісі (саусақ ізі, жүз немесе PIN-код) бапталған және бұғаттан шығарылған экран. Сағат көмегімен төлем жасау үшін қосылған карта мен бапталған PIN –код қажет.

Сауда жасаған кезде, Samsung Pay арқылы төлем жасау қауіпсіз бе?

Иә. Токендеу амалын қолданыңыз: карта деректері құрылғыда сақталмайды және сатушыға берілмейді. Төлем токендері  Secure Element-тің операциялық жүйе үшін де, басқа да қосымшалар үшін қол жетімді емес оқшау ауданында сақталады, ал оның қорғанысын Samsung Knox платформасы қамтамасыз етеді. Әрбір транзакция саусақ ізімен, кодпен немесе бет жүзін тану арқылы расталады.

Samsung Pay-ды интернетсіз пайдалануға бола ма?

Иә. Дүкендерде төлем офлайн түрінде жұмыс істейді – картаның деректері құрылғыда, шифрланған сипатта сақталады. Интернет жаңа картаны қосу үшін немесе ақпаратты жаңарту үшін ғана керек.

Бұғаттағы картаны қосуға бола ма?

Жоқ. Сервиске қосу үшін банктік карта белсенді күйде болуы тиіс.

Қандай құрылғылар Samsung Pay-ды қолдайды?

Иә. Смартфондар мен NFC енгізілген және бұғаттау бапталған экраны Samsung Galaxy бар ақылды сағаттары. Қолдану алдында Samsung Wallet қосымшасының өзекті нұсқасының қосылғанына көз жеткізіп алыңыз. 

Картаны қоса алмаған кезде не істеу керек?

Samsung Wallet қосымшасының өзекті нұсқасының орнатылғанына және құрылғының контактісіз төлемді қолдайтынына көз жеткізіп алыңыз. Егер мәселе шешілмесе, онда Банктің Байланыс орталығына жүгініңіз.